|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
М. Тәтімов: 70 пайызға жетіп қалдық! Қазір Қазақстанда халық саны, ағымды статистика бойынша, 15 млн 565 мың деп есептеліп отыр. Келесі жылы дәл осы кезеңде ұлттық санақ жүреді – 16 млн-ға жақындаймыз деп есептеп отырмын. Өйткені санаққа ілінбей қалғандар, тіркелмегендер мен жасырын мигранттар бар. Соның 61 пайызға жуығы қазақтар. Қазақтың саны осы жылдың басында 9 млн 415 мыңдай болды. 5 миллион қазақ шетелде тұратынын ескерсек, әлем бойынша қазақтар саны 15 млн-ға, Қазақстанның өзінде 10 миллионға жақындайтын болады. Ал түркі тілдес халықтармен қоса есептегенде 70 пайызға жеттік. Мен неге 70 пайызға тоқталамын? Яғни қазақ өз жерінде 70 пайызға жетпей, өзінің унитарлы мемлекетін билеп отыра алмайды. Тілін мемлекеттік тұғырға шығара алмайды. Сондықтан бізге санмен қатар сапа да қажет. Ал Сапаны сан береді. Кейбіреулер бар, шіреніп, сан керек емес, сапа керек дейтін. Сан болмаса, сапа қайдан болсын? Қазақстанда қазақ саны 70 пайызға 2015-17 жылдары жетеді. Бізге оралмандардың саны қосылады, оралмандарға квота саны биыл 20 мыңға дейін көтеріліп отыр. Басында 5-10-15 мың квота берілетін. Бұл жыл сайын Қазақстанның халқы қатарына 100 мың адам қосады деген сөз. Қазақстандағы еуропа тектес халықтар арасында балалардың саны аз. Олар депопуляциядан шыға алмай отыр. Олардың арасында туудың төмендігі соншалықты, әлі өлгендердің сандарын толтыра алмауда. Бұл жалғыз біздің еліміздегі еуропалықтардың басындағы жағдай емес, олар тарихи отандарында да осындай күй кешіп отыр. Әйел адам отбасы жақсы тұрған сайын, басқа құндылықтарға қызығады. Ол бір ғана бала туады, екінші бала туғаннан гөрі үлкен пәтер алғысы келеді, әкесі джип мінсем дейді, өздері бірігіп шетелге барғысы келеді. Осылайша екінші баланың, әсіресе үшінші баланың құндылығы шеттетіліп қалады. Данияда үлде мен бүлдеге оранып отырған әйел Тәжікстанда балаларымен қара нанды бөліп жеп отырған әйелдерге қарағанда үш есе баланы аз табады. Алматыда базарда жүрген орта азиялық мұсылман әйелдер қазақ әйелдерінен екі есе, орыс әйелдерінен үш есе баланы көп туады. Бала туу экономикаға байланысты емес. Бала туу тәлім-тәрбиеге, пиғылға байланысты. Егер сіз көп балалы отбасында тәрбиеленіп, мұсылман дінін қабылдап, дәстүрге жақын болсаңыз, сіз де көп бала өсіресіз. Ал жалғыз болсаңыз, сіз де жалғыз ғана бала өсіресіз.
Последние новости рубрики
27.07 (11:36) ҒЗИ+ЖОО=?
21.06 (13:57) "Коммуникативтік" әдістеме 07.05 (11:58) Тілдік саясат 06.04 (13:54) Зейнетақылық капитал 23.02 (09:18) Боздақтар мәңгі жадымызда 12.12 (17:55) "Әліпбилік" саясат 15.11 (16:22) Қоғамдық сарапшылар палатасы қажет пе? |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||