Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 1664    Танымдылық: Орташа рейтинг : 3.00 Қайдан 27 Дауыстар   
6 Сәуір, 2007 11:47 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы]

"Бағалы қағаздар" жолы


Орташа және кішігірім компанияларға даму үшін не істеу керек? Алдымен банктік несие еске түсетіні рас. Бірақ ондағы пайыз көлемі үлкен. Әрі кепілдік талап етіледі. «Ал дамудың, нығаюдың басқа да жолы бар» - дейді Алматы өңірлік қаржы орталығы қызметін реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Нүрпейісов - "ол, осы Алматы өңірлік сауда орталығы.

Орталық өткен жылы құрылды. Биыл орталық жанынан ашылған арнайы сауда алаңында ақпан айының соңында алғашқы сауда-саттықтарда басталып кетті. Енді сол сауда барысы қалай жүруде? Қатысушылар қанша? Оларға қойылатын талаптар қандай? Осы және өзге де сұрақтар төңірегінде Дархан Қадырбайұлы сайт тілшісіне сұхбат берген болатын.


Алғашқы миллиондар...

Үстіміздегі жылдың ақпан айының аяғында бізде алғашқы сауда өтті. Біз жыл аяғында осы өңірлік сауда орталығының жанынан арнайы сауда алаңын құрдық. Бұл сауда алаңы қазақстандық Қор биржасының ішінде құрылды. Өйткені онда инфрақұрылымдар дайын. Біз жаңа Биржа құрмай осы арнайы сауда алаңын құрып отырмыз. Қаржы орталығы туралы заңда да солай жазылған. Енді осы бір айдың ішінде осы сауда алаңында біз көп жұмыстар атқардық. Бірнеше сауда өтті. Оның ішінде айтып кетуге болады - «Қазақтелекомның» бағалы қағаздары сатылды. Ал енді осы бір айдың ішінде өткен жаңағы мәмлелердің бағасы - 40 млн. АҚШ долларынан асып кетті! Менің ойымша бұл өте жақсы мәліметтер. Екіншіден 10 компания- эмитент шығып отыр. Оның ішінде ірі-ірі компаниялар – мен айтып кетейін – олар, «Казкоммерцбанк», «Астана финанс» ж. т. б. компаниялар. Олар өздерінің бағалы қағаздарын шығарып отыр, осы біздің арнайы сауда алаңына. Қазір 36 түрлі бағалы қағаздар шығып отыр. Оның ішінде акциялар да бар, облигациялар да бар. Біздің қатысушылар қазір сол арнайы сауда алаңында жұмыс жасап жатыр. Бүгінде олардың саны 22-ге жетті. Ол жаңағы өзіңіз білесіз – брокерлік, дилерлік компаниялар.. Оның ішінде 9 компания қаржы бақылау агенттігінен өздерінің лицензияларын алды. Олардың ішінде 8 компания осы қазақстандық қор биржасының мүшесі болып кіріп отыр. Олар саудалардың барлығынаа қатысып, сауда-саттықтарын жасауда. Ал енді біздің ойымызша қазір мынау арнайы сауда алаңына тағы үш-төрт компания шығайын деп отыр. Олар енді осы таяу уақытта шығатын компаниялар. Ал жақын болашақта тағы да 16 компания – эмитенттер шығады деп күтілуде.


2007-ші жылғы жоспар – 1 миллиярд АҚШ доллары

Біз биыл 2007-ші жылы тек қана орталықтың инфрақұрылымын жасаймыз деген мақсат қойған едік. Бірақ та қазір мына біздің жұмысымызға қарай тек инфрақұрылымдар жасаумен бірге қарқынды түрде саудалар да жүріп жатыр. Біз өзі 2007-ші жылы Қазақстан экономикасына 1 миллиярд АҚШ доллары көлемінде инвестиция алып келеміз деген жоспарымыз болды. Біздің ойымызша ол бір миллиярдтан да асып кететін шығар.


Орталықтың негізгі принципі

Заң алдында барлығы бірдей. Қаржы орталығы туралы заңның ерекшелігі – шет елдік компанияларға да, отандық компанияларға да талаптар бірдей қойылады. Біздің қазіргі ұстанып жатқан принципіміз осы – ТАЛАПТАР БІРДЕЙ БОЛУЫ КЕРЕК! Өйткені біздің қазақстандық компанияларда да халықаралық деңгейге шығып жатыр. Мысалы «Казкоммерцбанк», «Қазақмысты» алып қараңыз. Олар Лондон Қор биржасына шықты. Ал біздің брокерлік, дилерлік компаниялардың деңгейі жоғары болып отырған соң да біз оларға деген талаптарды жоғары қойып отырмыз. Тек шет елдік компанияларға көрсетіліп отырған бір жеңілдігіміз – ол сол компанияларда немесе мына біздің қазақстандық компаниялардың құрамында істейтін шет елдік азаматтар болатын болса, азаматтығы жоқ азаматтар болатын болса, олар бізге шамамен бір жеті бұрын хабарласулары керек. Біз олардың келуіне байланысты жұмыстарды өз мойнымызға аламыз. Олар визаны осы біздің әуежайға келген соң, сол жерден алатын болады. Екіншіден бұрын олар қазақстанда жұмыс жасаулары үшін арнайы лицензия алулары керек болатын. Қазір ондай лицензияны алудың керегі жоқ. Өйткені біздің агенттігімз ол міндеттердіің барлығын өз жауапкершілігіне алып отыр. Біз тек қана еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне «Осы сауда алаңында осынша адам жұмыс жасап жатыр» деген мәлімет қана береміз.


