Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 506    Танымдылық: Орташа рейтинг : 3.60 Қайдан 5 Дауыстар   
20 Мам., 2008 15:41 ["Рика-ТВ" телеарнасы, Ақтөбе]

Кіші Қарағанды өзені ластанып барады


Қандыағаш қаласын жағалай ағып жатқан кіші Қарағанды өзені санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сай емес. Судың құрамын зерттеген Ақтөбе облыстық табиғат қорғау прокуратурасының қызметкерлері осындай тоқтам жасап отыр. Тексеру нәтижесінде қадағалаушы орган заңды бұзған шаруашылықтарға қарсы бірқатар шараларды қолға алды.

Қандыағаш аумағындағы кіші Қарағанды өзені ластанып кеткен.
Қандыағаш қаласын жағалай ағып жатқан кіші Қарағанды өзені санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сай емес. Судың құрамын зерттеген облыстық табиғат қорғау прокуратурасының қызметкерлері осындай тоқтам жасап отыр. Тексеру нәтижесінде қадағалаушы орган заңды бұзған шаруашылықтарға қарсы бірқатар шараларды қолға алды. Ел заңдарына сәйкес әр шаруашылық өндірістік қалдықты тастауға рұқсат алуға тиіс. Бірақ, бұл талапты қандағаштықтар ескерер емес. Тағы бір айта кететін жәйт, тоғыз жолдың торабында орналасқан қалада канализациялық жүйе жоқ. Сондықтан "Фин қалашығы" деп аталатын ықшамаудан тұрғындары кәріз суларын кіші Қарағандыға ағызып жіберуге мәжбүр. Табиғат қорғау прокуратурасы тексеруден соң жергілікті әкімшілікке хат жолдаған. Жуық арада бұл проблема өз шешімін табуы тиіс.

4. Өзге ұлт балалары қазақ тіліндегі байқауда бақ сынады.
"Менің болашағым қазақ тілінде." Облыстық тіл фестивалі аясында ұйымдастырылған кезекті байқау осылай аталады. Сынға алдын - ала іріктеуден өткен 6 балабақшаның бүлдіршіндері қатысуда. Олар Мұғалжар, Хромтау, Алға, Мәртөк, Қарғалы аудандарынан келген. Барлығы да қазақ және орыс топтарында тәрбиеленіп жатқан өзге ұлт балалары. Өзге ұлттың балғындары мемлекеттік тілде ән шырқап, бар өнерлерін ортаға салды. Осымен екінші мәрте ұйымдастырылып отырған байқау жеңімпаздары сый-сыяпатсыз қалмайды. Ал балабақшалардың қазақ тілін үйретудегі озық үлгілері жинақталып, алдағы уақытта тәжірбие жүзінде қолданылып көрмек.

5. Араға төрт жыл салып ардагер спортшылар тағы да бас қосты.
Ардагерлер арасындағы дәстүрлі облыстық спартакиада басталды. Бұл айрықша бәсеке төрт жылда бір рет өтеді. Сондықтан болса керек сайысқа барлық аудан түгел қатысуда. Ардагер спортшылардың байрақты бәсекелерді сағынып қалғаны байқалады. Олар қандай сыннан болсын тайынар емес. Және облыс орталығына жиналғандар жеңуден гөрі, өз күштерін тағы бір мәрте байқап көруді мақсат тұтқан. Кезінде талай топты жарып, бәйге алған тұлпарлар әлі де болса бабында. Қазіргі жас жігіттерден байқала бермейтін жігер мен жалын, тәуекел мен табандылықтың ардагерлердің бойында шексіз екені аңғарылады.
((СИНХРОН ХР 00:00:20
СИНХРОНИРУЕМЫЙ: кісі
ТИТР: опрос
Ойылдан келдім, спортпен айналысуды тоқтатқан жоқпыз, дос жарандармен кездесіп жатырмын))

((СИНХРОН ХР 00:00:20
СИНХРОНИРУЕМЫЙ: әйел
ТИТР: опрос
Мен Әйтеке биден келдім. Өзім баскетболисткамын бірақ, теннисті жақсы көрем, сосын жүзуге қатысамын))


Түпнұсқа

» 17 Мам., 2008 01:02 жұма / "Рика-ТВ" телеарнасы, Ақтөбе

Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 3.8571 & 15 Сұрау Серверді жегу: 2.17