|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
Жаңа жылдық шырша қатаң бақылаудаЖаңа жыл қарсаңында қылқан жапырақты ағаш тұқымдарының өскіндерін заңсыз шабу, дайындау, тасымалдау және сатудың алдын алу және жолын кесу шаралары туралы БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 2007 жылғы 20 қарашадағы №328 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылы жаңа жылдық шыршалар облыстар әкімдіктерінің тапсырыстары негізінде және жоғарыда аталған Комитеттің рұқсатымен мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу үшін ғана босатылады. Тұрғындар үшін барлық рұқсат құжаттары бар болған жағдайда ғана тек бұтақтардан жасалған құрама шыршалар мен контейнерлердегі табиғи шыршаларды сатуға рұқсат берілген. Сонымен қатар, барлық құқық беруші құжаттар және жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты болған жағдайда тұрғындарға Ресей және Қырғызстаннан әкелінген жаңа жылдық шыршаларды сатуға рұқсат беріледі. Қалған жағдайларда жаңа жылдық шыршаларды сатуға тыйым салынған. Осыған байланысты ішкі істер органдарының қызметкерлері облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасының мамандарымен бірлесіп, жаңа жыл қарсаңында қылқан жапырақты ағаш тұқымдарының өскіндерін заңсыз шабу, дайындау, тасымалдау және сатуды анықтауға, алдын алуға және оның жолын кесуге бағытталған бірлескен іс-шаралар өткізеді. Ағымдағы жылдың 3 желтоқсанынан бастап облыстарда табиғатты қорғау полициясы орман қорғау органдары қызметкерлерімен бірлескен жедел топтар құрып, орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінде жаңа жылдық шыршаларды дайындаудың заңдылығы тексеруде. Жаңа жылдық шыршаларды заңсыз тасымалдау және сатудың анықталған әрбір фактісі бойынша оның шығу тегінің заңдылығына, сатып алу, алып сату, қайта сату көздерін анықтау, рұқсат құжаттарын құзыретті органдардың бергенін растау үшін тексерулер жүргізеді. Құқық бұзушыларға заңнамаға сәйкес жауапкершілік шаралары қолданылады. ҚР ІІМ ӘПК табиғатты қорғау полициясы бөлімі Последние новости рубрики
30.05 (10:57) Саябақтар шеруі
13.05 (10:27) "Бердинг 2011" 19.01 (16:57) Киік аулауға тыйым салынды 01.12 (12:12) Банан өсіру 25.10 (15:39) Көбелектер әлемі 15.04 (10:28) Жаңа аллея 04.03 (10:44) "Табиғатты қорғау-болашақты ойлау" |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||