|
|
Бүгін
30.07 (10:34) Футбол. "Ақтөбе" - "Хапоэль" 1:0
30.07 (10:30) Бала денсаулығын нығайту 30.07 (10:28) Жабайы базар 30.07 (10:26) Орал қалалық жұқпалы аурулар емханасына түсуші қалалықтар қатары көбеюде 30.07 (10:24) Аптап ыстықтың салдары 30.07 (10:23) Отандық авиация білікті мамандарға зәру |
|
«Үкімет тарапынан киноға қолдау керек»Киноны дамытуға себеп жасау керек. Кореяда телеарналарға, кинотеатрларға, шамамен 70-80 пайыз корей тіліндегі фильмдерді көрсетесіңдер деп талап қойған. Сол арқылы олардың киносы дамыды. Ал, бізге неге сондай заң жасамасқа? Неге кез-келген кинотеатрдың қожайынына 70 демей-ақ қояйық, 20-30 пайыз қазақ киносын көрсет деп талап қоймасқа?! Бізде қазір бір пайыз да жоқ қой?! Егер бір жылда осынша қазақ киносын көрсетпесең, осынша пайыз ақша айыппұл төлейсің десе, фильм жасауға мәжбүр болады. Алайда мұндай заңдарды өткізу оңайға түспейді. Өйткені, кез-келген бизнесменнің парламентте өздерінің жеке мүддесін қорғайтын бір-бір адамы отырады. Бірақ, тіл мәселесі сияқты, бұл мәселені де алға қою керек. Өйткені, біз ойлаймыз, киноны көріп, көрермен демалады деп, тек қана олай емес. Киноны көріп, көрерменнің санасы, менталитеті, көзқарасы қалыптасады. Жастардың кейіпкері Шварцнегер болса, онда не болады? Мемлекет кино, театрды «Мәдени мұра» сияқты бағдарламаға енгізгенде, бұл мәселе шешілер еді. Бірақ көлеңкеде қалып қойды. «Көшпенділерге» 37 миллион доллар жұмсалды ма, ал барлық фильмдерді ретке келтіруге соның 2-3 миллионы жетер еді. Ал сол фильмдерді реттеп көрсетсек – ол біздің ұлттық байлығымыз, көп нәрсе ұтар едік. Оны ешкім ойламайды. Кинотанушы ретінде бұл мені қатты қынжылтады. Өз фильмдерімізді сараптайтын бір республикалық фестиваль қажет «Шәкен жұлдыздары-2006» кинофестивалінің мақсаты - қазақ киносына, оның ішінде жастар шығармашылығына ықпал жасау. Жалпы, бірінші, екінші фестивальдардың форматы онша анық болған жоқ, өйткені бірінші фестивальға соңғы бес жылда түсірген фильмдер қатынасты, оның ішінде жас режиссерлар да болды, аты-шулы «жаңа толқынның» режиссерлары да болды. Оған қарағанда 3 және қазіргі өткелі отырған 4-ші фестиваль нақты өзінің бір форматын тапқан сияқты, өйткені тек қана жастарға арналған. Өйткені өзіңіз білесіз, тағы да «Еуразия» кинофестивалі өткізіледі. Сол сияқты ТМД елдерінде басқа көптеген фестивальдар бар ғой, солардың ішінде Бұл кинофестивальдің ерекшелігі - тек жастарға арналған. Өткен жолы осы Алматы қаласының бауырлас қалалары арқылы шыққан көп елдер болды. Ал, биылғы өткізілмек кинофестивальда Еуропа елдері, оның ішінде ТМД елдері бар, Испания, Чехия, Израиль, Үндістан, Түркия елдері режиссерларының жақсы фильмдерін көрсету, сараптау жоспарда бар. Сол арқылы әр елдің киноларымен жүздесу танысу – бірінші мақсат, ал екінші мақсат – сол фильмдер арқылы өз деңгейімізді білу, қазақ режиссерларының, қазіргі Темірбек Жүргенов өнер академиясында оқып жүрген студенттердің және тырнақалды жұмысын жасаған режиссерлардың деңгейі қандай екен, соны білу. Бұл өте жақсы фестиваль деп ойлаймын. Шынында да киноның келешегі жастар ғой! «Шәкен жұлдыздары» кинофестивалінен жүлде алған режиссерлар – Рүстем Әбдірашев, Серікбол Өтепбергенов сынды азаматтар екінші фильмдерін түсіріп жатыр, Ардақ Әмірқұловтың шәкірті Нариман Төребаев, Гүлшат Омаровалар басқа да халықаралық кинофестивальдерге қатысып, жүлде алып жүр. Серікбол Өтепбергенов, Рүстем Әбдіраш, Гүлшат Омарова, Абай Құлбаев сияқты көп-көп жақсы режиссерлар бар. Ал қазылар алқасы мәселесіне келсек, көбінесе оның құрамы халықаралық болып тұр. Қазақстаннан тек мен ғана. Мүмкін ол дұрыс та шығар. Фестиваль осымен екінші рет халықаралық