Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 1240    Танымдылық: Орташа рейтинг : 6.29 Қайдан 7 Дауыстар   
25 Желтоқсан, 2006 17:57 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы]

«Біздің мақсат - бұйығы мекемеге жан бітіру»


Жазушылардың арасында туындаған дау басылмай тұр. Қазақстан Жазушылар Одағының келіспеушілігін тудырған мәселе – Алматыда қалалық Жазушылар Одағының құрылуы. Олардың айтуынша, бұл – «үй ішінен үй тігу». Ал жаңа Одақтың құрылуын «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының міндетін атқарушы Бейбіт Қойшыбаев өте дұрыс деп есептейді...

"Жазушылар Одағы - еліміздің елдік мәселелерін талқылап, оған биліктің де, халықтың да назарын аударатын, жалпы ел санасатын ұйым болады деп есептеген едік"


Жазушылар Одағы Кеңес Одағының идеологиялық бөлімі ретінде 1934 жылы құрылды. Содан бері ол жарты ғасырдан астам мемлекеттің саясатын жүргізіп келді, жазушылар өздерінің көркем шығармашылығы арқылы коммунистік партияның идеяларын жүзеге асыруға ықпал етті. Сол себепті де Жазушылар Одағын Үкімет қаржыландырды. Алайда оның бәрін жалаң насихат деп айтуға болмайды, ол халықтың санасына отаншылдық, ұлттық сезімдерді сіңіруге бағытталған шығармалар болатын. Жарты ғасыр солай өтті. Одан кейін қайта құру саясаты болды, кейін тәуелсіздік алдық. Сол уақытта Жазушылар Одағында да үлкен өзгерістер де орын алды. Жазушылар Одағы бюджет тарапынан қаржыландырмайтын қоғамдық ұйым ретінде құрылды. Осы орайда қиындықтар туды. Кеңес кезінде жақсы өмір сүріп, Үкіметтің алақанында жүріп дағдыланып қалған жазушылар бұған көндіге алмай, немқұрайлылыққа салынды. Өкінішке орай, жаңаша бейімделуге тырыспады, реформа жасауға тырысқан әрекеттердің бәрін жоққа шығарумен айналысты. Кеңестің соңғы кезі мен тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде мен Жазушылар Одағында Жазушылар Одағы басқармасының хатшысы болып жұмыс істегенмін. Сол кездегі реформаға менің қатысым болды, яғни жазушылар өмірлеріне бұрын-соңды болмаған өзгерістер енгізді. Жазушылар Одағының ешқашан өз жарғысы болған емес. Кеңес одағы тұсында кеңестік Жазушылар Одағының жарғысымен жұмыс істейтін. Ол бойынша, жазушылар өз съезіне жиналғаннан кейін басқармаға жасырын дауыс беретін. Басқарма ашық дауыспен өзінің хатшыларын сайлайтын. Ал біз жаңа заманда тұңғыш рет, мүмкін жалғыз рет болар, Жазушылар Одағының басшысын талқылап, тікелей дауыс беру арқылы сайладық. Тұңғыш рет Жазушылар Одағының республикалық жаңа жарғысы қабылданды. Кеңес тұсында Кеңес Одағының әдеби қоры деген болатын, Қазақстанда соның қазақ бөлімшесі жұмыс істеген еді. Біз жаңа заманға орай оны Қазақстан әдеби қоры деп қайта құрдық. Тәуелсіздік заманында жазушылардың екі қоғамдық бірлестігі өмірге келді. Олар: Қазақстан Жазушылар Одағы қоғамдық бірлестігі және Қазақстан әдеби қоры қоғамдық бірлестігі. Екі қоғамдық бірлестік