Сауда алаңында неге тек брокерлік, дилерлік компаниялар?

Банктер олар өздері саудаға тікелей қатыспайды. Тек қана брокерлік-дилерлік компаниялар ғана қатысады. Ол бізде ғана емес. Біздің жалпы қаржы нарығында өзі солай. Өйткені банктердің негізгі міндеттері басқа. Ал брокерлік, дилерлік компаниялардың негізгі міндеттері басқа. Бірақ та мен айтып кетейін, жаңағы брокерлік, дилерлік компаниялардың көбісі жаңағы банктердің арқасында құрылып жатыр! Олардың құрылтайшылары осы банктер! Содан кейін де олар осы саудаға өздерінің брокерлік, дилерлік компаниялары арқылы шығып отыр. Екіншіден ол жерге банктердің өздері де эмитент болып шығып жатыр ғой.


Неге Лондон?

Біз тек қана Лондон Қор биржасы ғана емес, Франкфурттағы Қор биржасымен, Гонконг Қор биржасымен, Сеулдегі Корея Қор биржасымен келісім-шартқа отырғанбыз. Бұл жұмыстарды әлі де жалғастырамыз дегене ниеттеміз. Ал Лондон Қор биржасына келетін болсақ, өзіңіз білесіз Елбасының Ұлыбританияға ресми сапары өтті. Сол ресми сапар аясында сол Лондон Қор биржасы мен өзіміздің Өңірлік қаржы орталығы аралығында арнайы келісім-шартқа қол қойылды. Оның үстіне Ұлыбританиялық бизнесмендер Қазақстанға инвестиция құю жөнінде бірінші орында келеді! Басқа биржаларға қарағанда Лондон Қор биржасының бізге деген қызығушылығы көп. Содан да біз келісім-шартқа отырып, қарым-қатынастарымызды нығайтып жатырмыз. Оның ішінде біздің қызметкерлер де өзара тәжірибе үйренуде.


Зейнетақылық капитал – институционалды инвесторлар

Еліміздегі зейнетақылық Қорлар қазақстандағы институционалды инвесторлардың қатарына кіреді. Басқа инвесторлаға қарағанда олардың жинаған ақшалары көп. Олар Қор биржасында, мына қаржылық нарықта жақсы жұмыс жасап жатыр. Олар біздің сауда алаңында да жұмыс жасай алады. Жаңағы «Қазақтелекомның» акцияларын осы зейнетақы Қорлары сатып алды! Бірақ оларға қойылып отырған талаптар жоғары. Өйткені зейнетақылық қорларға мына елдің жинаған ақшасы өте сауапсыз бағалы қағаздарға кетіп қалмасын деген талаптар қойылып отыр. Олар капиталдарын сапалы, жоғары деңгейдегі бағалы қағаздарға, яғни «А» категориялы бағалы қағаздарға сала алады. Бізде тек «А» категориялы бағалы қағаздар сатылады. Олар соларды ғана сатып ала алады. Ал екіншіден оларға сатып алуда да пайыз жөнінен біршама шектеулер қойылған. Одан кейін олар бағалы қағаздарды сатып алулары үшін сол бағалы қағаздардың рейтингілік бағалары болуы керек. Олар сондай бағалы қағазарды ғана сатып ала алады. Ал біз қазір осы мәселелерді шешіп жатырмыз. Ол зейнетақы Қорларына қойылған талаптарды төмендету. Оларға басқа да бағалы қазғадарды сатып алуларына мүмкіндік беру.


Мақсатымыз - халықаралық деңгей

Біздің алдымызға қойып отырған мақсатымыз, Елбасының алдымызға қойым отырған мақсаты - дамыған елу мемлекеттің қатарына ену. Екіншіден мына қаржы Орталығын халықаралық деңгейге көтеру. Ол үшін мына қазақстандық бағалы қағаздар нарығының деңгейі әзірше төмен. Сол үшін де осы сауда алаңын құрдық. Қор биржасында халықаралық деңгейге шығарамыз деп отырмыз. Мықты деген шет елдік компниялады шақырып жатырмыз. Олар қазір зерттеулер жүргізіп жатыр.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.3841 & 14 Сұрау