статус алды. Бұл да жақсы, бірақ, өзімнің халықаралық фестивальдарға онша көңілім толмайды. Өйткені бізге өз фильмдерімізді сараптайтын бір республикалық фестиваль қажет. Өйткені әр елдің фильмдерін жинап аламыз, ал жүлделердің бәрін шетелдік қонақтар алып кетеді. Соңғы фестиваль тіпті кеңес дәуіріндегі фестиваль сияқты болып кетті, жүлделердің бәрін Ленинград пен Мәскеу алды. Ол кезде фестивальға мен сарапшы ретінде қатысқанмын. Барлық фильмдерді көрдім. Жүлде алатын фильмдер швед, испан, жапон фильмдері еді. Бірақ бәрін Ресей кинематографистері алып кетті. Кейде, өкінішке орай, біздің фестивальдерге саясат араласып кетеді, бұл дұрыс емес. Ал бұл жолғы өткізілейін деп отырған «Шәкен жұлдыздары-2006» IV халықаралық кинофестивалі жастарға арналғандықтан, оған саясат араласпайды деп үміттенемін. Саясатпен фестиваль жасауға болмайды. Мысалы «Еуразия» фестивалін халықаралық болуына өз басым қарсымын. Өйткені ол бәрібір шығармашылық деңгейде емес, саяси деңгейде өткізіліп жатыр. Мысалы, Иранның шахы «Фестивальдардың фестивалі» деген фестиваль өткізген еді. Онда Еуропада, басқа да континенттерде өткен фестивальдарда бас жүлде алған фильмдерді өз еліне, өз көрермендеріне көрсеткен. Міне, осындай мақсаттағы фестивальдердің пайдасы көбірек болар еді. Ал, дүниежүзінде қаншама фестиваль бар. Ал олармен үзеңгі қағыстыру үшін, шынымен халықаралық деңгейге жетуі үшін көп уақыт керек, көп қаржы керек. Ұйымдастырушылар комитеті, дирекция жыл бойы жұмыс істеу керек. Мысалы, «Шәкен жұлдыздары» фестивалі жыл бойы жұмыс істеп жатыр. Мына фестиваль бітсе, келесі фестивальдің жұмысына кіріседі. Ал, «Еуразия» фестивалінің ұйымдастырушылары фестивальге 2-3 ай қалғанда ғана жұмыс бастайды. Бұл дұрыс емес, жыл бойы жұмыс істеу керек. Ұйымдастыру жағынан көп кемшіліктердің орын алуы – осы мәселеге байланысты болып отыр. Бұл кинофестивальді өткізуге Білім және ғылым министрлігі де демеу көрсетуге тиіс Былай қарағанда бір айда екі фестиваль өтіп жатады. «Шәкен жұлдыздарына» жастар қатынасады да, Еуразия фестиваліне белгілі режиссерлар қатынасады. Екі фестиваль да бір-біріне кедергі жасамайды, қай жағынан алғанда да екеуінің мақсаты екі түрлі. Бірақ енді қаражатқа келсек, ол түсінікті, «Еуразия» кинофестиваліне үкіметтен көп қаражат бөлінеді, ал, «Шәкен жұлдыздарына» аз, сол жағы кішкене шешілсе жақсы болар еді. Өйткені бұл фестивальға өткен жылы Питер Гинуэй сынды режиссер келіп, мастер-класстар өткізді. Жалпы бұл фестивальдің ең ұтымды жері – біздің Өнер академиясының студенттеріне ылғи мастер-класстар өткізеді. Осы фестивальға қатысқан барлық режиссерлар фильмдерін көрсетіп, шығармашылығы туралы әңгіме-сұхбат жүргізеді. Бұл өте пайдалы, оның үстіне тегін. Келесі жетіден бастап осы фестивальға келетін режиссерлардың фильмдерінің бәрін осы Өнер академиясында көрсетеміз. Өйткені олармен мастер-класс өткізгенде студенттер дұрыс сұрақ қоюға, танысуға дайын болу керек. Мен ойлаймын, осы фестивальға тек Алматы әкімшілігі ғана емес, Білім және ғылым министрлігі де демеу жасаса, дұрыс болар еді. Фестиваль жаңалығы Мен жюри мүшесі болғандықтан, сараптау комиссиясының құрамында болған жоқпын. Ал жалпы, биыл байқауға 300-400 фильм қатысқан, соның ішінен 45 көркемсуретті фильм таңдалыпты. Оның 7-уі толықметражды, 38-і қысқаметражды фильм. 