біздің жазушылар үшін қызмет етті. Бірақ, олар бір-бірінің қызметін қайталамау керек, сондықтан қызметтестік туралы келісім-шарт жасаған болатынбыз. Соның негізінде Қазақстан Жазушылар Одағы шығармашылық жұмыстарға, қоғамдық-саяси жұмыстарға көңіл бөлетін болады. Яғни ол, бір қарағанда, екінші парламент сияқты жұмыс істеуге тиіс еді. Яғни ол еліміздің елдік мәселелерін талқылып, оған биліктің де, халықтың да назарын аударатын, жалпы ел санасатын ұйым болады деп есептеген едік. Ол бір. Ал, Қазақстанның әдеби қоры соның жұмысына материалдық база жасайтын мекеме болады деп ойладық. Шаруашылықты жүргізіп, жазушылардың әлеуметтік, тұрмыстық жағдайымен айналысуға тиіс болатын. Сол жұмысты жүргізу үшін біз әдеби қорға Абылай хан даңғылының бойындағы Жазушылар Одағының ғимаратын бердік, Исатай Тайманов көшесінде жанында үлкен бағы бар Шығармашылық үйі деген болатын - оны бердік, Алматы облысында алма бақ бар еді – оны бердік, Астанадан Шығармашылық үйін саламыз деген мақсатта арнайы жер алынған еді – оны бердік, енді олар шаруашылықпен, кәсіпкерлікпен шұғылданып, Жазушылар Одағының саяси-қоғамдық шығармашылық жұмыс істеуіне жағдай туғызу керек еді. Өкінішке қарай, 1996 жылы жаңа басшылық келді. Ол бірден сол жаңа реформаны кері кетірумен, кері төңкеріс жасаумен шұғылданды. Қалай? Бірінші, жазушылардың өз басшысын тікелей сайлау құқынан айырды. Яғни бұрынғы Жарғыны аяқсыз қалдырып, жойып, мүлдем жаңа жарғы қабылдады. Сөйтіп, ол бойынша, бірінші басшыны сайламайтын болды. Съезде 70-80 адамға тізім оқып береді, осы адам басқарма мүшесі болсын деп ұсыныс жасайды. Сол адамдардың жартысынан астамы қол көтерсе, сайланып кетеді. Міне, мұның арты сайланушының астыртын, жасырын дауыс беруді ұйымдастыруына әкеп соқтырды. Ал, қалған 700-дей адамның даусы далада қалады. Міне, осындай кері кетіру ісімен шұғылданды. Содан соң олар әдеби қорды жоюды қолға алды. Оған қол жеткізді де. Ол үшін таза ведомстволық сыбайластық арқылы, заңға кереғар әрекеттерді пайдаланды. Сөйтіп әдеби қордың еншісіндегі барлық шаруашылық нысандарын өз қарамағына алды. Содан кейін олар қитұрқы, ешкімге есеп бермейтін, коммерциялық ұйымға айналып шыға келді. Сол кездегі қала басшысы оларға 19 жылға тағы да қосымша көтерме сауда базарын сыйлаған. Ал бұл жөнінде жазушыларға есеп беріп жатқан ешкім жоқ. Ең жаманы, өзінің жарғылық міндетін орындаған жоқ, ол бойынша әр төрт жылда жазушылардың съезі өтуге тиіс. 2000-шы жылы съезд шақырылған жоқ, 2002-ші жылы сәуірде әрең дегенде шақырды, онда да сценарий бойынша өтті. 2006 жылдың сәуір айында съезд өткізу керек еді, әлі шақырылған жоқ. Міне 8 айдан бері олардың істеп отырған жұмыстары заңсыз болып есептеледі. Егер өркениетті, заңды мойындайтын адам болса, бұл жұмыстардың заңсыз екенін білу керек, ал мемлекеттік, қоғамдық мекемелер заңсыз мекеме ретінде олармен жұмыс істеуден тартыну