|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
“Күтпеген жерден қыс түсті»Мағбат Уарысбекұлы Спанов Қазақстан даму институтының президенті, экономика ғылымдарының докторы «Қазақстан экономикасы дәл осындай схемамен жұмыс істейді» деп санайды экономика ғылымдарының докторы Мағбат Спанов. Оның пікірінше бұған дейін Үкіметтер секілді, қазіргі Үкіметте дағдарыс аясында жұмыс істеп келеді. Қашанда «күтпеген» дағдарыстармен күресуден қолы босамайды. Бұған не себеп? Өйткені бізде бізде нақты әлеуметтік саясат жоқ! Оның орнына ЖІӨ көрсеткішіне арқай сүйейміз. Олай болса, әр түрлі ішкі және сыртқы экономикалық дағдарыстардың болуы сөзсіз. Сондай экономикалық «қыстардың» бірі былғы жылдың 21- ші қаңтарында орын алды - әлемдік қор биржалары дағдарысқа ұшырады. Дағдарыстың басы Қор базарындағы дағдарыс әлемдік қор биржаларының барлығын дерлік қамтыды. Кейбір биржалардағы баға белгіленімі 10 пайызға дейін түсіп кетті. Ал дағдарыстың орын алуына АҚШ-тағы жылжымайтын мүлік базарындағы дағдарыс себеп болды. Инвесторлар Ақ Үй әкімшілігінің осы айдың басында дағдарысқа қарсы қолданған шарасына сенімсіздік білдірді. АҚШ экономикасында өсім қарқыны саябырсыды. Мағбат Спановтың болжауынша дағдарыс жарты ждылдан бір жылға дейін созылуы мүмкін. «Бұл үрдістің бізге қатысы жоқ деп айта алмаймыз» дейді белгілі экономист – «Лондон биржасында ұсынылған Қазақстандық компаниялар акцияларының бағасы едәуір төмендеді. Қалай болғанда да қор нарығындағы дағдарыс одан әрі жалғасуда. Жақын аралықта акция бағалары тағы да төмендеуі ықтимал. Яғни, қазақстандық компаниялардың акцияларының бағасы да төмендейді деген сөз. Қазақстан экономикасы әлемдік экономиканың бір бөлігі. Бұл тоқырау банк секторына да сөзсіз әсер етпей қоймайды. Жалпы мұндай тоқыраулар отандық экономикаға, әсіресе халықтың әлеуметтік жағдайына Қазақстан БСҰ мүшесі болсын болмасын бәрібір әсер ететін болады. Сондықтан біз мұндай құбылыстарға қашанда дайын болуымыз керек. Кейін кету Мағбат Спанов Қазақстан экономикасында әлі де қалдық принципі қолданылып келеді деп санайды. Әлеуметтік саясаттың орнына ЖІӨ көрсеткішіне жіті көңіл бөлінеді. Сондықтан да бүкіл экономкалық жүйені қайта қарап, экономикалық көрсеткіштерді ауыстыру қажет. «Кіріс жағында экономика, ал шығыс жағында нақты әлеуметтік саясат болуы керек. Сонда ғана экономика нарық жағдайында жұмыс істейді. Біз макроэкономиканы тіпті ұмыттық. Оның орнына айналамыздың барлығы микроэкономика – дейді Мағбат Спанов. Оның айтуынша отандық экономикада тиімділік, нәтижелік деген сөздер әлдеқашан ұмытылған. «Бізде осы күнге дейін әлі бірде бір нақты экономикалық бағдарлама жеткілікті дәрежеде жүзеге аспаған. Бұл жерде депутаттар да үкіметте халық алдында есеп берулері, жауап берулер тиіс. Бізде негізінін алып-сатарлық капиталға, қаржы рыногына көңіл бөлініп келді. Нақты өндіріспен айналысқанымыз жоқ десек те болады. Тек өткен жылдан бастап қана Қазақстан экономикасында жағымды жәйттер орын ала бастады. Яғни бұл жерде бірінші кезекте меншік иелігін қайтару. Экономикалық басқаруда мемлекеттің ролін күшейту. Үшіншіден экономикада нақты басымдықтырды айқыну. Үкімет өткен жылы инфляциыны тоқтаутауға жеткілікті шаралар қолданбады. Дағдарыс әлі де белгілі бір деңгейде жалғасып келеді. Бізде кез-келген үкімет дағдарыс аясында жұмыс істеп келді. Қазіргі үкіметте солай. Кездейсоқ дағдарыспен күресуден қолы босамайды. Біз әлеуметтік тұрғыдан қарағанда 2003-2004 жылдардағы деңгейге қайта келдік. Бұл қазіргі үкімет үшін сын. Бұдан кейін қалай болары бұл үлкен мәселе. Үкіметтің қабылдап жатқан бағдарламларында жеткілікті теңгерілім