|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
Құнды жәдігерЖаңалықтар «ЭРА телеарнасы», 27.04.09 ж, 21:00 /Индира Жылқайдарова/ Президенттік мәдениет орталығы тағы бір құнды жәдігермен толықты. Алаш арысы, қайраткер, ақын Міржақып Дулатов киген тайжақы мұражай қорына өтті. Асыл бұйым орталыққа қалай келді? Бұл туралы толығырақ әріптесім баяндайды. Тайжақы – тай терісінен жасалған тон. Міржақов Дулатұлы мұны 1925 жылы еврейдің ісмер тігіншісіне арнайы тіккізген көрінеді. Содан 1928 жылы қамалып, айдалып кеткенге дейін үстінен тастамапты. Бұйымды бүгінге бүтін қалпында жеткізген ақынның жары, кейін мирасқор болған қызы Гүлнәр апай. МЫРЗАТАЙ ЖОЛДАСБЕКОВ – ПРЕЗИДЕНТТІК МӘДЕНИЕТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: - Қолымда тұра бермей, бұл асыл мүлік мемлекет төрінде жатса деген арманым еді. Осылай деп еді Гүлнәр. Одан кейін бірнеше рет хабарласып тұрдық. Жақында қызметкерімді жіберіп шапанды алдырттық. Асылдың сынығы, тұлпардың тұяғы Гүлнәр Міржақыпқызы мұражайға басқа да құжаттар, фотосуреттер табыстапты. Ал тайжақыны мұражай басшысы қасиетті жәдігер санап отыр. МЫРЗАТАЙ ЖОЛДАСБЕКОВ - ПРЕЗИДЕНТТІК МӘДЕНИЕТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: - Құдай қаласа, реставрациядан өткіземіз. Бәрі бірдей мұражайдың заңына сәйкес келе бермейді ғой, ескірген. Ақынның елім деп еңбектенгендегі тері сіңген тайжақы төрге ілінбек. Алаш арысының ішігі енді құнды қазына, жауһар жәдігерге айналмақ. Тайжақы қайта қалпына келтіру жұмыстарынан кейін хан Абылайдың алтын зерлі шапанының маңынан орын тебетін болады. Жаңалықтар «ЭРА телеарнасы», 27.04.09 ж, 21 Последние новости рубрики
07.06 (11:47) Үй үстіндегі үйеңкі
14.02 (12:01) Қазылық рекорд 04.02 (16:54) Тәтті бөлме 25.01 (12:28) Құпия шұңқырлар 13.12 (15:23) Адамша сөйлейтін тотықұс 30.11 (16:49) Саммитхан 21.09 (11:07) Әулиенің аса таяғы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||