Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 1256    Танымдылық: Орташа рейтинг : 5.91 Қайдан 11 Дауыстар   
3 Наурыз, 2008 11:25 ["Алматы" телеарнасы, Алматы]

Сорбұлақтың соры


Алматы обылысының елу мыңнан аса тұрғынына су астында қалу қаупі төніп тұр. Төмен жерде орналасқан елді-мекендерге миллиард тонна су кетуі мүмкін. Сорбұлақ су қоймасының мәселесі осыдан он жыл бұрын көтерілгенімен әлі күнге дейін нақты шешімін таба алмай келеді.

Сорбұлақ маңындағы елді-мекендерге су астында қалу қаупі төніп тұр

Алматы обылысының елу мыңнан аса тұрғынына су астында қалу қаупі төніп тұр. Төмен жерде орналасқан елді-мекендерге миллиард тонна су кетуі мүмкін. Сорбұлақ су қоймасының мәселесі осыдан он жыл бұрын көтерілгенімен әлі күнге дейін нақты шешімін таба алмай келеді. Бейсенбі күні Казгидромет ғимаратында жиналған экология жанашырлары, жағдай күн санап ушығып бара жатқанын көлденең тартты.

((ИНТЕРШУМ ХР 00:00:00

Осыдан біраз бұрын Алматы, Талғар және Қаскелен аймақтарындағы ағын су жинаушы құбырларының дұрыс салынбағанын ең алғашқылардың бірі болып «Табиғат» қауымдасытығының төрағасы Мэлс Елеусізов хабарлаған болатын. Оның айтуынша, су қоймалары толып кеткен, сол себепті тез арада жасанды көлдің деңгейін екі-үш метрге төмендетіп, канал салдырған дұрыс. Ал ластанған қалдық сулар экологиялық қатер төндірмеу үшін биотоғанмен біріктірілуі қажет .

СНХ:00:08:14
МЕЛС ЕЛЕУСІЗОВ

«суды ұстап тұрған екі дамба бір жерінен шеті шытынап кетсе, сонан кейін сол лакум түгел құйылады. Бір миллиард куба метр деген сұмдық өзі. Ол үлкен су. Онда Іле ауданының бір-екі ауылдары бар. Ақши, Күрті деген. Және Балқаш ауданы түгел шайылып кетеді.»

Аталған аймақта миллиард тонна су көтерілсе, үлкен апат болатынын, қоршаған ортаны қорғау министірлігі де құптап отыр. Ведомство басшысы Нұрлан Ысқақов, мәселені шешу үшін мемлекеттік бюджеттен қаржы қарастырылады дейді.

СНХ:00:17:36
НҰРЛАН ЫСҚАҚОВ
ҚР ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ МИНИСТРІ
Сорбұлақ көлінде 800млн шаршы метрге дейін үлкен көлемде қалдықтар бар. Қалдықтардың астында көптеген улы қалдықтар бар. Осы қалдықтың мәселесі сол ертең өзінің әсерін тек қана табиғатқа ғана емес содан төмен орналасқан елді мекендерге сол жаман әсері болмауын қарастырып отырамыз.


Сорбұлақ аймағын жан-жақты зерттеп, мәселені мүмкіндігінше тез арада шешу керек дейді экологтар. Су қоймасына қауіп төніп тұрғанмен, нақты шешім жоқ. Сорбұлақ мәселесі не себепті осы уақытқа дейін қарастырлмағаны жұмбақ күйінде қалып отыр.


Түпнұсқа

» 28 Ақпан, 2008 19:54 Сорбұлақ / "Алматы" телеарнасы, Алматы

Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 1.4254 & 15 Сұрау