|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
Балықтар қырылған...«ЭРА» ТЕЛЕАРНАСЫ// 21-ТАМЫЗ// ЖАҢАЛЫҚТАР//20.00// К. КӘРІБАЕВА Осыдан бІрнеше күн бұрын Нұра-Есіл каналында балықтардың қырылу фактісі тіркелді. Көп мөлшерде болмаса да, бұл мамандардың алаңдаушылығын тудырды. Зерттеу жұмыстарымен айналысқан комиссияның тұжырымын тілшілеріміз біліп келген болатын. Осыдан бірнеше күн бұрын Астана қаласының жанындағы Нұра-Есіл каналында балықтар қырылған. Бұл туралы сол маңдағы тұрғындар балық шаруашылығы комитетіне хабарлаған. Мамандар оқиға орнына барып, судың сынамасын алған екен. Қазірде толық тұжырымдама дайын емес. Бірақ сарапшылар оның себебін топшылап отыр. НЫҒМЕТ ҚАУАШЕВ, ҚР АШМ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КОМИТЕТІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ: «Балықтың көлемін барып зерттегенде 40-50 дана балықтың, өлген балықтың несі табылған.Бірінші біздің болжап отырғанымыз не жазғы ненің судың құрамында ауа жетпей, кислород жетпеуі деп болжап отырмыз.Ол неден болғаны біріншіден біздің болжамымыз- ол ақпайтын каналдың шеті, сол кезде өсімдік көп өсіп құрғақшылық болғаннан кейін өсімдік неғылған, өсімдіктер бүкіл жаңағы ауаны өзіне алғанда сол кезде ауа жетпегендіктен». Балықтардың қырылу оқиғасынан кейін аталмыш канал артық шөп-шаламдардан тазартылып, қазір ретке келтіріліпті. Бірақ, су ішіндегі қоқыстар қазір Есілдің өзінде жеткілікті. «Бұрынғыдай балықтың жоқтығы соның салдарынан» дейді қала балықшылары. АЛДАБЕРГЕН ТОҚСЕЙІТОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Мен бұл жерде көбінесе балықты алмаймын. Жемеймін бұл жердегі балықты. -Неге? -Өйткені бұл жердегі балықтың бәрі кішкентайда өте. Сосын ол кішкентай болғаннан кейін өссін деп қайыра жіберем суға. Мен үлкен балықтарды өзеннен алыс осы жерден 50-60 шақырым жерге барып, өзеннен алам». ТІЛЕУЛІ ТӨЛЕБЕКОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Балық азайғанда енді бәрі ана неге байланысты. Қазір мына жерде тура осы жерде мост істеп жатыр. Бұрынғы кездегідей емес Астана болғалы общы». Сонымен Есілді шолпылдата жүзер балықтардың азайып кетуін әркім әрқалай топшылайды. Ең бастысы биылғы жылы орын алып отырған құрғақшылық та оған әсер етпей қалмауда. Оның үстіне қала тұрғындарының су жағасында демалып алып, артынша қоқыстарын жинамай кетуі де қолдан жасалып отырған қиянаттардың бірі болып отыр. Последние новости рубрики
30.05 (10:57) Саябақтар шеруі
13.05 (10:27) "Бердинг 2011" 19.01 (16:57) Киік аулауға тыйым салынды 01.12 (12:12) Банан өсіру 25.10 (15:39) Көбелектер әлемі 15.04 (10:28) Жаңа аллея 04.03 (10:44) "Табиғатты қорғау-болашақты ойлау" |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||