|
|
Бүгін
30.07 (10:34) Футбол. "Ақтөбе" - "Хапоэль" 1:0
30.07 (10:30) Бала денсаулығын нығайту 30.07 (10:28) Жабайы базар 30.07 (10:26) Орал қалалық жұқпалы аурулар емханасына түсуші қалалықтар қатары көбеюде 30.07 (10:24) Аптап ыстықтың салдары 30.07 (10:23) Отандық авиация білікті мамандарға зәру |
|
Соттық мәртебеСудьяларды аттестациялау керек пе? Сот реформасы жөніндегі Мемлекеттік комиссия бұл пікірді қолдайды. Өйткені аттестациялаудың арқасында сот жүйесінде жемқорлық азаяды. Ал Жоғарғы соттың төрағасы Қайрат Мәми аттестациялауға түбегейлі қарсы. Оның айтуынша бұл судьялардың тәуелсіздігіне нұқсан келтіреді! Судья үшін не қымбат? "Мен Жоғарғы соттың төрағасы ретінде судьяларды жалпылама аттестациялауға қарсымын. Себебі бүгінгі таңда судьялар тұрақты мерзімге, яғни белгілі бір жасқа жеткенше тағайындалады. Неге? Тұрақты мерзімге тағайындау арқылы біз судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз етеміз. Ал егер ертең, жалпылама аттаестацияны енгізіп, сол аттестацияның қорытындысы бойынша судьялар жұмысынан алынып, лауазымынан түсіп жатса, мен ойлаймын, ол, судьялардың тәуелсіздігіне нұқсан келтіреді. Әсіресе, егер сол аттестациялау комиссиясының құрамына судьялардан басқа құқық қорғау органдарының мүшелері кіретін болса, бұл, судьяның тәуелсіздігіне тікелей қол сұққандық болып табылады. Ал мен бүгінгі судьяларды аттестациялау не үшін керек десем, қарсы уәж ретінде бүгінгі таңдағы қызмет істеп жүрген судьялардың бәрінде дерлік білім деңгейі, кәсіптік деңгейі әруақытта жоғары емес» дегенді айтады. Ол уәжбен мен келісемін. Мүмкін расында да біздің бүгінгі таңда қызмет істеп жүрген судьяларымыздың бәрі бірдей өте жоғары деңгейде кәсіпқой маман емес шығар. Аттестациялау арқылы оларды тазалап алу керек деген уәжде дұрыс болар. Судьяны бастан.... Дегенмен мен айтар едім, бізге судьялардың кәсіптік деңгейін олар судья болып тағайындалғанға дейін тексеру керек! Мысалы әділет біліктік комиссиясы немесе Жоғары сот кеңесі жұмыс істеп жатыр. Олар судьяларға судьялық мандат берердің алдында, судьялыққа лайық деп ұсыныс жасағанда, сол кезде тексеру керек олардың білім деңгейін. Енді тағы оған қоса айтарым, Қазақстан судьяларының төртінші съезінде Елбасы тапсырма бергеннен кейін біз жақында «Судьялар және соттардың мәртебесі туралы» заңымызға өзгеріс енгіздік. Соған байланысты бүгінгі таңда Жоғары соттың жанынан «Сот қазылар алқасы» деген орган құрылатын болады. Ол білікті деген жеті судьядан тұрады. Егер кейбір судьялар жыл сайын сапасыз жұмыс істеп жатса, сот жюриі олардың білімдік деңгейін тексеруге құқылы болады. Егер сот алқасы олардың білімдік деңгейін судьялық талапқа лайық емес деп тапса, олар судьяны орнынан алуға, немесе ауыстыруға құқылы деп ойлаймын. Мерзім мен сапа Жоғары сот немесе Жоғары соттың басшылары азаматтық істер мерзімін одан әрі қысқартуға қарсы деген әңгімені мен бірінші рет естіп отырмын. Негізінде азаматтық істер жүргізу кодексінің 174-ші бабына сәйкес азаматтық істер сотқа түскеннен кейін екі ай мерзім ішінде қаралып, шешім шығарылуы тиіс. Ал кейбір істер бойынша мысалы әлимент өндіру немесе жеке азаматтардың лауазымдық тұлғамен, органдармен таласқан істерінің мерзімі бір ай. Жалпы мына сайлау кезінде болатын іс, сайлау құқын бұзған істер одан да тез мерзімде, біреуі 10, басқасы 3 күннің ішінде қаралуы тиіс. Яғни азаматтық істерді қарау жөнінде нақты мерзімдер белгіленген. Ия, ұсыныстар болған, «барлық