Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 964    Танымдылық: Орташа рейтинг : 3.36 Қайдан 11 Дауыстар   
22 Тамыз, 2008 19:25 [, ]

"Бишофиттік" тазалық...


Астана қаласының коммуналдық қызметкерлері өз кезегінде қаланы шаңнан арылтудың жаңаша әдісін қолдануда. "Бишофит" деп аталатын құрамында түрлі химиялық қоспасы бар шаң басқыш құрал өзінің тиімділігін алғашқы күннен бастап дәлелдеген. Қазір ол суға араластырылып, Астананың барлық көшелеріне себіліп жатыр.

«ЭРА» ТЕЛЕАРНАСЫ// 22-ТАМЫЗ// ЖАҢАЛЫҚТАР//20.00// Е. МӘНДІБЕК

Өз кезегінде коммуналдық қызметкерлер /қаланы шаңнан арылтудың жАңаша әдісін қолдануда. БишОФит деп аталатын құрамында түрлі қоспасы бар шаң баСқыш құрал/ өзінің тиімділігін алғашқы күннен бастап дәлелдеген. Қазір ол суға араластырылып, Астананың барлық көшелеріне себеленуде. Ербол Мәндібектің бейнематериалы.
Қала ішіндегі шаң-тозаң осыдан бірер ай бұрынғымен салыстырғанда 50 пайызға дейін азайған. Мамандар мұны «бишофит» минералды материалының көмегіне жүгініп жасаған. Тиімді деп отыр. Осы уақытқа дейін шаруашылық көшедегі тозаңмен күресу үшін қара суды өлшеусіз шашып шаңды баса алмай шаршаған болатын. Тиісті мекеме оның да шешімін тапты. Енді тозаңы көкке көтерілген Астана бишофиттің көмегімен тынығатын болды. Беліне бөшке байлаған көліктер сол суға химиялық қоспа қосып қозған шаңды жерге қондыруда.


БЕРДЕН ҚАБЫЛОВ "АСТАНА ГОРКОММУНХОЗ" АҚ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
«Бұның тиімділі мынада бұрын бұған дейін шаңды басу үшін суды қолданған кезде бір көшеге мәселен бір техника 7-8 рейс жасайтын, ал қазір таңертең бір рет бишофитті бүркіп өтеді оның жаңағы әрекеті бір сөткеге дейін жетеді. Келесі күні тағы бір рет шашып өтеді болды».

ЕРБОЛ МӘНДІБЕК ТІЛШІ:
«Құрамының басым бөлігі тұздан тұратын түрлі химялық қоспалары бар бишофит экологиялық жағынан таза болып табылса, экономикалық жағынан әлдеқайда тиімді. Мысал үшін айтар болсақ осы уақытқа дейін елорданың барлық көшелерін жоспар бойынша бір тәуліктің ішінде шаңнан арылту мүмкін болмаған. Мамандар енді жаңа технологияның көмегімен айтулы жоспарымызды жүзеге асырамыз деп отыр. Бірақ баршасын қызықтыратын бір ғана сауал - бишофит қайдан пайда болған».

БЕРДЕН ҚАБЫЛОВ "АСТАНА ГОРКОММУНХОЗ" АҚ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
«Бұл енді қайдан шығады дегенде бұл минералды құрал баяғы өткен мың жыл бұрынғы теңіз мұхитттар бар ғой солар кеуіп кетті ғой соның орнында қалған тұздар жылдар өте құрамы өзгеріп бишофит, хлорлы магниге келеді. Оны теңіздің түбінен 5000 метрден қазып алады».

Бір айта кетерлігі бишофитті, яғни шаң басқыш жаңа минералды құралды қыс мезгілінде де қолдануға болады. Құрамын сәл өзгертіп қақаған аязда тайғақ мұзды тас жолға себелесең қатқан мұздың да сеңін бұзатындығына сенім бар. Айналасы аз уақыттың ішінде қаланың шаңын жерге жастатқан химиялық құрал әзірге жақсы деген бағаны иемденіп тұр, ал мамандар болса бишофит енді бұдан былай біздің қаламыздың ауасының әр қашан таза болуы үшін қызмет етеді деп сендіреді.

ЕРБОЛ МӘНДІБЕК


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.6167 & 14 Сұрау