|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
09.02 (11:43) Алматыда екі күнде заңсыз жүрген 700-ден аса кірме ұсталды 09.02 (11:35) "Мирич груп" компаниясының басшыларына іздеу жарияланды 09.02 (11:17) Қазақстан нарығында жанар-жағармай тапшылығы орын алуы мүмкін 08.02 (15:39) Көкек әкелер 08.02 (15:33) Алматыдағы қоғамдық көліктердің бағыттары өзгерді |
|
27 тамызБүгін кино күні. 2000 жылы Останкино мұнарасы өртенді. Өрт бір тәуліктен соң бір-ақ сөнді. 1955 жылы Лондонда алғашқы Гиннестің рекордтар кітабы жарық көрді. 1859 жылы полковник Эдвин Дрейк американдық Тайтасвилла қаласының маңында алғаш рет ұңғымамен мұнай бұрғылады. Бүгін, сондай-ақ шахтерлер күні. 1925 жылы белгілі қазақ мүсіншісі Есімхан Наурызбаев дүниеге келді. Бүгін кино күні. Атаулы күн күнтізбеде кеңес дәуірінен бар. 1919 жылы Владимир Ленин киноның өнерде маңызы зор деп есептеп, кино бөлімін дамыту жөніндегі қаулыға қол қойды. Кино сөзін грек тілінен аударғанда «қозғалу» деген мағына береді. 2000 жылы Останкино мұнарасы өртенді. Өрт бір тәуліктен соң бір-ақ сөнді. Телеэфирлер үнсіз қалды. Өрт 300 метр биіктікте орын алған, оның өзі өртті сөндіруге үлкен қиыншылықтар туғызды. Өрттен үш адам қаза болды. 1955 жылы Лондонда алғашқы Гиннестің рекордтар кітабы жарық көрді. Мұндай анықтама басып шығару «Гиннен» компаниясының басшысы Хью Биверидің ойына келді. Бір күні аңға шыққан ол алтын бидайық құсына оқ тигізе алмайды. Кешқұрым достарымен сыра ішіп отырып ол осы оқиғаны айтып береді. Оны жұбатқысы келген жолдасы оның ең жылдам ұшатын құс екендігін, ондай құсты дәл көздеу мүмкін емес екендігін айтады. Осы әңгімеден соң, «ең, ең» деген тақырыпта пікірталас орын алады. Биверидің ойына осындай жерлерде осы тақырыпта қаншама адамдардың әңгіме-дүкен құратыны түсті. Әр жерден, облыстардан сол пікірлерді жинап-теру үшін оған демеуші керек еді. Оны ағалы-інілі Норрис, Росс Макуртерлер құтқарды. Олар Лондондағы ақпарат агенттігінің иелері. Гиннес кітабы бестселлер қатарында бірінші орынды иеленді. 1922 жылы Мәскеуде «Крокодил» атты сатиралық журналдың бірінші саны жарық көрді. 30-шы, 40-шы, 50-ші жылдар журнал үшін өте қиын уақыт болды, сондықтан сталиндік дәуірде сатира мен юмор бағаланбады. «Крокодилде» астыртын, терең ойлы, керемет сатириктер жұмыс істеді. 1859 жылы полковник Эдвин Дрейк американдық Тайтасвилла қаласының маңында алғаш рет ұңғымамен мұнай бұрғылады. Бұл күн американдық мұнай өнеркәсібінің дамуы болатын. Бүгін, сондай-ақ шахтерлер күні. 1925 жылы белгілі қазақ мүсіншісі Есімхан Наурызбаев дүниеге келді. Белгілі Абай ескерткішінің авторы Қостанай облысында дүниеге келген. 1939-1941 жылдары ол Алматы көркемсурет училищесінде оқыды. Сонымен қатар ол скульптор Ольга Кудрявцеваның шеберханасында жұмыс істеді. Оның білімін жалғастыруға себеп болған сол кісі. Есімхан Наурызбаев 1951 жылы Харьков көркемсурет университетін қызылға бітірді. Последние новости рубрики |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||