Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 645    Танымдылық: Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар   
20 Тамыз, 2010 08:00 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы]

20 тамыз


1968 жылы Прага көшелеріне танкілер әкелінді. Бұл Прага көктемінің соңы болатын. 1619 жылы голландтық кеме Америкаға алғашқы 20 африкалық негрді әкелді. 1939 жылы Кеңес әскері Халхин Голге шабуыл жасады.

1968 жылы Прага көшелеріне танкілер әкелінді. Бұл Прага көктемінің соңы болатын. 1619 жылы голландтық кеме Америкаға алғашқы 20 африкалық негрді әкелді. 1939 жылы Кеңес әскері Халхин Голге шабуыл жасады.

1968 жылы Прага көшелеріне танкілер әкелінді. Бұл Прага көктемінің соңы болатын. Оның көшбасшылары социализмнің «адам пішінін» қайтаруға тырысты. Олар цензураны жойды, партия қызметін мемлекеттік мәселерден ажыратты, «социалистік нарық шаруашылығын» қалыптастырды. Ал Чехословакия реформалары басқа социалистік елдердің басшыларынан қолдау таппады. Саяси қысым іске аспаған соң, КСРО, ГДР, Польша, Венгрия, Болгария елдерінен Чехословакияға 200 мыңдай әскер келді. Наразылық акциясына шыққан 100 шақты адам атылып кетті. Станцияны бермей, қарсыласқан Прага радиосының 20 журналисі қаза тапты.

1619 жылы голландтық кеме Америкаға алғашқы 20 африкалық негрді әкелді. Олар Джеймстаун колониясын мекендеушілерге құлдыққа сатылды.

1812 жылы М.И. Кутузовты бас қолбасшылыққа тағайындау жөніндегі жарлыққа қол қойылды. Кутузов Барклай-де-Толлидің орнын басты. Барклай жаман қолбасшы болған жоқ. Оның шегіну әдісі өте дұрыс болатын. Біріншіден, француздар саны бойынша орыс армиясын үш орап алатын, оның үстіне орыс армиясы ақтық шайқасқа дайын емес еді. Барклай-де-Толлидің бұл жетістігін ешкім түсінбеді де, бағаламады. Керісінше ұлты неміс Барклайды қорқақ, сатқын деген айыптады. Патшаның көпшілікке есімі етене таныс Кутузовты қолбасшылыққа тағайындамасқа амалы қалмады. Жұрт арасында «Кутузов француздарды жоюға келді» деген мағынадағы мәтел сөздер шықты. 7 қыркүйек күні Кутузов Бородино селосының маңында ақтық шайқас жасауға бел буды. Оның құрамында қазақ әскерлері де болған.

1939 жылы Кеңес әскері Халхин Голге шабуыл жасады. 1939 жылы жапон әскері Моңғолияға бас салғаны белгілі. Ал, кеңес-моңғол әскерлерін басқаруға полковник Георгий Жуков тағайындалды. Огіс генералінің 6-шы ерекше армиясының құрамында 75 мың адам, 182 танк, 300-дей ұшақ, 500 зеңбірек болды. Жапон армиясы моңғол жеріне тастай бекініп алды. Жуковтың мұқият ойланған жүйесінің арқасында жау Кеңес Одағының ең ірі бөлімшелерін байқамай қалды. 20 тамызда Кеңес Одағының шабуылы басталып, 5 күннен соң жау қоршауда қалды. Халхин Гол шайқасынан соң жапон армиясы әлсіреп қалды және Жуков есімі асқақтап кетті. Қазақстанда жапон соғысына қатысқан ардагерлер әлі де бар.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики

08.02 (08:51) 8 ақпан

06.02 (11:22) 6 ақпан

03.02 (08:00) 3 ақпан

30.01 (08:00) 30 қаңтар

27.01 (08:44) 27 қаңтар

26.01 (08:00) 26 қаңтар

24.01 (07:36) 24 қаңтар


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.3702 & 14 Сұрау