керек. Өкінішке орай, оған мән беріп жатқан ешкім жоқ, оған бәрінің бойлары үйреніп алған. Ал өз тараптарына айтылған сынға төзбейді, бәрін билеп отырмыз, кереметпіз деп есептейді. Ең арғысы олар өздерінің жарғысы бойынша елдің мүддесін көздейтін, үлкен мәселелерді талқылайтын бірде бір пленум өткізген жоқ. Бірде бір елдік мәселелер, атап айтсақ жазушыларға өте жақын, жиі айтылатын тілдік мәселелер, графиканы ауыстыру мәселелері бірде-бір рет талқыға түскен жоқ. Рас, мен түк істелмей жатыр деп айтпаймын. Жазушыларға байланысты бірқатар іс-шаралар атқарылып жатыр, алайда олардың өздерін қолдайтын белгілі бір топтар бар. Ал, негізгі шаруаны – жазушылардың қоғамдық орнын төмендетіп алды. Соған байланысты бірқатар жазушылардың наразылығы бар. Мысалы республикада 700-дей Жазушылар Одағының мүшесі болса, оның 3-тен екісі Алматыда тұрады. Ал Жазушылар Одағы айналдырған 5-10 жазушымен жұмыс істейді. Сол себепті біраз жазушылар ақылдаса келе, бұлай болмайды, ортақ идея төңірегінде бірігіп, жұмыс істейік деп шештік. Күресе - күресе шаршадық, бәрібір «заңсызсың, бұларың дұрыс емес» дегенмен, ештеңе өзгермейді. Сол себепті біз бірнеше жазушы бірігіп, Жазушылар Одағы қалай жұмыс істеуі керек екенін көрсетейік деп, Алматы қалалық Жазушылар Одағын құрдық. Ақылдасып, кеңесіп өз жарғымызды дайындадық. Алғашқы құрылтайшылық жиналысымызды өткіздік. Сол жиналыстан кейін Жазушылар Одағы мойындап, көмектесу керек, еді, керісінше, өте қарсы тұрып, «үй ішінен үй тігу» дегенді айтып, өзінен-өзі жау тауып жүр. Меніңше бұл дұрыс емес. Өйткені бұрын, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Жазушылар Одағының көптеген ұйымдары болатын. Фантасттар ұйымы, Ақын қауымдастығы, орыстардың қауымдастығы, корейлердің қауымдастығы деген сияқты толып жатқан ұйымдар болды. Біз Жазушылар Одағы, көмектестік, бәріміз де Жазушылар Одағының мүшесіміз, жұмыс істеймін десе орын бердік, стөл, орындық, машинка, телефон бердік. Базар экономикасына бейімделіп жұмыс істеймін дегендерге қолдау көрсеттік. Олардың басын қосып түрлі мәселелерді талқылап, конференция өткіздік. Яғни Жазушылар Одағының ішінде бірнеше бірлестіктер мен ұйымдар құруға заңымыз мүмкіндік береді. ҚР қоғамдық бірлестіктер туралы заңы бар. Ал басшылық ауысқан кезде, барлық қоғамдық бірлестіктер жабылып қалды, тек пенклуб қана қалды. Енді Жазушылар Одағынан оны да шығарамыз деп отыр. Ал оның Одаққа ешқандай зияны жоқ, керісінше 30-40 жазушының басын біріктіріп, жағдайын жасайды, сыйлықтар береді, шетелдерге шығарады, мүддесін қорғайды. Біздің ойымызша, Қазақстан Жазушылар Одағы Алматы қалалық Жазушылар Одағының құрылуына қарсы болмай, бірге келісім-шарт жасасып, жұмысты бөліп істеуге талпыну қажет еді. Керісінше, олар бұған төзбей отыр, меніңше Қазақстан Жазушылар Одағы басшылығы төзбестік, монополистік, тоталитарлық ахуал қалыптастырып алған сыңайлы.


