|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
09.02 (11:43) Алматыда екі күнде заңсыз жүрген 700-ден аса кірме ұсталды 09.02 (11:35) "Мирич груп" компаниясының басшыларына іздеу жарияланды 09.02 (11:17) Қазақстан нарығында жанар-жағармай тапшылығы орын алуы мүмкін 08.02 (15:39) Көкек әкелер 08.02 (15:33) Алматыдағы қоғамдық көліктердің бағыттары өзгерді |
|
25 тамыз2003 жылы әлемде алғаш рет тілді алмастыру операциясы болды. 1960 жылы Римде XVII Олимпиадалық ойын басталды. 1968 жылы Мәскеуде 7 құқыққорғаушы басқыншылыққа қарсы алаңға шықты. 1927 жылы Семейде атаман Борис Анненков атылды. 1930 жылы Тбилисиде отандық киноның ең белгілі де, сүйікті режиссері Георгий Данелия дүниеге келді. 1944 жылы кинорежиссер әрі сценарист Сергей Соловьев дүниеге келді. 2003 жылы әлемде алғаш рет тілді алмастыру операциясы болды. Бөтен тіл Венаның 47 жастағы ер адамына салынды. Оның тілінде ісік болғандықтан, операция жасалған болатын. Операция 14 сағат бойы жүрді. 1960 жылы Римде XVII Олимпиадалық ойын басталды. Оған 83 елден 5348 спортшы қатысты. Олимпиада тарихқа ең көп қатысушысы болған, спорттық күресте қарсылас табылмайтын, көптеген рекордтар мен сенцацияға толы ойын ретінде енді. КСРО құрамасы ең көп медальға қол жеткізген ел. Ол 43 алтын, 29 күміс, 31 қола медальға қол жеткізді. 1968 жылы Мәскеуде 7 құқыққорғаушы басқыншылыққа қарсы алаңға шықты. Бұл жолы отанға өзге ел басқыншылық жасаған жоқ, отан басқа елге басқыншылық жасады. Мәскеуде Прагадағы танктерге қарсы Лариса Богораз, Павел Литвинов, Константин Бабицкий, Наталья Горбаневская, Виктор Файнберг, Вадим Делоне және Владимир Дремлюга парапетке отырып, «Еркін, тәуелсіз Чехословакия жасасын!», «Басқыншыларға масқара!», «ЧССР-ден қолыңды тарт!», «Сіздер мен біздердің еркіндігіміз үшін!» деген ұрандармен шықты. Олар сол заматта сотталды. 1927 жылы Семейде атаман Борис Анненков атылды. Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ол 1918 жылы Сібір казак дивизиясын басқарған болатын. Ол Кеңес өкіметіне бағынудан бас тартып, құрамында 10 мың адамы бар партизандар дивизиясын құрды. 1919 жылы Колчак Анненковты Жеке Жетіөзен армиясының қолбасшысы етіп тағайындады. Ол 1920 жылы жойылды. Атаманның өзі Қытайға кетті. 1926 жылы Анненков құпия түрде оралып, Азамат соғысы кезінде бейбіт халыққа көрсеткен басқыншылығы үшін КСРО Жоғарғы сотының әскери ұжымының атынан сотталып, ату жазасына кесілді. 1930 жылы Тбилисиде отандық киноның ең белгілі де, сүйікті режиссері Георгий Данелия дүниеге келді. Оның жұмысы бір емес, бірнеше рет халықаралық фестивальдарда сыйлыққа ұсынылды. Ал автор КСРО халық әртісі, сондай-ақ КСРО Мемлекеттік сыйлығының және Рсесй Федерациясының Мемлекеттік сыйлығының иегері. 1944 жылы кинорежиссер әрі сценарист Сергей Соловьев дүниеге келді. Оның атақты фильмдері: «Асса», «Қара раушан-көңілсіздік белгісі, қызыл раушан-махаббат белгісі», «Жұлдызды аспан астындағы үй». Последние новости рубрики |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||