|
|
Бүгін
30.07 (10:34) Футбол. "Ақтөбе" - "Хапоэль" 1:0
30.07 (10:30) Бала денсаулығын нығайту 30.07 (10:28) Жабайы базар 30.07 (10:26) Орал қалалық жұқпалы аурулар емханасына түсуші қалалықтар қатары көбеюде 30.07 (10:24) Аптап ыстықтың салдары 30.07 (10:23) Отандық авиация білікті мамандарға зәру |
|
Ғылым мәртебесіХалықтық ғылым Дүниеде ғылым академиясын құрудың екі моделі бар. Бірі кеңес заманындағы модель, екіншісі батыс еуропа елдеріндегі модель. Жалпы енді біздің еліміз нарық экономикасына өткенен кейін тұңғыш президентіміздің кеңесі бойынша біз - академиктер ақылдасып осы батыс моделін дұрыс деп таптық. Өйткені ол қазіргі біздің еліміз таңдап алған нарықтық экономкаға тура келеді. Біз ол үшін алдымен францияның ғылым академиясының жұмысын зерттедік. Одан кейін Елбасына келіп баяндадық. Содан кейін оған біраз өзгерістер енгізіп, біз сол моделді қабылдадық. Бірақ, әрине қазір біздің мемлекетімізде азаматтық қоғам франциядағыдай дами алған жоқ. Сондықтан біз сонда да болса осы жолмен келе жатырмыз. Оған сөзсіз уақыт керек. Жақында ғана конституциялық реформалар болды. Ол реформада екі заң - осы ұлттық ғылым академиясы сияқты қоғамдық бірлестіктердің пайдасына шешілді. Біріншісі бұрын қоғамдық бірлестіктер мемлекеттің органдармен немесе мемлекеттік мекемелермен бірге жұмыс істей алмайтын. Ол туралы заң өзгерді. Енді ондай мүмкіндік бар. Екінші бір үлкен жаңалық ол енді мемлекет өз тарапынан қоғамдық бірлестіктерді тікелей қаржыландыруға құқылы. Осы уақытқа дейін біз тұңғыш Елбасымыздың қолдауымен ұлттық баяндама жазып келдік, академиктер қырық алтыншы жылдан бері шығарып келе жатқан сегіз ғылыми журналымызды шығарып келдік. Мұның барлығына мемлекет көмек беріп отырды. Тұңғыш президентіміздің тікелей нұсқауымен. Бірақ оны тікелей бере алған жоқ. Оны тендер арқылы беріп отырды. Тендерге бірнеше мекемелер қатысады. Қайсысы жеңсе сол алады. Біз қазір осылайша алып келе жатырмыз. Енді, бұдан былайғы кезде біз мұны үкіметпен келісім шарты арқылы алуымызға болады. Екінші бір айтатын мәселе. Бізде азаматтық қоғам күшейген сайын мемлекет күшті болады. Өйткені мемлекеттің күші тек қана үкімет органдарында ғана емес ол бүкіл халықта. Мына жеке меншік секторда да мемлекеттің адамдары, мына қоғамдық ұйымдарда да мемлекеттің адамдары жұмыс істейді. Бәріміз осы мемлекеттің азаматтарымыз. Сондықтан біз барлығымыз қосылып, бірігіп, президентіміздің идеяларын қолдап, бір жағадан бас шығарып, бір жеңнен қол шығарып жүрсек мемлекетіміз тек қана күшейеді. "Ұлттық ғылым академиясы өзінің дербестігін сақтайды" Ғылыми ұйымдар бұған дейінде құрылып келді, бұдан кейін де құрыла бермек. Бірақ ұлттық ғылым академисы өзінің дербестігін әруақытта сақтайды. Біз егер ұлттық ғылым академиясының мәртебесін өзгертетін болсақ, оны тек қана академияның жалпы жиналысының сессиясында ғана шеше аламыз. Академияның президенті өз тарапынан немесе мынау академияның жалпы жиналысында сайланған президиумның және бір ұйымымыз бар - ол мына кеңесшілер коллегиясы дейді, бұл үшеуі де жалпы жиналыссыз ондай шешім қабылдай алмайды! Өйткені біздің ең жоғарғы органымыз ол жалпы жиналыстың сессиясы! Елбасымыз осы біздің университеттерімізді батыс моделіне көшіруге кеңес беріп, соған ықпал жасап жатыр. Батыс мемлекеттерінің университеттерінде білім де, ғылым да бір қордан қаржыландырылады. Және олар бірге жұмыс істейді. Енді бұл жерде қандай үстемдік бар? Қазір мынау бұрынғы академиялық институттардың барлығында ғалымдар енді біраз жасқа келіп қалды. Орта буын ғалымдар, ғылым кандидаттары кезінде әу дегеннен көпшілігі бизнеске кетіп қалды. Олардың ғылымға қайта оралуы екіталай. Ал жастар, ең талапты жастар ғылымға жаппай келіп жатқан жоқ. Әрине бұл жерде ғылым қартайып қалды деп айтуға болмайды. Өйткені барлық аспирантураларға, доктарантураларға, магистратураға жыл сайынғы жоспарлар орындалып жатыр. Сондықтан жастар ғылымда бар. Бірақта ғылымды жасарту деген мәселе ол тек қана жас адамдардың ғылымға келуі деген сөз емес! Ғылымға ең талапты жастар келуі керек! Байқау арқылы келуі керек. Ғылымға деген ынта өте жоғары болуы керек қоғам. Жас мамандарды тарту дегенді осылай түсіну керек. Фундаменталдық ғылым Жаңа өзгерістерге байланысты отандық ғылымның фундаменталдық сипаты жойылмайды. Өйткені, мына университет пен институттар бірге жұмыс істесе біріншіден мына институттарға ең талапты жастар іріктеліп, топ-тобымен келетін болады, ол бір. Екіншіден, мынау ғылыми зерттеу институттарындағы жұмыс істейтін үлкен, ірі, аты әлемге әйгілі ғалымдар студенттерге дәріс береді. Олардың жүріс-тұрысы, сөйлеген сөздерінің оларға үлгі. Баяғыда біз жас кезімізде студенттер, мен мәскеуде оқыдым, сол ұлы ғалымдар келгенде осы пайғамбар келгендей алдынан шығып қарсы алатынбыз. Лекцияларын тыңдайтынбыз. Міне осындай үрдіс, осындай құбылыс болуы керек. Жалпы Елбасы отандық ғылыми-зерттеу институттарын алдыңғы қатарлы университеттерге қосу идеясын сонай 2001-ші жылы айтқан болатын. Сол осы күнге дейін орындалмай келді. Бұл дұрыс емес. Ғылым туралы заңға менің ғана емес кқөптеген ғалымдардың көңілі толмайды. Үш рет өзгеріс енгізілді. Үш ретінде оны депутаттар кері қайтарды. Депутаттардың айтар уәжі - қазіргі кезеңде елімізде әжен әлемдік ғылымда қалыптасқан жағдайларға байланысты түбегейлі жаңа заң керек деп отыр. Мен өз басым бұған қосыламын. Последние новости рубрики
21.03 (16:26) «Қара домалақтар тасқыны» немесе демографиялық дүмпу
31.01 (11:57) “Күтпеген жерден қыс түсті» 21.06 (13:10) Тіл жолы 07.05 (08:35) "Біздің басты байлығымыз - ұлтаралық татулық" 06.04 (11:47) "Бағалы қағаздар" жолы 22.02 (17:09) Патриоттық құны 04.01 (14:46) Соттық мәртебе |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||