|
|
Бүгін
30.07 (10:34) Футбол. "Ақтөбе" - "Хапоэль" 1:0
30.07 (10:30) Бала денсаулығын нығайту 30.07 (10:28) Жабайы базар 30.07 (10:26) Орал қалалық жұқпалы аурулар емханасына түсуші қалалықтар қатары көбеюде 30.07 (10:24) Аптап ыстықтың салдары 30.07 (10:23) Отандық авиация білікті мамандарға зәру |
|
Егіздер Үнді мұхитын кесіп өтпекОралдық саяхатшы - егіздер - Сергей және Александр Синельниктер "Русь" атты екі орынды ескекті қайықпен Үнді мұхитын кесіп өту үшін Австралияның Карнарвон айлағынан шықты. Олар "Ескекпен мұхит арқылы өту" атты жобасы аясында Үнді мұхитын ескекті қайықпен кесіп өтуге бел байлаған. Бұған дейін әр ел спортшыларының Үнді мұхитын ескекті қайықпен кесіп өту талпынысы бір рет те орындалмапты. Жалпы қашықтығы 4500 теңіз миліне тең саяхат маршруты Австралия құрлығының батыс жағалауындағы Карнарвон айлағынан басталады, бірақ ақырғы нүктесі белгісіз, көп жағдай ағыстар мен күн райына байланысты болмақ. Сапарға шығар алдында Синельниктер борттағы барлық электр жабдықтарды ауыстырып, тұзды суды тұщытатын үш аппарат қойып, төрт айға есептелген сублимациялық тамақтардан қор жасады. Жағалаумен олар спутниктік телефон арқылы байланысады. Қайықтың жүрген жерін "Аргос" жүйесінің навигациялық жадықтарымен анықтау межеленген.
Последние новости рубрики
28.07 (16:43) Шалқар көлін жүзіп өткен жүзгіш
18.03 (10:19) Жүз жасаған ана 17.03 (14:33) "Қара жорғаны" құбылтқан қария 21.01 (13:09) Кітап сыйлау күні 19.01 (11:00) "Магнит"-адам 15.01 (09:28) Қазақстанға математика пәнінен 1,5 мың ұстаз қажет 25.12 (10:29) Инспектор-гинеколог |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||