Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 597    Танымдылық: Орташа рейтинг : 1.00 Қайдан 1 Дауыстар   
31 Тамыз, 2010 08:00 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы]

31 тамыз


1848 жылы «The Daily News» атты лондондық газетте әлемде ең алғаш рет шындыққа дәп келетін ауа-райы жариялана бастады. 1892 жылы Павел Михайлович Третьяков Мәскеу қалалық думасына өзінің атақты картина галереясын сый ретінде қабылдауды өтінді. 1914 жылы Николай ІІ-нің Жарлығымен Санкт-Петербург қаласы Петроград болып өзгертілді. 1997 жылы жол апатынан принцесса Диана қаза болды.

1848 жылы «The Daily News» атты лондондық газеттің редакторы Чарльз Диккенс болып тұрғанда, әлемде ең алғаш рет шындыққа дәп келетін ауа-райы жариялана бастады. Британ метеостанциялары өздерінің таңертеңгі бақылаулары Гринвич обсерваториясына жіберетін. Оны бас метеоролог сэр Джеймс Глейшер анықтайтын. Келесі күні зерттеу редакцияға жіберілді.

1892 жылы Павел Михайлович Третьяков Мәскеу қалалық думасына өзінің атақты картина галереясын сый ретінде қабылдауды өтінді. Оның коллекциясында 1287 картина, 518 сурет тағы басқа көптеген бай мұра бар еді. Сол уақыттан бастап Мемлекеттік Третьяков галереясы-қоғамдық мұражайдың тарихы басталды.

1914 жылы Николай ІІ-нің Жарлығымен Санкт-Петербург қаласы Петроград болып өзгертілді. Оны өзгеруге себеп болған – Германиямен арадағы соғыс. Келесі күні жаңалықтарда «Біз Петербургте ұйықтаған едік, Петроградта ояндық!» деген ақпараттар беріліп жатты.

1997 жылы жол апатынан принцесса Диана қаза болды. Бұқаралық ақпарат құралдары Диананы «20 ғасырдың ең атақты әйелі» деп атады.

1057 жылы леди Годивенің күйеуі Леофрик қаза тапты. Леофрик тұрғындарға, егер леди Годива қаланы жалаңаш жүріп өтсе, барлық салықты азайтамын деп уәде берді. Өркөкірек әйел күйеуіне берген уәдесін орындату үшін, қаланың орталығымен жүріп өтті. Ол келе жатқанда барлық есік-терезелер жабылды, жалғыз Том ғана қызығушылықпен терезеден сығалаған болатын, ол үшін Том жазаланды, көзі ойылды. Ал, Годивенің ұрпақтары жыл сайын оның құрметіне мереке ұйымдастырады.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики

10.02 (08:45) 10 ақпан

08.02 (08:51) 8 ақпан

06.02 (11:22) 6 ақпан

03.02 (08:00) 3 ақпан

30.01 (08:00) 30 қаңтар

27.01 (08:44) 27 қаңтар

26.01 (08:00) 26 қаңтар


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.3724 & 14 Сұрау