Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 1091    Танымдылық: Орташа рейтинг : 3.20 Қайдан 5 Дауыстар   
27 Шілде, 2007 11:36 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы]

ҒЗИ+ЖОО=?


Отандық ғылыми зерттеу институттары алдыңғы қатарлы университеттермен бірікпек. Мұның мәнісі неде? Одан отандық ғылым өзінің фундаменталдық сипатын жойып алмай ма? "Жоқ" - дейді ҚР ҰҒА президенті Мұрат Жұрынов. Оның айтуынша егер университеттер мен институттар біріксе дарынды жастар ғылымға көптеп келетін болады.

"Елбасымыз осы біздің университеттерімізді батыс моделіне көшіруге кеңес беріп, соған ықпал жасап жатыр. Батыс мемлекеттерінің университеттерінде білім де, ғылым да бір қордан қаржыландырылады. Және олар бірге жұмыс істейді. Енді бұл жерде қандай үстемдік бар? Қазір мынау бұрынғы академиялық институттардың барлығында ғалымдар енді біраз жасқа келіп қалды. Орта буын ғалымдар, ғылым кандидаттары кезінде әу дегеннен көпшілігі бизнеске кетіп қалды. Олардың ғылымға қайта оралуы екіталай. Ал жастар, ең талапты жастар ғылымға жаппай келіп жатқан жоқ. Әрине бұл жерде ғылым қартайып қалды деп айтуға болмайды. Өйткені барлық аспирантураларға, доктарантураларға, магистратураға жыл сайынғы жоспарлар орындалып жатыр. Сондықтан жастар ғылымда бар. Бірақта ғылымды жасарту деген мәселе ол тек қана жас адамдардың ғылымға келуі деген сөз емес! Ғылымға ең талапты жастар келуі керек! Байқау арқылы келуі керек. Ғылымға деген ынта өте жоғары болуы керек қоғам. Жас мамандарды тарту дегенді осылай түсіну керек.

Фундаменталдық ғылым
Жаңа өзгерістерге байланысты отандық ғылымның фундаменталдық сипаты жойылмайды. Өйткені, мына университет пен институттар бірге жұмыс істесе біріншіден мына институттарға ең талапты жастар іріктеліп, топ-тобымен келетін болады, ол бір. Екіншіден, мынау ғылыми зерттеу институттарындағы жұмыс істейтін үлкен, ірі, аты әлемге әйгілі ғалымдар студенттерге дәріс береді. Олардың жүріс-тұрысы, сөйлеген сөздерінің оларға үлгі. Баяғыда біз жас кезімізде студенттер,
мен мәскеуде оқыдым, сол ұлы ғалымдар келгенде осы пайғамбар келгендей алдынан шығып қарсы алатынбыз. Лекцияларын тыңдайтынбыз. Міне осындай үрдіс, осындай құбылыс болуы керек. Жалпы Елбасы отандық ғылыми-зерттеу институттарын алдыңғы қатарлы университеттерге қосу идеясын сонай 2001-ші жылы айтқан болатын. Сол осы күнге дейін орындалмай келді. Бұл дұрыс емес".


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.4835 & 13 Сұрау