«Біз жұмыс істеп көрсетеміз»


Алматы қалалық Жазушылар Одағы немен айналыспақ дегенге келсек... Біздің бастамашыл топқа енген жігіттер белгілі бір қаржылық топтармен қатынас жасап жатыр, яғни демеушілер тарту үстінде. Сондай-ақ біз мемлекеттен грант алуға қол жеткізуіміз керек. Белгілі бір жобаларға қатысып, тек қана мемлекеттік қана емес, қоғамдық, халықаралық ұйымдардан да грант алуға болады. Жазушылар Одағының қатысуға тиіс шаруалар өте көп, мысалы балалар тәрбиесі, балалар әдебиетін жасау сынды мәдени бағдарламалар бойынша жұмыс істеп, грант ұтып алуға болады. Әрине, сондай-ақ мүшелік жарна деген болады. Қаржы табу үшін әртүрлі кештер өткізіп, көрмелер мен саудалар жүргізуге болады. Жалпы, игеру қажет мәселелер көп. Авторларымыздың құқығын қорғау, олардың шығармаларын насихаттау үшін көп тірліктер атқаруға болады. Мысалы шетелде әдеби агенттіктер көп. Ал бізде жоқ. Оны ойластыру керек. Әрине, әзірге бәрі идея, сөз жүзінде ғана, өйткені әлі тіркеліп үлгерген жоқпыз. Алайда, қажет материалдарды, құжаттарды дайындап жатырмыз, құдай қаласа, жақын арада заң бойынша тіркеуден өтеміз. Біз, жұмысты бастамас бұрын, ең алдымен Қазақстан Жазушылар Одағымен келіссөздер жүргіземіз, Жазушылар Одағының ғимаратынан орын алуға тырысамыз. Өйткені ол жазушыларға 49 жылға берілген ғимарат, сондықтан Жазушылар Одағының мүшесі болғандықтан, біздің ол жерде жұмыс істеуімізге толықтай құқығымыз бар деп есептеймін. Аталмыш ғимарат өте үлкен, кеңселік бөлмелер көп болғандықтан, сол жерден орын берсе, жұмысымызды бастап кетеміз деп ойлаймын. Ал, «Қазақ әдебиеті» газеті, «Жұлдыз», «Простор» журналдарына сол ғимараттан орын алу – одан кейінгі шаруа. Жалпы, біздің мақсатымыз, Алматы қалалық Жазушылар Одағының мақсаты – бәсекелестік туғызу, жұмысты жандандыруға тырысу. Өйткені Жазушылар Одағы бұйығы, жабық, ешкім білмейтін тым-тырыс мекемеге айналды. Жазушылар Одағы ондай болмай керек, жазушылар о бастан қоғамдық қозғалыстың алдында жүрген болатын. Алаш қозғалысының басында да жазушылар мен публицисттер жүрді. Кеңес Одағы құлағанға дейін жазушылардың белсенділігі жоғары болатын. Қазір жағдай өзгерді, қазір алдыңғы қатарға саясаткерлер шықты. Жазушылар ұмытылып қалды, оларды ешкім елемейді де, ескермейді де, менсінбейді де. Жазушылардың беделін қайтару үшін Жазушылар Одағының жұмысын жандандыру керек. Яғни жұмыс істеп көрсету керек. Біздің Одақтың құрылуындағы мақсат сол. Ал, Қазақстан Жазушылар Одағы заңсыз жұмыс жүргізіп жатса, оған жазушылар үндемесе, онда әрі қарай қызметін атқара берсін. Жазушылар Одағының қолында мемлекет берген үлкен ғимарат бар, жазушылардың беделін пайдаланып түрлі жұмыстар жүргізуге болады, байлық бар, басқа да жылжымайтын мүліктері бар, енді оларға тек қана ынта, адал көзқарас, шын пиғыл керек.


«Қазақ әдебиеті» – жазушылардың газеті


Алайда ол тек жазушылардың арасында қалмау керек, жазушылардың ойы халыққа жету керек. Ол үшін ел сүйіп оқитын газетке айналу керек. Бір кездері солай да болған, қазір деңгейінің сәл түсіп кеткен жайы бар. Сындар айтылып жүр. Бұл орайда көп нәрсе істесек деген мақсаттарымыз бар. Сол себепті жаңа жылдан бастап жаңа бағыттар ашпақ ойдамыз. Оның бәрін уақыт көрсетеді. Жалпы, «Қазақ әдебиеті» газеті қоғамдық ойдың алдында тұратын, елдің , ұлттың мүддесін ойлайтын, елдің асыға күтетін газеті болу керек деп ойлаймын.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.3777 & 14 Сұрау