|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
Жемістегі Алла есімі18 мың ғаламды жаратушы бір алланың құдіретін мұсылман қауым ғана емес, өзге дін өкілдері мойындай бастағанына куә болып жүрміз. Кейінгі кездері жаратушы иеміздің аты жазылған заттар мен құбылыстар күнделікті өмірде жиі кездесуде. Дәл осындай жайт қаламыздың тұрғыны сатып алған шабдалы жемісінде де байқалған. Жер әлемді жаратушы бір алланың құдіретін мұсылман қауым ғана емес, өзге де дін өкілдері мойындай бастады. Өйткені ешқандай дәлелдеуді қажет етпейтін жаратушының адам баласына жіберген ерекше құбылыстары да көпшілік арасында көптеп көрініс беруде. Бұл жақсылықтың белгісі. Мұндай белгілер Алла барын дәлелдейді және өз пенделерінің көкейінде күмән болмауын ескертеді. Расында да Аллахтың сана беріп жаратқан пенделері тіршілікте көп нәрсені аңғарып, айналасына барынша мән бере бермейді. Сондықтан да болар, кейде Жаратқан иеміз өзінің бар екендігін хақтан жіберілген белгілер арқылы пенделердің есіне салып қояды. Оларды тани білу-бақыт, адамдардың міндеті. Дәл осындай жаратушы алланың аты шабдалы жемісінде жазылғанын байқаған адамдар біздің де қаламызда бар. СНХ Гаухар Құсайынова Дәл осы мәселенің ізін суытпай біз іле-шала қаладағы мұсылмандардың орталық мешітіне барып істің анық-қанығын білуге тырысқан едік. ҚМДБ-ң Семей өңірі бойынша өкіл имамы Тыныштық қажы Яхьяұлы бұл жазудың алланың құдіреті екендігін айта келіп, оған күмән келтіруге болмайтынын айтады. СНХ Тыныштық қажы. Сондай-ақ қажы мұндай жазудың көрініс беруі заңдылық. Кейде адамның бойында желік пайда болады. Яғни дәулетіне сеніп, дәуірін дүбірлетіп өткізгісі келген жеңіл ойлыларға Аллах өзінің әрдайым жанында жүргенін білдіріп, сабырға, ақылдан адаспауға шақырады дейді. Енді сенбей көріңіз, сіз не байқап жүрсіз? Ең алдымен жұдырықтай жүрегіңіздің Аллах, Аллах деп соққан дүрсілін естисіз. Дегенмен осы арада тағы түсініспеушілік жайт туындап отыр. Ол қаламыздың көптеген жеміс-жидек сататын орындарында дәл осы жазуларға ұқсас жазуы бар жемістердің сатыла бастауы. Сонда бұл қалай болғаны жер бетіндегі шамамен бір жарым млд-тан астам мұсылман бауырларымыздың қасиетті дінін қорлау ма, жоқ әлде көршілес Қытай елінің өнімді сатып алушы мұсылман елдеріне жасаған жарнамасы ма? Қалай болған күнде де ата дінімізге енді ғана бет бұрып келе жатқанда дәл осындай көзбояушылықтардың арқасында дінімізге деген күмән туындамаса екен дегіміз келеді . Ермек Исабаев, Дәулет Айтқазинов ШАБ
Последние новости рубрики
07.06 (11:47) Үй үстіндегі үйеңкі
14.02 (12:01) Қазылық рекорд 04.02 (16:54) Тәтті бөлме 25.01 (12:28) Құпия шұңқырлар 13.12 (15:23) Адамша сөйлейтін тотықұс 30.11 (16:49) Саммитхан 21.09 (11:07) Әулиенің аса таяғы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||