істер бір ай мерзімде қаралсын» деген. Бұған қарсы пікір айтатын себебіміз, істер дайындалуы керек, одан кейін сапалы түрде қаралуы керек. Жаңағы бір ай мерзім, істерді дұрыс та сапалы түрде қарап, заңды шешім қабылдау үшін берілген. Ал жалпы айтатын болсақ, біздің республика сотының тәжірибесінде осы істерді қарау мерзімі негізінен сақталады. Ал басқа елдерде, мысалы европа елдерінде істі қарау мерзімдері бір жыл әйтпесе одан да көп. Жалпы азаматтық істерді жүргізу заңдарында олардың іс қарау мерзімі нақты айтылмаған. Оған қарағанда мен ойлаймын, біздің қазақстандық тәжірибе көш ілгері. «Қайта тергеу жүйесін алып тастау әлі ертерек» Соттарда соттардың істерді қайта тергеу яғни қосымша тергеу құқын жою жөнінде. Бұл мәселемен мен жалпы заңгер ретінде келісімен. Бірақ бүгінгі таңда ол әлі пісіп жетілмеген мәселе деп ойлаймын. Өйткені бүгінгі таңда соттар қандай жағдайда істерді қайта тергеуге жіберіп жатады? Алдын ала тергеу кезінде немесе анықтама жүргізген кезде тергеушілер кейбір кемшіліктерді жіберіп қойса, сол кемшіліктердің орнын толтыру үшін істер қайта тергеуге жолданады. Ал егер біз заңды түрде заңға осындай өзгеріс енгізіп істерді қайта тергеуге жолдау құқығын жоятын болсақ, жаңағыдай кемшіліктердің орны толмаған кездері сот міндетті түрде мұндай істер бойынша ақтау үкімін шығаруы тиіс. Әрине бұл бір жағынан алғанда дұрыс та болар, бірақ онда қоғамдық пікірде, тергеушілер де прокуратура да соған сай болуы керек. Одан кейін «мына судьялар немесе соттар мынадай іс бойынша асығыс шешім қабылдап ақтау үкімін шығарды» деген айыптаулар болмауы керек. Ал бүгінгі таңда, мысалы, адам өлтірді деген күдікпен қылмыстық іс қаралып жатыр делік. Істің материалдарына қарағанда оның кінәсі дәлелденген сияқты. Ал бірақ тергеуші кейбір куәлерді (салақтығынан немесе әдейі сұрамады) мысалы қолданылған пышақты экспертизаға жібермей істі сотқа жібере салды. Сот, судья істі қарап тұрған кезде жаңағы сотталушы адвокатының ұсынысы бойынша жаңағы кемшілікті анықтады. Ол кемшілікті анықтау үшін соттың өз тергеуінде ондай экспертиза жасау құқығы жоқ болса, оны тек алдын ала тергеу кезінде жасалуы керек болса, бірақ соттың қайта тергеуге жіберу құқығы болмаса, сот басқа дәлелдемелерге қарамастан осындай кемшіліктердің себебінен ақтау үкімін шығаруға мәжбүр болады. Сондықтан бізде алдын ала тергеудің немесе анықтама жүргізудің сапасын әбден түзеп алмай, соттардан істерді қайта тергеуге жіберу құқын алып тастау әлі ертерек деп санаймын. "Сот тергеуін енгізу - кешенді мәселе " Сот тергеуі бүгінде бар. Сол сот тергеуінің шекарасын анықтап алуымыз керек. Мысалы бүгін қылмыстық іс сотқа келіп түскенде, сот мәжілісі жүріп жатқанда судья кейбір мәселелерді анықтау үшін алдын ала тергеу жинақтаған фактілердің ауқымында өзінше тергеу жүргізеді. Бұл сот тергеуі деп аталады. Ал жаңағы комиссияда қойылып отырған мәселелердегі сот тергеуін мен ойлаймын ол ең басынан қылмыс анықталғанан бастап сотта судьяның қасында тергеуші болуы керек. Сол сот тергеуін жүргізу керек деген ұсыныс болар деп ойлаймын. Мен бұл мәселеге жалпы оң қараймын. Дұрыс шығар. Бірақ бұл кешенді түрде өткізілетін мәселе. Онда бұл бүкіл алдын ала тергеу институтының, анықтама жүргізуші институттардың, прокуратураның, прокуратура институтының бәрін бірдей реформа жасап барып қана жететін мәселе. Олар бәрі бір-бірімен өте тығыз байланысты. Егер прокуратураға, сотқа, судьяға сот тергеуін жаңағыдай