Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 829    Танымдылық: Орташа рейтинг : 8.75 Қайдан 4 Дауыстар   
26 Ақпан, 2009 11:07 [ТК "Эра", Астана]

Қазақтың билогиялық таңбасы


Қазақ сәбилерінің жамбасында көк таңба міндетті түрде болады екен. Табаны күректей 30 жыл тәжірибесі бар акушер-гинеколог Бақыт Әйімбетова осыны байқаған. № 2 перзентханада күніне 17-18 сәби жарық дүние есігін ашады. Тең жартысы қазақ балалары.

Жаңалықтар «ЭРА телеарнасы», 25.02.09 ж, 20:00 /Индира Жылқайдарова/
Қазақ сәбилерінің жамбасында көк таңба міндетті түрде болады. Табаны күректей 30 жыл тәжірибесі бар акушер-гинеколог Бақыт Әйімбетова осыны байқаған. № 2 перзентханада күніне 17-18 сәби жарық дүние есігін ашады. Тең жартысы қазақ балалары.

БАҚЫТ ӘЙІМБЕТОВА - № 2 ПЕРЗЕНТХАНА ЖҮКТІЛІК ПАТОЛОГИЯСЫ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
- Бәрінде бірден көзге түсіп тұрады деп айта алмаймын. Кейбіреулерінде екінші, үшінші тәулікте пайда болады, кейбіреулерінде анық көрініп тұрады.

ЗӘКІР НАРЫМБЕТОВ - № 2 ПЕРЗЕНТХАНАНЫҢ АКУШЕР-ГИНЕКОЛОГІ:
- Кейбіреулерінде сол 7-8 жылға дейін білініп тұрады. 10 жылға баруы мүмкін. Әжелеріміз айтатын, көк таңба болса, келесі бала ұл болады деп.

Жамбасқа бітетін «көк бояу» жайлы аңыз көп. Біреулер «періште алақаны» дейді. Бала құрсақтан шықпай қыңырлық танытқан кезде періште бір салған екен, көкпеңбек із содан қалған деседі. Қазақтың белгілі этнограф ғалымы Жағда Бабалық аспан түстес табиғи таңбаны қазаққа ұлтық ерекшелік етіп таңып отыр.

ЖАҒДА БАБАЛЫҚ – ЭТНОГРАФ:
- Ұлттық таңбаны ғылымға енгізу керек. Бізге керек нәрсе, зерттеу жүргізу керек. Біздің биологиялық таңбамыз бұл.

Мұны ғылым негізінде дәлелдеп көк таңбаны - қазақтың ерекшелігі етіп таныту керек деген Бабалық бабаның сөзін өзге этнографтар қолдап отырған жоқ.

МАҚСАТ АЛПЫСБЕС - ЭТНОГРАФ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:
- Кез келген халықтың нәсілдік белгілерін ұлттық брендке айналдыру бұл тұрпайы нәрсе. Сондықтан ұлттық брэнд есепке алғанда мәдени дүниелерді негізге алуымыз керек.

Көк таңбаға қатысты ұсыныс жасаған алматылық этнограф мынадай да жорамал айтты.

ЖАҒДА БАБАЛЫҚ – ЭТНОГРАФ:
- Көк таңба біздің биологиялық таңбамыз. Себебі қазақ халқының бәрінде бар. Ондай таңба қырғызда бар, моңғолда бар, якутта да бар. Басқа түркі халықтарында болмайды. Сонда бұл жерде біз осы 4-5 ұлт бәріміз бір атадан тараған болуымыз мүмкін.

МАҚСАТ АЛПЫСБЕС - ЭТНОГРАФ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ:
- Біз зерттеулерімізде, біз қариялардан сұрағанымызда, осындай сәбидің арқасында кездесетін көк дақтылар дегенде, сол қариялар айтатұғын бұл түркі халықтарына тән дүние, сонымен қазақтың түрікке жататыны дәлелденді.

Алайда, қазақи таңба этнографтың мақсатын ақтамайтын түрі бар. Ұлттық брендтің мақсаты - елді әлемге таныту екенін ескерсек, қазақтарға тән көк таңбаның көзге көрінбейтін жерде орналасуы қиындық туғызатыны анық.

Жаңалықтар «ЭРА телеарнасы», 25.02.09 ж, 20:00
«Тыңда тоғысқан тағдырлар». Тың игеру кезеңінің басталғанына 55 жыл толуына орай бүгін елордада осындай көрме өтті. Кеңестер Одағы кезінде жұмылған жұдырықтай еңбек етіп, тыңға түрен салған түрлі ұлт өкілдері осы көрмеде бас қосты. Мұнда өткен күннің тарихынан сыр шертетін сарғайған шежіредей фотосуреттер, мағлұматтар мен құжаттар жинақталған. Көрме соңы «Тың тарихы ұмытылмайды» атты тың игерушілердің кездесуіне ұласты.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.834 & 14 Сұрау