Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 699    Танымдылық: Орташа рейтинг : 10.00 Қайдан 2 Дауыстар   
5 Мам., 2009 08:58 [ТК "Эра", Астана]

Үйінен қоқыс шығармайтын зейнеткер


Керекулік зейнеткер Александр Золотарев қаржы дағдарысында басы артық шығынға жол бермейтін тәсіл ойлап тапты. Азын аулақ зейнетақысын коммуналдық қызметке төлегенше бас тартқалы отыр. Тапқыр ақсақал күнделікті қоқысын далаға тастамай өз пайдасына жарата бастады.

Жаңалықтар «ЭРА телеарнасы», 04.05.09 ж, 21:00 /Нұрбек Бекенов/
Керекулік зейнеткер Александр Золотарев қаржы дағдарысында басы артық шығынға жол бермейтін тәсіл ойлап тапты. Азын аулақ зейнетақысын коммуналдық қызметке төлегенше бас тартқалы отыр. Тапқыр ақсақал күнделікті қоқысын далаға тастамай өз пайдасына жарата бастады.

Александр Золотаревтың үйінен қоқсық шықпайды. Зейнеткер жарамсыз күл қоқыстың өзін пайдаға асыра біледі. Калций мен фосфорға бай жұмыртқа қабығы таптырмайтын тыңайтқыш. Өзі ойлап тапқан технология ойынша тезек пен қайың жапырағын араластырып отын жасайды. Қаңылтыр пен пластикалық құты да керекке жарайды. Тіпті картоптың қабығы мен сәбіздің қалдығын мұржаны тазалауға жаратады. Қоқсықты қажетіне жаратып отырған зейнеткер Золоторевтың тірлігіне таныстары да қызыға қарайды. Үнемшіл қария шыбын шіркейлерді жоюдың да тиімді тәсілін біледі. Зейнеткердің дастарханынан дәруменге толы жеміс жидектер де үзілмейді. Өзі күтіп баптаған көкөністі бұзбай сақтайтын тәсілі бар. Үйде лимонға дейін өсіреді. Тұмау кезінде таптырмайтын дәрі дейді. Барлығын өзі жасап алған. Дүкенге тек нан мен сүт, шұжық алуға ғана барады.

АЛЕКСАНДР ЗОЛОТАРЕВ – ЗЕЙНЕТКЕР:
- Азық түлік қымбат сондықтан біз өзіме жететіндей етіп қана тамақ дайындаймыз. Мәселен, көженің сорпасына 1 литр су ғана жұмсаймыз. Кемпірім екуімізге осы жетеді.

Александр Злоторев бұрыннан үнемшіл. Германияда әскери борышын өтеп жүргенде басы артық шығын жұмсамауға әдеттенген. Шық бермес Шығайбай ақсақалдың өзін үш орайтын зейнеткер бір түйір қоқсық шықпайтын менен қоқсық үшін төлем сұрайды деп шағымданып отыр.

АЛЕКСАНДР ЗОЛОТАРЕВ – ЗЕЙНЕТКЕР:
- Олар маған қоқсық шығса да шықпаса да ақша төле деп отыр. Ешқандай күл қоқыс болмаса не үшін төлеуім керек?

Зейнеткер коммуналдық кәсіпорынға шағымданып бармақшы. Қаржы дағдарысы уақытында бір тиынын да далаға жібергісі келмейді.

Жаңалықтар «ЭРА телеарнасы», 04.05.09 ж, 21:00 /Қуаныш Ғабдуллин/
Түрлі ұлттың қараусыз қалған


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.3989 & 14 Сұрау