Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 1349    Танымдылық: Орташа рейтинг : 1.50 Қайдан 4 Дауыстар   
12 Желтоқсан, 2006 17:55 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы]

"Әліпбилік" саясат


Қазақ халқы өз тарихында бірнеше әліпбиді басынан өткерген екен. Сол үшін Латын әліпбиі де бізге таңсық емес. Дегенмен дәл қазір осы жазу үлгісіне көшу аса қажет пе еді? Қазақстанның халық жазушысы Мүхтар Шахановтың айтуынша қазір қазақ ұлты үшін ең басты мәселе - ол тілді сақтап қалу. Өйткені халқымыздың жартысы өз тілінде сөйлей алмайды.

Әліпбилдік саясат
Тағы да тарихқа үңілелік. Бұрын қазақ халқы араб әліппесін қолданған. Ал Голощекиннің тұсында араб әліпбиінен латын әліпбиіне ауыстырылды. Мен «Желтоқсан» көтерілісін тудырған түпкі себептер туралы кезінде комиссияның тұжырымдамасын әзірлеткем. Бірақ ол тұста жариялау мүмкін болмады. Тұжырымдамадан алдырылып тасталды. Ал мына баспадағы кітабыма енгіздім. Голощекиннің Сталинге жазған хаты бар. «Мына қазақ халқында зиялы қауым бар. Олардың кейбіреуілері өрелі адамдар. Біз сол топқа сатқын интелигецияны қарсы қояюымыз керек. Сөйтіп алдыңғы топты ұлтшылдықпен айыптап, аттырып тастаймыз! Кейін екінші топтың да көзін жоямыз. Ал содан кейін жазуын мына араб әліпбиінен латын әліпбиіне ауыстырамыз. Артынша оны кирилицаға ауыстырамыз! Сонда бұл халық өзінің тарихын түпкі көздерден оқу мүмкіндігінен айрылады» - деген. Сталин «Бұл өте дұрыс шешім» деп жауап қайырған. Ал енді, латын әліпбиі керек. Өйткені қазір біздің жастарымыз, халқымыз компьютерді меңгеріп жатыр. Міне осы шара тұрғысынан алып қараған кезде мұның артықтығы жоқ. Әл-Фараби бабамыз 76 тілді білген. Көне жазуларды да меңгеруіміз керек, мүмкіндік болса. Латын әліпбиін, тіптен қытай әліпбиін меңгерсек те бізге артық емес. Бірақ дәл қазір осы мәселені көтеру орынды ма? Қазір қазақ үшін ең басты мәселе не? Тілді сақтап қалу кере емес пе! Осы латын әліпбиіне көшу мәселесін қосарландыра көтерсек, жұрт алдымен тілді үйрене ме, жоқ мына әліпбиді үйрене ме? Яғни бұны да біреу қулықпен шығарып отыр. Бұл да саясат. «Мыналардың басы қатсын» деп отыр. Өйткені қазақтың зиялы қауымының бірәзі «Ойбай бұл өте қажетт» деп отыр. Нақ бір соған барсақ ұлттық мүддеміз сақталатындай талпынып жатыр. Дұрыс, латын әліпбиіне ешкім қарсы емес. Бірақ қазір қазақ халқының тең жарамынан астамы өз тілінде оқи алмайды, жаза алмайды ғой! Сонда олар латын әліпбиін үйрене ме, өзі екі ауыз сөзді үйренуге ерініп жүрген кезде.


Жол серік файл

Көшірілді : 462
Файлдың көлемі : 3498 kb

Көшіру



Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.6166 & 13 Сұрау