Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 1407    Танымдылық: Орташа рейтинг : 10.00 Қайдан 3 Дауыстар   
15 Қараша, 2006 16:00 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы]

"Біз соттық тергеуге көшуіміз керек"


Еліміздің сот саласындағы реформалар қаншалықты атқарылып жатыр? Бүгінгі таңда қазақстандықтар әділ сотқа ие бола алды ма? Осы және өзге де сауалдар бойынша сайт тілшісі Жоғары сот кеңесінің мүшесі, сот жүйесін реформалау және құқық қорғау органдары жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Мақсұт Нәрікбаевпен сұхбаттасқан болатын.

Біздің жасаған реформаларымыз қаншалықты жұмыс істеп жатыр? Қазақстан халқының сот саласындағы жасалып жатқан реформаларға көңілі тола ма? Және ең бастысы, біздің халқымыз әділ сотқа бүгінгі таңда толық ие бола алды ма? Мінеки, сот саласында көптеген мәселелердің бар болғандығынан да, Елбасы демократияландыру жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысына осы тектес мәселелерді қойып отырғандығы бекерден бекер емес! Яғни, біздің мемлекетімізде, бүгінгі таңда сот жүйесіндегі проблемалар түгелдей шешелді деп айта алмаймыз. Сондықтанда мен осы жұмыс тобын басқарып отырмын. Бұл жұмыс тобы мемлекеттік комиссияда есеп беріп, жасалған жұмыстардың қорытындысы бойынша Елбасына өз ұсыныстарын беріп отыр. Енді осы ұсыныстарға келетін болсақ, біз оны екіге бөлдік. Біріншісі – Ата-заңға өзгертулер енгізбестен сот жүйесіне қандай өзгерістер енгізуге болады? Екінші мәселе – ол Ата заңға өзгеріс енгізу арқылы сот жүйесіне реформа жүргізу. Ал бұл халыққа қажетті ме, әлде қажетті емес пе? Мінеки, осындай мәселелер.
Енді мына Конституцияны өзгертпей-ақ осы сот жүйесін тәртіпке келтіру мәселесіне келетін болсақ, Жоғарғы соттың өзі де, Үкіметте үлкен жұмыс жасады деп есептеймін. Әсіресе , Жоғарғы соттың өзі осы сот жүйесі, сот деңгейі, сот мәртебесі сынды заңдарға біршама өзгерістер енгізді. Сол жобаларды өздері жасап, үкіметтен, депутаттардан қолдау тапқызып өткізіп жатыр. Соның ішінде сот системасының, әсіресе істерді қарағандағы ашықтығы, халыққа сол сот шешімнің жетуі, ақпарат құралдары болсын жалпы сот жүйесіндегі компьютерлік техникаларды қолдану арқылы халыққа сол сот үрдісіндегі айтылған сөздерді, жасалған істерді жеткізу. Мінеки, осындай көптеген шаруалар жасалып жатыр. Және тағы да айта кететін дүние, алдағы жылдың бірінші қаңтарынан бастап жаңа заң күшіне енеді. Ол мына алқа билердің қатысуындағы сот үрдісі. Ол заңның да негізін мен басқарған жұмысшы тобы өткен жылы анау ұлттық комиссияның негізінде жасаған болатын. Сонымен қатар сот жүйесі, жаңа процессуалдық өзгерістер жөніндегі жаңа заң қазір Парламентте қаралып жатыр. Мұны да мына біздің қазіргі Жоғарғы соттың жасап жатқан еңбегі, солардың қосқан үлкен үлесі деп білуіміз керек. Бірақ та айта кету керек, Жоғарғы сот пен сот жүйесіндегі кейбір мамандарымызбен біздің жұмысшы тобының ұсыныстарында бірәз айырмашылықтар, келіспеушіліктер бар. Ол осы реформа жөнінде. Соның ішінде мынау біздің жұмысшы тобы ұсынған Ата заңды өзгерту арқылы ғана шешілетін дүниелер. Оны мемлекеттік комиссияда қолдады. Біріншіден біз айыптаушы мен қорғаушының арасындағы әңгіме деңгейі, дәлелдеу деңгейі арқылы мына сот шешімінің әділ болатындығы тек қана біріңғай сот тергеуіне көшу арқылы ғана мүмкіндік болатындығы туралы ұсыныс жасап отырмыз. Қазіргі кезде бізде алдын ала тергеу деген бар. Одан кейін сот тергеуі бар. Яғни, тергеудің өзі, тіпті үшке бөлінеді деп айтса болады. Мына тергеудің алдында тексеру деген болады – оны орысшада «дознание» деп атайды. Ол енді кішігірім, аса қиын емес істер. Сол тексерудің қорытындысы бойынша да сот шешімін қабылдап жататын кездер де бар. Ал бірақ, негізінен, қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу біткеннен кейін, оны прокурор бекіткеннен кейін ол сотқа келіп түседі. Содан сот тергеуі басталады. Яғни, бүгінгі таңда, сот тікелей алдын ала тергеудің материалдарымен тікелей байланысты. Сонда сот, қарап отырсаңыз, «Сот тергеуі» деп аталғанымен өзінше тергеу жүргізе алмайды. Ол сол алдын ала тергеудің материалдарын тексереді. Ал тексеру менен тергеу жүргізу бұл екі бөлек дүние.
Сондықтан да біздің ұсынып отырғанымыз, ол мына қамау мәселесін прокуратурадан алып сотқа беру. Өйткені ол халықаралық стандарттарға сай келемейді. Бұл еуропа елдерінде бар ал бізде неге жоқ. Біз соны енгізу керек дейміз. Ал егер біз Конституцияға келетін болсақ, ондағы 84-ші бапқа сәйкес, біздің сот жүйесі, сот пен прокуратура тергеуден аластатылған! Олардың тергеу жүргізуге құқығы жоқ. Көрдіңіз бе. Яғни тергеу жүргізуге құқығы жоқ болғандықтан ғана, біздің сот системасының қазір тек қана алдын ала тергеу материалдарын тексеруге ғана құқы бар. Сондықтан да біздің ойымызша, болашақта бұл, асықпай жасалатын дүние. Мынау алдын ала тергеу институтын жою керек. Жаңағы «дознание» деген институтты қалдыру керек. Сол алғашқы тексеріс біткеннен кейін ол материалдарды сотқа беру керек. Мынау Европадағы, Америкадағы, Үндістандағы, Пәкістандағы және тағы көптеген мемлекеттердегі сияқты бүкіл тергеу жұмысы, қылмыстық істер бойынша шындыққа жету жұмысы сотта жатуы керек. Әрине ол әр мемлекетте әр түрлі болады. Соттың судьясы, прокуроры болады. Істі қарайтын судья бөлек болады. Мысалы айыптаушы-прокурор айыптау жағынан дәлелдер жинайды. Ал ақтаушы - ақтау жағынан дәлелдер жинайды. Кейін сол екі жақ толық тыңдалып болғаннан кейін ғана әділ шешім қабылданады. Ал қазір бізде ондай емес. Соңғы әділ шешімді, үкім шығармады демесек, сотқа дайындап әкеліп қойған жаңағы алдын ала тергеу органдары! Олар өз қорытындыларын жасайды. Прокурор айыптау қорытындысын бекітеді. Сот сол материалдарды ғана тексереді. Содан барады да кейде, сот істі қайта тергеуге жіберіп, содан кейбір істердің жылдап созылып жататыны, сөйтіп адам құқығының бұзылып жататындығы бар. Ал егер де жаңағыдай тек қана біріңғай соттық тергеуге көшетін болсақ, онда сот бір-ақ мәселені шешеді: айыпты ма айыпты емес пе?
Айыпты десе, айыптау үкімін шығарады, жаза тағайындайды. Ал айыпты болмаса, немесе күмәнді дүние болса, онда ақтау үкімін шығарады. Ал қазіргі кезде кейде ақтау үкімін шығару қажет болса да, судьялар сол «аш бәледен қаш бәле» деген қағидамен істі қайта тергеуге жіберіп сөйтіп адам құқығы бұзылып жатады.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


go-go одесса | чехол для ipad 2 | электронные сигареты в Москве
©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.4946 & 14 Сұрау