Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 1227    Танымдылық: Орташа рейтинг : 5.55 Қайдан 11 Дауыстар   
22 Ақпан, 2007 17:09 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы]

Патриоттық құны


"Ұлы Отан соғысы", "Ауған" соғысы және басқа да жергілікті соғыстарға қатысқан жауынгерлердің мәртебесі бірдей болуы тиіс"! Бұл "Ауғандықтардың "Ардагерлер туралы" заңжобасына енгізген ең басты талабы. Ауғаныстан және жергілікті соғыстар ардагерлері Одағының төрағасы Шәріпбай Өтегенов 10 жылдан бері талқыланып келе жатқан бұл заңжобасы мүмкіндігінше тезірек қабылдануы керек дейді.

Патриоттық құны



«Соғыс барлық жерде бірдей»

Бізде Президенттің жарлығымен 1995 жылы енгізілген бірқатар жеңілдіктеріміз бар еді. Оны Үікімет 1999 жылы алып тастап, орнына 1,5 мың теңгелік жәрдем ақы енгізді. Бұл бұрынғы жеңілдіктерге қарағанда 3-4 есе кем еді. Біз мұны баспасөз мәслихаттарында ашық айтып жүрдік. 1,5 мың теңге деген ешнәрсеге жетпейді. Он жыл болды «Ардагерлер туралы» заңның талқыланып жатқанына. Әлі қабылданған жоқ. Егер оны тағы бір-екі жылға созатын болса біздің Ұлы Отан соғысына қатысқан ата-аналарымыздың біреуі де қалмайды. Бізде шайтан емеспіз, мың жыл жасайтын. Барлығы кетіп жатыр. Сондықтан бұл заңды тезірек қабылдауымыз керек. Бүгінде Қазақстан бойынша Ұлы Отан соғысына қатысқан ең жас ардагерлердің өзі 80-нен асты. Қазір барлығы 25 мың ғана ардагер қалыпты. Соғысқа кезінде 1 миллион 200 мың қазақстандық қатысып, олардың 650 мыңы ғана елге аман-есен оралған еді. Қазір міне, 25 мың ғана қалып отыр. Ал «Ауған» соғысының ардагерлері 22 мыңнан астам болатын, ал қазір 17,5 мың ғана қалды. Бұл көп емес. Қазақстанымыз қазір дамып келе жатыр. Экономикалық жетістіктерге қол жеткіздік. Сондықтан Үкімет біздің жігіттеріміздің де жағдайын көтеруі тиіс. Қазір Парламентте арнайыжұмыс тобы құрылған. Оның жетекшісі Валерий Котович деген депутат. Жұмыс тобының құрамында «Ауғандықтар» Одағынан басқа да бірқатар қоғамдық ұйымдардың төрағалары мен өкілдері бар. Мысалы «Семей» және «Чернобыль» қозғалыстары.


«Біздің ұсынысымыз біреу»

«Ұлы Отан соғысының ардагерлері», «Ауған» соғысының ардагерлері» деп бөлінбесін! Кеңес заманында кеңестік жауынгерлер мен офицерлер 14 мемлекетте өзінің интернационпалдық борышын өтеген. Барлығымыздың мәртебеміз бірдей болсын! Өйткені соғыс, ол барлық жерде соғыс. Төгілген қан барлық жерде бірдей. Сондықтан қаралап жатқан заңда осы талаптар орын алуы керек.


Қайнауы бітпеген заң

Бұл заң 10 жылдан бері талқыланып келеді. Мына ұсыныстарымызды біз бұрынна айтып келе жатырмыз. Қазіргі заң жобасында бұл ұсыныстарымыз орын алған. Қазір жұмыс тобының екі отырысы өтті. Тағы да бас қосып, жобаны бір жүйеге келтіріп, қаржы жағын анықтап болып, Үкіметте жолдарымыз деген үміттеміз. Депуттардың барлығы дерлік бізді қолдап отыр. Заңжобасының Үкіметте де қолдауға ие болып, қаржымен қамтамасыз етіліп, қабылданып кететіндігіне сеніміміз мол.


Боздақтар мәңгі жадымызда 

Біз кезінде әр облыс бойынша да осындай кітап шығарғанбыз. Енді міне республикалық деңгейде шығарып отырмыз. Боздақтарымыздың аттары жазылған бұл кітаптың тұсауы өткен жылы қыркүйек айында кесілген. Елбасы қолын қойды. Кітап 2000 данамен шықты. Бірақ бұл өте аз. Өйткені патриоттық маңызы, мәні бар мұндай кітап қазақстанның барлық мектептерінде сақталуы тиіс. Бұған дейінгі кітабымызда 721 боздақтың аты бар еді. Бірақ кейін зерттеу жұмыстарын жүргізу нәтижелерінде боздақтардың санын 924-ке көтердік. Осы кітапта сол боздарымыздың барлығы бар.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.516 & 14 Сұрау