|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
03.02 (14:14) Заңсыз діни ағым 03.02 (14:09) Жеті ай тергеліп, үш ай қаралған сот отырысына нүкте қойылды 03.02 (14:04) Жер саудасы 03.02 (08:00) 3 ақпан 30.01 (08:00) 30 қаңтар |
|
Қолға үйренген бөденеЖаңалықтар «ЭРА телеарнасы», 26.05.09 ж, 21:00 /Үйтолған Жарекеева/ Қызылорда облысында түз құстарын қолға үйреткен шаруа тұрады. Бөдене өсіру жеке әуес қана емес, пайдалы да кәсіп екеніне тілшіміз Үйтолған Жәрекеева көз жеткізіп қайтты. Мына бөдене құсының салмағы небәрі 150 гр. Ол бір жыл үздіксіз жұмыртқалайды, бірақ балапан басып шығара алмайды. Тек инкубатордың көмегімен көбейеді. Қанат бұл құстарды әуелде қажеттіліктен асыраған. Әкесі Жұмабек жүрек талмасына шалдығып, бөдене жұмыртқасын емдік қасиетіне бола Ресейден алдырыпты. «Қолға үйрету оңай болған жоқ»,- дейді. ҚАНАТ ИГЕМБАЕВ: - Бұл құстар өте секемшіл. Қатты дыбыс шықса немесе ұқыпты тамақтандырылмаса, жұмыртқа бермейді немесе өліп қалады. Құстардың емдік қасиеті жоғары. Әсіресе, жұмыртқасын шикілей ішу арқылы жүрек дертінен айығуға болады. ҚАНАТ ИГЕМБАЕВ: - Мына жұдырықтай құстың жұмыртқасынан шыққан балапан шырпы қорабының көлеміндей ғана болады. Бірақ жарып шыққаннан кейін тамақ ішуге бірден талпынады. Ширақ. Қазір қанаттың қарауында 300-ден астам бөдене бар. Олар үшін көктемде арнайы жоңышқа шөбін өсіреді. Жиде жапырақтарымен қоректендіреді. Әзірге құстары емдік қасиетіне бола іздеушілердің пайдасына жарап тұр. Последние новости рубрики
07.06 (11:47) Үй үстіндегі үйеңкі
14.02 (12:01) Қазылық рекорд 04.02 (16:54) Тәтті бөлме 25.01 (12:28) Құпия шұңқырлар 13.12 (15:23) Адамша сөйлейтін тотықұс 30.11 (16:49) Саммитхан 21.09 (11:07) Әулиенің аса таяғы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||