Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 1124    Танымдылық: Орташа рейтинг : 4.83 Қайдан 18 Дауыстар   
16 Маусым, 2008 15:03 ["Отырар-ТВ" телеарнасы, Шымкент]

Қорықтарды абайлайық!


Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында 28 гектар орман шаруашылығы мен Түркістанда 157 гектар алқапты тілсіз жау шарпып үлгерген. Табиғат апатынан келген шығын 500 мың теңгені құрайды. Әзірге оңтүстіктегі қорықтар өрттен аман-сау. Десе де қорық жанынан өрт сөндіру бөлімін ашуға мұндағы мамандардың қаржысы болмай тұр.

Шыжыған ыстық әлі алда. Бұл күндері өртті болдырмау басты мәселеге айналады. Осы күнге дейін Отырар ауданында 28 гектар орман шаруашылығы мен Түркістанда 157 гектар алқапты тілсіз жау шарпып үлгерген. Табиғат апатынан келген шығын 500 мың теңгені құрайды. Әбуір болғанда, әзірге оңтүстіктегі қорықтар өрттен аман-сау. Бірақ, өрт шыға қалған жағдайда өрт сөндірушілердің алыстағы қорықтарға дер кезінде жетуі екі талай. ТБіздің түсіру тобымыз Ақсу-Жабағылы қорығының жазғы шілдеге дайындығын байқап қайтты.

Интершум. Работники....

Ақсу -Жабағылы қорығының қызметкерлері жаз келісімен қызу жұмыс науқанына білек сыбана кіріседі. Өйткені, бұл кезеңде қорыққа келушілер қатары көбееді, күннің ыстығынан кейде өрт шығуы да ғажап емес. Қорық инспекторы Сабыр Жүнісбаев мұнда тірліктің ең қиыны осы уақытта басталатындығын растайды.


((СИНХРОН ХР 00:00:00
СИНХРОНИРУЕМЫЙ: Сабыр Жүнісбаев
ТИТР: Ақсу -Жабағлы мемлекеттік табиғи қорық инспекторы
10/53 Ең қиыны туристердің келуі де осы жазда белең алады..... одан өрт болмасын деп қадағалаймыз... ))

Қорық қызметкерлері зардапты тек мұнда келушілерден ғана емес, табиғат апатынан да күтеді. Қорық басшысы Айтбек Мейірбеков кезекті рет қызметкерлеріне дабылды жеткізбек. Ол жиектен көк түтіннің қаумалағанын байқап қалды. Мұндай өрттерді дер кезінде сөндіруге олардың шамасы жетер-ақ. Егер, тілсіз жау бой алдырмай кеткен жағдайда, оны өшіру мүмкін болмай қалады,- дейді қорық басшысы.


((СИНХРОН ХР 00:00:00
СИНХРОНИРУЕМЫЙ: Айтбек Мейірбеков
ТИТР: басшысы.
04/24 Біздің қорық 4 ауданмен шектеседі. Төрт ауданда да өрт сөндіру орындары бар. ЬБірақ... олар жетемін дегенше қиын болады. Мемлекекеттің беріп жатқан қаржысы жетпейді... ))

Ақсу -Жабағылыда ауқымды өрт осыдан сегіз жыл бұрын орын алған. Оның артында қалдырған ізі бүгінге дейін әсем табиғаттың сәнін құртып тұр. Сол кездегі өрт шарпыған арша бұталарын әлі күнге дейін қайта қалпына келтіру қиынға соғып отыр.Ал, қорық жанынан өрт сөндіру бөлімін ашуға мұндағы мамандардың қаржысы болмай тұр. Бұл ретте қолдау көрсету шенеуніктердің ойына кіріп шықпайтын көрінеді.


Түпнұсқа

» 15 Маусым, 2008 05:00 Ақсу жабағлы / "Отырар-ТВ" телеарнасы, Шымкент

Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 7.4714 & 15 Сұрау Серверді жегу: 1.95