|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
"Гептилдік" экологияБайқоңыр кенішін бірлесіп пайдалану туралы Ресей Федерациясымен арадағы келісімге өзгерістер енгізу қажеттігі туындап отыр. Мәселе, өткен жылдың 6-қыркүйегінде Қарағанды облысының Ұлытау ауданында құлаған “Протон-М” зымыран тасығышынан туындап отыр. Қыркүйек айында Парламент Мәжілісінің депутаттары Уалихан Қалижан мен Ерлан Нығматуллин Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің атына сауал жолдады. Онда Қазақстан жеріне улы гептил жанармайымен жұмыс істейтін зымырантасығыштардың құлауы жиілеп кеткендігі айтылып, мәселенің алдын алу қажеттігі айтылға. Байқоңыр кенішіне арналған мәселеге байланысты бүгін өткен Мәжілістің жалпы отырысында Төтенше жағдайлар вице-министрі Валерий Петров есеп берді. Текст: 1996 жылдан-2007 жылға дейін Байқоңырдан ұшырылған зымыран тасығыштардың жетеуі жерге құлаған төтенше оқиға тіркеліп отыр. Оның төртеуі улы гептил жанармайымен жұмыс істейтін зымыран тасығыш. Соңғы төтенше жағдай өткен жылдың 6-ы қыркүйегінде орын алды. Жезқазған қаласынан 8 шақырым жерде құлаған Протон-М ресей зымыран тасығышы жапонның телекоммуникациялық спутнигін орбитаға алып шығып бара жатқан еді. Зымыранның құлау салдарынан тереңдігі 20 метр, аумағы 45 метр ойық қалыптасты. Әрине бұл ракетаның залаланың ауқымды болғанын анықтап отыр. Бүгін осы оқиғаға байланысты атқарған жұмыстары бойынша, депутаттар алдына келген Төтенше жағдайлар вице-министр айтарлықтай жаңалық ашпады. Депутаттарды мазалағаны мұндай төтенше жағдайдың алдын алу үшін нендей шаралар қолданылды. Вице-министр Валерий Петровтің сөзіне қарағанда, Қазақстан мен Ресей Үкіметтері арасындағы халықаралық құжаттарда нақты улы жанармайларды пайдаланған зымырандарды ұшыруға байланысты жергілікті бюджетке өтемақы төлеу туралы мәселе қамтылмаған. Ал соңғы төтенше жағдайға байланысты, зымыранның құлауынан туындаған ауруларды емдеуді Ресей өз мойнына алатын болған. Снхтитр: Валерий Петров - ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі 2008 жылдың 8-і қаңтарында бірлескен хаттамаға қол қойылды. Онда Ресей тарапы Протон-М зымыранының құлауы салдарынан ауырған азаматтарды медициналық, клиникалық орталықтарда емдеу қаражатын өз мойнына алады. Снхтитр: Уалихан Қалижан - ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Байқоңыр ғарыш айлағын Ресеймен бірлесіп пайдалану мәселесі бойынша, Қоршаған ортаны қорғау, Денсаулық, Төтенше жағдайлар минитсрліктері мен Парламент бірлескен үлкен отырыс өткізу туралы ұсыныс жасалды. Снхтитр: Алдан Смайыл - ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты. Осыған қарағанда, вице-министрдің жауабы депутаттар көкейіндегі сауалдарға ем болмағанға ұқсайды. ӘӘ ҒО ТДК-42
Последние новости рубрики
30.05 (10:57) Саябақтар шеруі
13.05 (10:27) "Бердинг 2011" 19.01 (16:57) Киік аулауға тыйым салынды 01.12 (12:12) Банан өсіру 25.10 (15:39) Көбелектер әлемі 15.04 (10:28) Жаңа аллея 04.03 (10:44) "Табиғатты қорғау-болашақты ойлау" |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||