|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
03.02 (14:14) Заңсыз діни ағым 03.02 (14:09) Жеті ай тергеліп, үш ай қаралған сот отырысына нүкте қойылды 03.02 (14:04) Жер саудасы 03.02 (08:00) 3 ақпан 30.01 (08:00) 30 қаңтар |
|
Құсбегілік мирасЖаңалықтар «ЭРА телеарнасы», 09.02.09 ж, 20:00 /Армангүл Тоқтамұрат/ Құсбегілік атадан балаға мирас болып қалуы тиіс! Ақтөбеде осындай мақсатты көздеген республикалық «Бүркітші» жарысы өтті. Ұйымдастырушылар бұл өнерді балалар арасында кеңінен насихаттау керек дейді. Биылғы ұлттық сайысқа 17 саятшы қатысты. Бүркітті қолдан ұшырып, жем алдыру. Ақтөбеліктер мұндайды бірінші рет көріп отыр. Таң қалып, іш тартпаған көрермен жоқ. Әсіресе, туғаннан жыртқыш құсты көрмеген балалар таң-тамаша. ВЛАДИМИР ЗЕМБЛЕВСКИЙ – «БҮРКІТШІ» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: - Бұл өнердің отбасынан ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқаны жақсы. Өйткені, кез келгені мұны бірден қағып ала алмайды. Сондықтан, баланы кішкентайынан бүркітке үйреткен абзал. Тәжірибе жинақтайды. Еркебұлан Баясқан сайысқа Астанадан ат терлетіп келіп отыр. 6-сыныптың оқушысы мұндай республикалық жарысқа тұңғыш рет қатысыпақ. Еркебұланның құс бегілікке деген қызығушылығын атасы оятыпты. Қанатты досына сенген кішкентай құсбегі бүгін жеңіске жететіне сенімі мол. Алтын, күміс жүлделер Ақмола облысынан келген қатысушыларға бұйырды. «Бүркітші-2009» ұйымдастырушылар алдағы уақытта жарысты халықаралық деңгейде өткізуді көздеп отыр. Әлем бойынша құсбегілік тек клубтық деңгейде қалып қоюда. Последние новости рубрики
30.05 (10:57) Саябақтар шеруі
13.05 (10:27) "Бердинг 2011" 19.01 (16:57) Киік аулауға тыйым салынды 01.12 (12:12) Банан өсіру 25.10 (15:39) Көбелектер әлемі 15.04 (10:28) Жаңа аллея 04.03 (10:44) "Табиғатты қорғау-болашақты ойлау" |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||