жоқ. Ифнляция аумағы Ал осы жағдайда Үкімет биылғы жылғы атқарылар жұмыс бағдарламасын жария етті. Инфляция коридоры 10 пайыз деп белгіленді. Үкімет өткен жылы инфляция 7-8 пайыз болады деп уәде берген болатын. Ал жыл соңында инфляция 18 пайызға жетті! Мағбат Спанов биыл да инфляцияның белгіленген деңгейде қалатындығына сенбейді. Оның есебі бойынша инфляция көлемі биыл 1,5-2 есеге дейін өсуі мүмкін. « Үкімет инфляцияны айтылған деңгейде ұастап тұра алмады. Ал экономикалық теория негізінде инфляция 3-5 пайыздан аспауы тиіс. Биылғы белгіленген коридор да жеткіліксіз деп санаймын. Қараңызша, тағы да шығыны көп әлеуметтік бағларлама қабылданды. Әрине онсыз болмайды. Бірақ сонда да болса оны ескеру қажет еді. Екінші жарты жылдықта барлық коммуналдық қызмет көрсету түрлері қымбаттуы мүмкін. Бұл әрине инфляцияның өсуіне әкеп соғады. Үкіметтің қабылдап жатқан шаралары жеткіліксіз. Ол соңғы 15 жылда жиналып қалған мәселелерді шеше алмайды. Өкінішке қарай қазақстанда шикізіт секторын есептемегенде өндіріс саласы дамымай келеді. Ақшалық масса нарықты қысады. Әрине бұл жағдайда ұсыныс азайып, халықтың сұранысы артатын болады. Олигархиялық-монополиялық экономика Классикалық теория тұрғысынан алып қарағанда Үкіметтің экономканы реттеу мүмкіндіктері жеткіліксіз. Шектеулі. Өйткені біз мемлекеттік басқарудан бас тартып, барлық негізгі салаларды бәсекелі әлеуметтік ортаға бердік. Нәтижесінде бізде олигархиялық-экономиклық экономика қалыптасты. Оны мемлекеттік тұрғыдан ретту, басқару өте қиын. Тек өткен жылдың соңында ғана Мемлекет бұл бағытта тиісті шаралар қолдана бастады. Бұл үшін әрине тұтастай кешенді шаралар қажет. Бұған уақыт керек. Бізде сарапшылдардың есебі бойынша бізде көлеңкелі сектор ЖІӨ-нің 50 пайызын құрайды екен. Егер қазақстанда ЖІӨ 100 млрд доллар болса, оның 50 пайызы, яғни 50 млрд. доллар көлеңкелі секторға тиесілі деген сөз. Бұл аса үлкен сома! Бұл жерде тоқтаусыз күрес жүргізу қажет. Өйткені көлеңкелі сектор мемлекеттігімізге, тәуелсіздігімізге нұқсан келтіреді. Бұл жерде арнайы заңдар қабылдануы тиіс. Ал ол заңдар жүзеге асуы тиіс. Ал бұл мемлекеттің саяси қуат-қарымына байланысты. Баға, дағдарыс, мұнай Дағдарыстар әрине мұнайгаз саласына әсер етпей қоймайды. Есіңізде болса 99-шы жылғы дағдарыс кезінде мұнай бағасы 7-10 долларға дейін жеткен еді. Ал қазір мұнай бағасы 90 доллардан асып жығылады. Дегенмен қазіргі жағдайда мұнай бағасы оншалықты төмендемейді деп санаймын. Өйткені әлемдік экономка жеткілікті дәрежеде ауқымды. Мұнда әр түрлі ойыншылар бар. Америка бар, Қытай бар, оларға қашанда мұнай қажет. Сұраныс жетіп артылады. Ал мұнай көлемі шектеулі. Сондықтан 99-шы жылдағы көрспеткішке жете қоймаймыз деп санаймын. Дағдарыс... бұл қауіпті емес! Дағдарыстық циклдер әр түрлі болады. ЖАЛПЫ дағдарыс эконмикада табиғи құбылыс. Одан қорқудың қажеті жоқ. Мұны дамудың жаңа баспалдағы деп қаруға болады. Бұл эконокалық ахуалға жан-жақты баға беру, сараптау уақыты. Дағдардыстың не үшін болғанын анықтап, жаңа даму жолын қарастыруға мүмкіндік береді. Бұл өмір. Онда қашанда оптимист болған жөн. Әрине эконмиклық ахуалға қарап, пессимистік сезім пайда болуы мүмкін. Дегенмен ӨМІРГЕ, БОЛАШАҚАҚА сеніммен, үмітпен қарау керек. Әйтпесе өмір сүріп қажеті не!? Последние новости рубрики
21.03 (16:26) «Қара домалақтар тасқыны» немесе демографиялық дүмпу
27.07 (10:58) Ғылым мәртебесі 21.06 (13:10) Тіл жолы 07.05 (08:35) "Біздің басты байлығымыз - ұлтаралық татулық" 06.04 (11:47) "Бағалы қағаздар" жолы 22.02 (17:09) Патриоттық құны 04.01 (14:46) Соттық мәртебе |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||