тереңірек тергеуді беретін болсақ, онда оны Ата заңның 84—ші бабын өзгертпей оны бәрібір жасай алмаймыз. Өйткені сол бапқа сәйкес тергеу және анықтама органдары соттан және прокуратурадан бөлек болуы керек. Бүгінгі таңда солай. Мен ойлаймын, бұл бүгінде бір жанып тұрған мәселе емес. Болашақта реформаны әрі қарай тереңдетер болсақ, оған баруға болады. Өйткені, мысалы, бұрын ертерек кезде мына жасы 16-ға толмаған балалар қылмыс жасағанда, әйтпесе кейбір аса ауыр қылмыстық істер бойынша, кейбір категориялар бойынша тергеу прокуратура органдарында болатын. Әдетте прокуратура органдарында өте білімді, сапалы тергеушілер жинақаталатын да ол істер бойынша сапалы тергеу істері жүргізілетін. Одан кейін сапалы тергеу болғандықтан сотқа да ол істерді қарау жеңілдеу болатын. Егер бұл өзгеріс жай ғана өзгеріс емес сапаға ауысатын өзгеріс болса мен конституцияның осы бабына өзгеріс енгізуге қарсы емеспін. Сайлау мен тағайындау Бүгінгі таңда соттар және судьялардың мәртебесі туралы конституциялық заңымыздың 19-шы бабында анық көрсетілген. Жоғарғы соттың судьяларын жалпы Сенат сайлайды, тұрақты мерзімге. Бүгінгі таңда Жоғарғы сот - 48 судьядан, оның ішінде төраға және алқа төрағасынан тұрады. Қалған 46 судья бойынша біз бүгінгі Жоғары соттағы белгіленген тәртіп бойынша біздің Жоғарғы соттың жалпы отырысының регламенті бойынша және осы алқаларға тиісті істердің қаншалықты екеніне байланысты менің ұсынысыммен, яғни Жоғары сот төрағасының ұсынысымен Жоғарғы соттың жалпы отырысы әрбір алқа судьясының санын, мысалы Азаматтық алқа 12 адам, Қылмыстық алқа 18 адам, Бақылау алқасына 20 адам, әйтпесе 17 адам, деп белгіліп аламыз. Сосын менің ұсынысым бойынша ол азаматтарды әр алқаға тиісті судья ретінде мамандығына байланысты Жоғары соттың пленаралық мәжілісі өзі сайлайды. Ашық дауыспен. Жалпы кез келген судьяның, оның ішінде аудандық соттың судьяларының екі жылда немесе қайбір мезгілде ауысып тұруына мен қарсымын. Өйткені оның себебі біз бүгін айтып кеттім. Судьялар бізде тұрақты мерзімге тағайындалады. Ол тұрақты мерзімге тағайындалудың басты себебі - судьялардың тәуелсіз болуы! Ертең жалтақтамай бір жыл немесе екі жылдан кейін оларды қайта сайлап, әйтпесе қайтадан сайлау кезінде «сен ана істі менің айтқаныма тыңдамай былай шештің» деген секілді тәуелсіздігіне қол сұғушылықтар болмас үшін ол тұрақтылық мерзімге тағайындалған. Ал егер біз аудандық соттың судьяларын немесе басқа соттың судьяларын екі жыл сайын немесе үш жыл сайын қайта сайлап отыратын болсақ, ол біздегі судьядардың тәуелсіздігіне және алаңдамай әділ шешім шығаруына нұқсан келтіреді. Ал бүгінгі таңда заң бойынша аудандық соттың төрағалары бес жылда бір рет қайта сайланады. Ал аудандық соттың судьялары тұрақты мерзімге тағайындалған. Ал бірақ өмір болғаннан кейін әр түрлі жағдайлар болады. Кейбіреулер отбасы жағдайына байланысты қоныс аударады. Ондай жағдайда олар бүгінгі тәртіп бойынша, мысалы Алматы мен Астанада бос орын болған кезде байқауға қатысып жұмысқа орналаса алады. Ал оларды қайта-қайта сайлауға мен қарсымын". Последние новости рубрики
21.03 (16:26) «Қара домалақтар тасқыны» немесе демографиялық дүмпу
31.01 (11:57) “Күтпеген жерден қыс түсті» 27.07 (10:58) Ғылым мәртебесі 21.06 (13:10) Тіл жолы 07.05 (08:35) "Біздің басты байлығымыз - ұлтаралық татулық" 06.04 (11:47) "Бағалы қағаздар" жолы 22.02 (17:09) Патриоттық құны |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||