|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
Лоббистік мүддеҚазақстанда 5000 мың адамға бір адвокаттан келеді екен. Ал АҚШ-та 300 адамға бір қорғаушы. Қазақстан адвокаттары одағының төрағасы Әнуар Түгелдің айтуынша мұндай жағдайға аттестациялқ комиссия себепкер болып отыр. Оның үстіне «адвокаттар қызметі туралы» жаңа заңжобасының Парламентте жатқанына 1 болды. Мұнда, сөзсіз лоббистік мүдделер тоғысқан. Жаңа заң адвокаттардың процессуалды құқықтарын кеңейтеді. Адвокаттар азматтардың құқығы мен бостандығының күзетшісі! Әрине, бұл құқық қорғау органдарының құзырлығына үлкен әсер етеді. Соның ішінде әсіресе прокуратураның, ІІМ, ҰҚК және қаржылық полицияның құзырлықтарын айтуға болады. Олар қылмыстық істі тексеру барысында мықты тәуелсіз адвокатармен жұмыс істегілері келмейді. Сондықтан да бұл заң жобасы өте баяу және ауыр жүруде. Ол Парламентте бір жылдан бері талқылануда. Елбасы 2005 жылы өз жолдауында бұл заңжобасына саяси қолдау көрсетсе де Парламентте де Үкіметте де, Президент әкімшілігнде де үлкен пікір таластар толастар емес. Елбасы қылмыстық сот үрдісінде адвокаттардың мәртебесін көтеру керектігін айттты. Ол бұл жөнінде «Отан» партиясының съезінде де атап өткен еді. Соған қарамастан «күштік» құрылымдар бұған қарсылық танытып-ақ отыр. Олар өз жұмыстарына адвокаттардың кедергі жасағанын қаламайды. Сондықтан да осылайша қатал қарсылық көрсетуде. Адвокат қылмыстық сот өндірісінде прокурормен тең құқықта болуы керек! Ал қазір адвокат сұраушының күнін кешуде. Өйткені прокурор ол Африкада да прокурор. Ол қалағанын істейді! Ал шын мәнісінде қорғаушы мен прокурордың жұмысы бәсекелі, жарысты болуы керек.Жалпы, Үкімет заңжобасын дайындау барысында жобаны барлық күштік құрылымдарға келісу мақсатында таратады. Ал онда кедергі келтіретін, адвокаттардың құқығын өсіретін нормалар алып тасталынады. Содан Парламентке іші қуыс, боп-бос заң жобасы келіп түседі! Алғашқы заңды қабылдағаннан бері бес жыл бойы талай рет оған өзгертулер енгізуге әрекет жасалды. Бірақ ол өкінішке қарай сәтсіз аяқталып келді. Мұндай әрекет 2-3 рет болды. Ол керісінше адвокататтар құқығының одан бетер шектелуіне әкеп соқты. Ал қазіргі заңжобасы принципиалды ұстанымда қалды. Ол тіпті, көрдіңізбе депутаттар арасында да үлкен пікірталастар туғызды. Тіпті, жер кодексін талқылау барысында да мұндай шиеленістер болған емес. Ал онда Үкімет отставкаға кетіп тынғаны есіңізде. Сондықтан мұнда аса принциптік мәселелер талқылануда. Бұл заң жобасының деңгейі Әрине бұл заңжобасын идеалды заң деп айтуға бомайды. Бір өзгертумен барлық мәселені шешу мүмкін емес. Сондықтан бұл біз үшін стратегиялық заң жобасы. Болашақта өзгертулер кезең-кезеңмен енгізілетін болады. Бұған белгілі бір уақыт керек. Бұған әлі бірнеше заңжобалары дайындалуы тиіс. Қазір адвокаттар мемлекетке тәуелді. Ал адвокат тәуелсіз болуы шарт! Ал бүгінде ол әділет министрлігі тарапынан тәуелді. Ал мемлекет осы министрлік арқылы адвокаттарды басқарып отыр. Егер, мысалы бір адвокат ұнамай қалса, әділет министрлігі одан лицензиясын алып қояды. Адвокат өзінің принципиалды ұстанымын ұстаса болды, оған мемлкет осы лицензия арқылы ықпал етеді. Тегін заңды көмек Тегін білікті заңды көмек дегеніміз не? Егер істі болсаңыз, егер ақшаңыз жоқ болса, республкалық бюджет қаржасы арқылы адвокат жалдай аласыз! Бұл қағида қазір де бар. Мұнда басты мәселе, ол авдокаттарды таңдау мүмкіндігінің болуы. Қазір ауылдық жерде авдокаттар жетіспейді. Біздің елімізде 5000 мың адамға бір адвокат екен. Ал Ресейде 2000 адамға бір адвокат, АҚШ-та 300 адамға бір адвокат. Бұл нені білдіреді? Мемлекет құқықты болған сайын адвокатқа деген сұраныс арта түседі. Ал бізде құқықтық нигилизм орнаған. Сұраныстар жоқ. Дегенмен ол қазір бірте-бірте артуда. Өйткені экономкалық реформа жақсы дамуда. Үлкен кәсіпкерлер қауымы пайда болды. Үкімет тарапынан бұл қауым толқынды түрде басқарылуда. Содан үлкен нормативтік актілер көбеюде. Қарапайым адамға оны түсіну өте қиын. Сондықтан заңгерлер керек. Ал әділет министрлігі жылына 3-4 рет аттестацияық комиссия жинайды. Кімнің адвокат, ал кімнің адвокат болмауы керектігін солар шешеді. Бұл түбірімен дұрыс емес. Ал ауылдағы адвокат Астанаға келуге, мұнда апталап жатып комиссияның шешімін күтуге қалтасы көтермейді. Сондықтан елімізде осы аттестациялық комиссияның кесірінен адвокаттар жетіпейді. Біз осы лицензиялауды алып тастаса екен дейміз. Сонда көптеген мәселе шешіледі. Әйтпесе адвокаттар жетеді. Оларға кедергі болып отырған осы лицензиялау шарасы. Ауыл адвокаты Адвокаттардың ауылға бармайтын себебі онда ақша жоқ. Клинеттер жоқ. Ал клиентердің барлығы дерлік Аллматы мен Астанада. Ал адвокаттар ауылға бару үшін оларға қандай да әлеуметтік-экономикалық жеңілдіктер берілуі тиіс. Үймен, кеңсемен, жәрдемақымен көмек берілуі тиіс. Болашақта мұндай мәселелер шешіледі деген үміттеміз. Последние новости рубрики
21.03 (16:26) «Қара домалақтар тасқыны» немесе демографиялық дүмпу
31.01 (11:57) “Күтпеген жерден қыс түсті» 27.07 (10:58) Ғылым мәртебесі 21.06 (13:10) Тіл жолы 07.05 (08:35) "Біздің басты байлығымыз - ұлтаралық татулық" 06.04 (11:47) "Бағалы қағаздар" жолы 22.02 (17:09) Патриоттық құны |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||