Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 734    Танымдылық: Орташа рейтинг : 1.00 Қайдан 1 Дауыстар   
23 Тамыз, 2010 08:01 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы]

23 тамыз


Халықаралық құл саудасы құрбандарын еске алу және оны жою күні. 1939 жылы КСРО мен Германия шабуыл жасамау жөнінде келісім-шартқа отырды. 1977 жылы Калифорнияда қозғалысқа адам күшімен келетін ұшатын аппарат ұшырылды. 1913 жылы Копенгагенде Ханс Кристиан Андерсонның ертегісінің кейіпкері Су перісіне арналған ескерткіш ашылды.

Халықаралық құл саудасы құрбандарын еске алу және оны жою күні. 1939 жылы КСРО мен Германия шабуыл жасамау жөнінде келісім-шартқа отырды. 1977 жылы Калифорнияда қозғалысқа адам күшімен келетін ұшатын аппарат ұшырылды. 1913 жылы Копенгагенде Ханс Кристиан Андерсонның ертегісінің кейіпкері Су перісіне арналған ескерткіш ашылды.

Халықаралық құл саудасы құрбандарын еске алу және оны жою күні. 1791 жылы қазіргі Гаити мен Доминмкан республикасында, Санто-Доминго аралында құлдар көтерілісі болып, сол оқиғадан кейін құлдық жүйе жойыла бастады. Құлдықпен дүниежүзі бойынша күрескелі 200 жыл өтсе де, оны түпкілікті жойып жіберу мүмкін болмады. БҰҰ-ның мәліметтері бойынша, жыл сайын әсіресе миллиондаған әйелдер мен балалар алдап-арбау мен күш көрсетудің құрбандарына айналып, «тірі тауар» ретінде сатылуда. Қазіргі кезде «жаңа құлсаудасы» өте терең де кең тараған проблема қатарына жатады. 2004 жылы Қазақстанның құқыққорғау органдары адам саудасы жөнінде 27 істі қарады. Сот адам саудасы бойынша 14 істі тыңдаса, оның 12-сі жазаланды. Бірақ олдардың бесеуі ғана түрмеге қамалды, ал қалғандары шартты түрде үкім алды. Құлсаудасының шын мәніндегі статистикасын ешкім білмейді.

1939 жылы КСРО мен Германия шабуыл жасамау жөнінде келісім-шартқа отырды. Келісім-шарт тараптардың бір-бірлеріне ешқашан соғыс ашпайтыны және барлық мәселені бейбіт түрде шешетіндігі жөнінде еді. Германия 1941 жылы 22 маусымда аталмыш келісім-шартты бұзып, тұтқиылдан шабуыл жасады. Германия осы соғыс салдарынан 500 мыңнан аса адамнан айырылды.

1977 жылы Калифорнияда қозғалысқа адам күшімен келетін ұшатын аппарат ұшырылды. Оны құрастырушы Пол Битти Маккреди, ал ұшқышы велосипедші Брайан Аллен болды. Екеуіне Кремер сыйлығы беріліп, 50000 фунт стерлинг төленді.

1913 жылы Копенгагенде Ханс Кристиан Андерсонның ертегісінің кейіпкері Су перісіне арналған ескерткіш ашылды. Қалаға мүсінді сыйлаған 1909 жылы «Су перісі» ертегісін тамашалап, тәнті болған сыра қайнатушы Карл Якобсен. Ескерткіш Данияның рәмізі болып қалды. Бірақ Су перісінің жолы болмай-ақ қойды, өйткені жергілікті бұзақылар оның басын талай рет ұрлаған.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики

10.02 (08:45) 10 ақпан

08.02 (08:51) 8 ақпан

06.02 (11:22) 6 ақпан

03.02 (08:00) 3 ақпан

30.01 (08:00) 30 қаңтар

27.01 (08:44) 27 қаңтар

26.01 (08:00) 26 қаңтар


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.5045 & 14 Сұрау