|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
Мектеп ішіндегі телеарнаЖаңалықтар «ЭРА телеарнасы», 26.02.09 ж, 20:00 /Гүлнұр Имандосова/ Мектеп ішіндегі телеарна. Астанадағы №38 қазақ мектебінде екі жылдан бері мектеп телеарнасы жұмыс істейді. Мұндағы тілшілер - талантты оқушылар, ал көрермендері - әзірге ата-аналары. Балалар түрлі тақырыптағы бағдарламалар дайындау үшін ертеден кешке дейін мектеп қабырғасында жүреді. Телеарна мектеп оқушыларының бойындағы талант пен талапты ашуға үлкен көмек болып отыр. 6-сынып оқушысы Бекмұхамед «Эм ти Эй» арнасына жүргізуші ретінде қабылданды. Байқаудан еш қиналмастан өткені - үнемі мектеп концерттерін жүргізудің жемісі болса керек. БЕКМҰХАМЕД СӘРСЕНБЕК - №38 МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ: - Жақында директорлар келіп кетті...Соларға концерттер қойып бердік... «Эм ти Эй» арнасы бұл мектепте екі жылдан бері жұмыс істейді. Түрлі бағдарламалары бар. Әзіл-оспақ, мәдениет, сән үлгісі сияқты әр алуан тақырыптарды көтереді. Әсіресе, мемлекеттік тілге қатысты бағдарламаларды көп түсірген. ЕРНҰР ДАУТАНОВ - №38 МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ: - Бағдарламалар 3 тілде жүргізіледі. Осы 3 тіл арқылы біз Қазақстанның қазіргі жағдайын көрсетсек дейміз, көрсеттік те... Балалар үшін күні бойы осы бір кішкентай мектеп телеарнасын жағалау қызық көрінеді. Студияда Арыстанның да жұмысы көп. Ол әрі оператор - камераға түсіреді, әрі сол түсірген материалдарының дыбысын қадағалаушы режиссер. Камераны дұрыс қолдана білуді туыстарынан үйренген. АРЫСТАН ТҮЛКІБАЕВ - №38 МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ: - Бір қызығы: мұнда бұған дейін бірін бірі білмейтіндер жақын араласып, достасып кетті. Қазір бәрі бірге жүреді. Арнаның редакторы әрі информатика пәнінің мұғалімі Ләззат Есенова өз жобасының оқушылар арасында осындай сұранысқа ие болғандығына қуанады. ЛӘЗЗАТ ЕСЕНОВА, ИНФОРМАТИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: - Енді арманымыз - профессиональный телестудия болсақ дейміз... 2-арманымыз - үлкен эфирге шықсақ деген ойымыз бар... Мектеп дәстүрі бойынша 11-сыныпты бітіргендер бұл жұмыстарын өздерінің ізбасарларына табыстап кетеді. Енді мектеп жобасы болашағының зор болуы кішкентай Бекмұхаммедке де байланысты болмақ. Жаңалықтар «ЭРА телеарнасы», 26.02.09 ж, 20:00 Соңғы уақытта Астана тұрғындары арасында туберкелезге шалдыққандар қатары 20, ал бұл дерттен қаза табатындардың қатары 40 пайызға кеміген. Алайда, бұл көрсеткішті елдің басқа өңірлерінен келіп-кетушілер қайта көбейтіп отыр. Қазір әрбір 100 мың мигранттың 125-і өкпе қабынуына шалдыққан. «Бұл осы дерттен зардап шегетін жергілікті тұрғындардан екі жарым есеге көп» дейді денсаулық сақтау министрі Жақылық Досқалиев. Министрдің айтуынша, негізінен Ақмола және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан келген азаматтардың арасында осы сырқатқа шалдыққандар жиі ұшырасады. Оларды жүйелі түрде емдеу Последние новости рубрики
07.06 (11:47) Үй үстіндегі үйеңкі
14.02 (12:01) Қазылық рекорд 04.02 (16:54) Тәтті бөлме 25.01 (12:28) Құпия шұңқырлар 13.12 (15:23) Адамша сөйлейтін тотықұс 30.11 (16:49) Саммитхан 21.09 (11:07) Әулиенің аса таяғы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||