19 деректі фильм, 16 анимациялық фильм. Бұл фильмдерге қойылатын басты талап – фильмнің шығармашылық деңгейі, яғни өзінің айтар ойын режиссер жеткізе алды ма, актер қалай ойнады, оператор қалай түсірді, осының бәрі негізге алынады. Мұнда саяси, тақырыптық шектеулер жоқ. Меніңше, бұл өте дұрыс шешім. Өйткені кейбір кинофестивальдер тақырыпқа арналғандықтан, тақырыпқа арнап түсірген фильмдер жүлде алып жатады да, шынайы шығармашылық деңгейі жоғары фильмдер көлеңкеде қалып қояды. Ал, «Шәкен жұлдыздары» фестивалінің басты мақсаты сол - жас таланттарды, жас режиссерларды тауып, келешекте қолдау жасау. Бұл фестивальда жүлде алған режиссерлар қазір көркемсуретті фильмдер түсіруге кірісіп жатыр, түрлі фестивальдерге қатысып, танылып жатыр. Серікбол Өтепбергенов деген режиссер қысқа метражды фильмнен бас жүлде алған еді, енді толықметражды фильм түсіргелі жатыр. Бірақ оның бәрі видеофильмдер ғана болып отыр, бізге пленкаға түсірген форматтағы кинолар да қажет еді, алайда ол өте қымбат болғандықтан жастардың оған мүмкіндігі болмай отыр. «Орамал тон болмайды» дегендей, жалпы жүлде қоры 10 мың долларды құрап отыр және арнайы «Шәкен жұлдыздарының» мүсіншесі болады. Меніңше, бұл өте аз, өздеріңіз білесіздер, басқа кинофестивальдерде бұлай емес. Осы фестивальдың жаңалығы – қазылар алқасының, дирекцияның келісімімен бір жеңімпаз режиссер таңдалып, оған келешекте кино түсіруге 10 мың доллар беріледі. Мультфильм мен кино – пайданың көзі Бізде киноға «жаңа қазақтар», яғни бай-қуатты азаматтар жақсы көңіл бөлмей жатыр. Бірақ кейбіреулер оның пайдалы бизнес екенін түсінді. Кинотеатрлар жанданып жатыр, ал содан олар көп пайда көреді. Бірақ олар бір-ақ нәрсе түсінбейді – халық ертең шетелдік кинолардан жалығады. Оларға өз елі туралы ұлттық кинолар керек болады. Мысалы, «Қыз Жібек», «Менің атым Қожа» фильмдері осы күнге дейін көрермендерді қызықтырады ғой. Олар ешқашан өлмейді. Кешегі «Код до Винчи» сынды фильмдерді кейін ұмытып қаласың, сондықтан бизнесмендер киноның шығуына, кинотеатрларда көрсетілуіне, осы «Шәкен жұлдыздары» сияқты фестивальдерге демеуші болу керек. Тағы бір түсінбейтінім, қазақ кәсіпкерлері мультфильмдерге мән бермейді. Егер мультфильмді бейнетаспаға шығарсаңыз, кез-келген отбасы сатып алады ғой. Әркімнің үйінде бала бар. Неге олар ақшаны «Көшпенділер» сияқты үлкен жобаға жұмсағысы келеді? Ол түсінікті, бірақ олар кейде өзін-өзі ақтамай жатады. Ал балаларға арналған мультфильмдер қаржы жағынан өзін-өзі ақтайды. Қазақ киноларының сапасы төмен Қазір біздің 90-шы жылдарға дейінгі көп фильмдеріміздің «негативтері» мен «позитивтері» Ресейде сақталған. Өйткені ол жерде сақтауға мүмкіншілік бар. Оларды біз сатып алуымыз керек те, көбейтуіміз керек. Әр көшірмені сатып алуға 1-2 мың доллар кетеді. Қазір демеушілер табылып, осы мақсатта жұмыс істеп жатыр. Өкінішке орай, қазақ киноларының сапасы төмен. Кейбір фильмдерді көрсеткеннен көрсетпеген жақсы деп айтар едім. Қап-қараңғы, бұлыңғыр, ешкімді қызықтырмайды. Ал бұл киноны екінші мәрте көруге көрерменнің ықылысы болмайды. Сол себепті сапасы жақсы, мастер-көшірмесін жасап, тиражын көбейтіп шығару керек. Ал, негізінен Үкімет тарапынан қолдау керек. Үкіметіміз үлкен қателік жасады, кинотеатрларымыздың бәрін жекеменшікке беріп қойды. Оларға енді «қазақ киносын көрсет» деп айта алмайды. Сол себепті ең құрығанда Алматы мен Астанада бір-бір үкіметтік кинотеатр болса, соларда қазақ кинолары мен дүниежүзілік классиканы көрсетуге болады ғой. Сол арқылы көрермендерді өнерге тәрбиелеуге мүмкіншілік алар едік. Ал қазір бізде ондай мүмкіншілік жоқ. Мәтінді мұнда қойыңыз Последние новости рубрики
21.03 (16:26) «Қара домалақтар тасқыны» немесе демографиялық дүмпу
31.01 (11:57) “Күтпеген жерден қыс түсті» 27.07 (10:58) Ғылым мәртебесі 21.06 (13:10) Тіл жолы 07.05 (08:35) "Біздің басты байлығымыз - ұлтаралық татулық" 06.04 (11:47) "Бағалы қағаздар" жолы 22.02 (17:09) Патриоттық құны |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||