Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 757    Танымдылық: Орташа рейтинг : 7.00 Қайдан 5 Дауыстар   
8 Сәуір, 2009 11:09 [ТК "Эра", Астана]

Нейрохирургтер мұрын арқылы миға операция жасады


Астаналық нейрохирургтер мұрын арқылы мидағы ісікті алып, зағип болып қалған науқастың көз жанарын қалпына келтірді. 67 жастағы Аманжол Мейрамұлы миында ісік бар екенін қаңтар айында бірақ білген. Тұмауға шалдықтым деп жүрген Аманжол ағаның күтпеген жерден жанары жоғалып, су қараңғы болып қалады.

Жаңалықтар «ЭРА телеарнасы», 07.04.09 ж, 20:00 /Жұлдыз Бейсенқызы/
Медицина саласында - сенсация! Астаналық нейрохирургтер мұрын арқылы мидағы ісікті алып, зағип болып қалған науқастың көз жанарын қалпына келтірді. Жұлдыз Бейсенқызының бейнематериалы.
Наурыздың онынан бері зайыбымен бірге нейрохирургия орталығында жатқан Аманжол Мейрамұлы бала-шағасына жетуге асық. Операциядан кейін шөберелі болғанын естіген ол кісі үйдегі нәрестені көремін деп ойлаған жоқ болатын.

АМАНЖОЛ МЕЙРАМҰЛЫ:
- Көзімді ашып қалғам, жарқ ете түсті. «Ой, я вижу» деп, айқайлап жіберіппін, «я вас вижу» деп.... Сосын ол екі қолын көрсетті, - это два, дедім. Үш қолын көрсетті, - это три, дедім. Өте қуанып, не істерімді білмей, 3 күн ұйықтамаппын ғой. Көзім ашылғасын, үш күн ұйықтамай ашып отыра беріппін, осы көзіммен.

67 жастағы Аманжол Мейрамұлы миында ісік бар екенін қаңтар айында бірақ білген. Тұмауға шалдықтым деп жүрген Аманжол ағаның күтпеген жерден жанары жоғалып, су қараңғы болып қалады. Қабақты қозғалтатын жүйкені ісік басып, Аманжол ағаның бір көзі түгелдей, екінші көзі жартылай жабылады. Бірақ, операцияны жасаған профессор Серік Ақшолақовтың айтуынша, екі-үш айда науқастың көзі толық қалпына келеді.
Нейрохирургия орталығы бүгінге дейін мұрын арқылы мидың ісігін алатын оннан астам операция өткізді. Тағы 30 адам кезекте тұр. 17 жыл Мәскеуде тәжірибе жинаған медицина докторы Гиппократқа берген антын бір сәт ұмытпайды.

СЕРІК АҚШОЛАҚОВ - НЕЙРОХИРУРГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:
- Мен әрбір операцияның алдында толқимын. Себебі, ол адамның өмірі. Сосын бір операция бір операцияға ұқсамауы мүмкін.

«Алдымен Аллаға, кейін Ақшолақовқа рахмет» деп отырған Аманжол ағаны үйде бес бала, тоғыз немересі күтіп отыр. «Көзден айырылсам, жақындарыма масыл боламын ғой» деп уайымдаған отағасы енді кішкене шөбересін құшағына басуға асығып барады.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.4746 & 14 Сұрау