Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 1666    Танымдылық: Орташа рейтинг : 5.50 Қайдан 14 Дауыстар   
21 Маусым, 2007 13:10 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы]

Тіл жолы


Егемендік алғанымызға екінші он жылдықтың жартысынан асты. Қазақ тілінің мәртебесі әлі өз деңгейінде емес. Не себептен? Осы және өзге де сауалдарға АҚШ-тың Индиан Университетінің профессоры, Ішкі Азия және Орал орталығынң директоры Билл Фирманн жауап береді. Сұбат беруші қазақ, өзбек, ұйғыр тілдерінде еркін сөйлейді.

Тіл тарихы

"Мен сұхбатымды әріден бастайын" - деді Билл Фирман. - "1989-шы жылы сіздерде алғашқы "Тіл туралы" заң қабылданды. Сонда үлкен қателік жіберілді. Заң әрине сөз жоқ, керек еді. Бірақ Қазақстанда қабылданған заң басқа көрші республикаларда қабылданған осындай заңдарға өте ұқсас болатын. Ал Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай басқаша еді ғой! Ол басқа республикалардағыдай емес еді. Ең басты мәселе - демографияны алайық. 1989-шы жылы Қазақстанда халық санағы болғанын білесіз. Сонда қазақтардың нақты саны бүкіл Қазақстан халқының санына шаққанда бары-жоғы 40 пайызды құраған. Екіншіден, қалада тұратын қазақтар көбінесе орыс тілінде оқыды. Үйде де түзде де орыс тілінде сөйлесті. Орталық, Шығыс және Солтүстік Қазақстанда тек орыс мектептері болды. Мұны ескермеуге болатын ба еді? Әрине жоқ. Үшіншіден, сіздерде тілді "стандарттау" жүйесі болмаған. Өкінішке қарай. Тағы да мысал келтірейін. Кеңес заманында ұлтаралық сөздіктер болды ғой. Мысалы өзбекше-орысша сөздіктер болды.  Қырғызша-орысша сөздікті де таба алатын едіңіз. Тәжікше, тіпті қарақалпақша-орысша сөздіктер де бар еді. Ал нақты, ауқымды қазақша-орысша сөздік болмаған! Сосын тағы бір айта кететін жәйт,  егемендік алғаннан кейін елде ойбай қазақ тілін тез арада енгіземіз, бірнеше жылдың ішінде көтереміз, дамытамыз, жаңғыртамыз деген жалаң ұрандар көбейді. Бұл да қате еді. Осындай бастамалар қазақ тілінің мәртебесін өте төмендетіп жіберді. Қараңызшы, ол кезде қазақ тілінің мамандары тапшы болды. Біліктілігі де жеткілікті деңгейде емес еді. Сонда әлгі ұран тастаушылар неге сүйеніп айтты? Ол кезде мұғалімдер тіл білсе де тіл маманы болмауы мүмкін еді. Ал маман болса қазақша сөйлемеуі де мүмкін еді. Сондықтан білім беру сапасы аса төмен болды. Асықпау керек еді. Ең бастысы бала бақшалардағы балаларға, мектеп оқушыларына, тіпті ересектерге арналған нақты жүйеленген оқу бағдарламалары керек еді.

"Коммуникативтік" қатынас
Қзақ тілінің деңгейін, мәртебесін көтеру үшін мктептерде "коммуникативтік " оқу әдістемесін қолдану қажет. Ал қазір оның орнына мектептерде негізінен қазақ тілінің грамматикасына көп көңіл бөлінеді. Бұл онша дұрыс емес. Өйткені ең алдымен осы ауыз-екі тілде сөйлеу қабілетін дамыту қажет. Егер мен мысалы қазақ тілін ауыз-екі тілде елу пайыз білетін босам. Соның өзі жақсы. Ойымды жеткізуге, басқаның айтқан ойын түсінуге болады. Ауыз-екі тілде сөйлесу мәдениетін дамыту керек. Сонан кейін грамматика жағын терең қолдануға болады.

Қазақстандағы әлеуметтік қауіп

Орталық Азия мемлекеттерінің ішінде Қазақстанның жағдайы жаман емес. Құдайға шүкір, экономика дамып жатыр. Бірақ бір айта кететін жәйт бар. Ең қауіпті. Қазақстанда  байлар мен кедейлердің арасы өте алшақтап бара жатыр. Бұл өте қауіпті құбылыс. Егер Қазақстанның байлағы кедейлерге де бұйыратын болса,  онда ел де дамиды, тілде де дамиды" деп аяқтады сөзін америкалық ғалым.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.4987 & 14 Сұрау