Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 5473    Танымдылық: Орташа рейтинг : 3.81 Қайдан 137 Дауыстар   
20 Наурыз, 2007 14:27 ["МТРК" телеарнасы, Петропавл]

Ғабит Мүсіреповтың туғанына 105 жыл


Атаулы күнге, орай Солтүстік Қазақстан облыстық өлкетану мұражайының қабырғасында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Оқушылар мен ұстаздар жазушының өмірі мен шығармашылығына қатысты зерттеу еңбектерімен бөлісті. Сонымен қатар мерейтойға арналған көрме ашылды.

мусрепов
Шохтыбаева Гульмира
Қалалық классикалық гимназия мен - Облыстық өлкетану мұражайы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен, жерлесіміз - Ғ.Мүсіреповтің 105 жылдығына орайластырылған // ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оқушылар мен ұстаздар (сөз зергерінің) - өмірі мен шығармашылығына қатысты - (өз зерттеу еңбектерімен) жұртшылықты танытса // мұражай қабырғасында - жазушының Мерейтойына арналған - көрме ашылды.

// Жазушы Ғабит Мүсіреповтың туғанына 105 жыл. Атаулы күнге, орай облыстық өлкетану мұражайының қабырғасында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. //

Люфт.

Наурыздың 22-сінде, жерлес жазушы, көркем сөздің зергері, қазақ әдебиетіндегі шоқ жұлдыздарының арасында жарқырай көрінген белгілі тұлға Ғабит Мүсіреповтің өмірге келгеніне 105 жыл толады. Туған елі, өзінің батыр ұлдарын ешқашан ұмытқан емес, жазушы рухына құрмет ретінде, қалалық классикалық гимназияның ұжымы Ғабеңнің 105 жылдығына орайластырып ғылыми-тәжірибелік конференция өткізуді ұйғарған. Өнер мен әдебиет шежіресінде орны бөлек майталманға арналған жиынның тарихи мұражайда өтуінің де өзіндік себептері бар.

СНХР.
Жангелді Тәжин - қалалық классикалық гимназияның директоры.

Қазақ әдебиетіндегі алып бейтеректердің бірі - Ғабит Мүсірепов шағырамалары мектеп бағдарламасына барынша толыққанды кірістірілген. Дина Аскандирова, жазушының белгілі шығармасы - Қазақ солдатына тоқталыпты.

СНХР.
Дина Аскандирова - қалалық классикалық гимназияның 10 сынып оқушысы.

Оқушылар қауымы, Ғабит ағамызбен көзі тірісінде, білісіп-араласып жүрген жерлестерімізбен де кездесті. Солардың бірі - әнші Дәмеш Құрманкина. Алматыда жүргенімде, өнерге баулып, болашақта әнші болып кетуіме Ғабит Мүсірепов зор септігін тигізді дейді ол.

Люфт.

Айту керек, оқушылар сөз зергері шығармаларының осыған дейін зерттелген, белгілі тұстарынан көрі, басы ашылмаған, айтылмаған шығармалары жөнінде сөз етуді мақсат еткен. Жансая Темірболатова, әзірлеген баяндама өзінше қызықты. Жазушы шығармаларындағы өлшем бірліктер - әңгіме өзегі етіп алынды.

СНХР.
Жансая Темірболатова - қалалық классикалық гимназияның 8 сынып оқушысы.

Мұражай қызметкерлері Ғабит Мүсіреповтың 105 жылдығына арналған көрме ұйымдастырды. Онда, жазушының қолжазба еңбектері, фотосуреттері көрініс тапты.

СНХР.
Рәзипа Тәженова - бөлім меңгерушісі.


Түпнұсқа

» 19 Наурыз, 2007 20:00 мусрепова / "МТРК" телеарнасы, Петропавл

Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


электронные книги цветные
©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.359 & 14 Сұрау