Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 1171    Танымдылық: Орташа рейтинг : 4.62 Қайдан 47 Дауыстар   
10 Шілде, 2009 15:05 [ТК "Эра", Астана]

Атырау облысында 80 жастағы әже 80 түйе бағады


Кейуана қолынан шыққан тіл үйірген шұбаттың дәмі өңірдегі тұрғындардың бәріне таныс. Зәру әжейдің мұндай кәсіппен 20 жасынан айналысып келеді. Зәру әжейдің жасы 80-ді алқымдаса да әлі тың. Өрістеген малдарын жиі аралап кайтады. Түйелер болса иесін бірден таниды.

Жаңалықтар «ЭРА телеарнасы», 09.07.09 ж, 21:00 /Аөболат Мұстажапұлы/
Атырау облысында 80 жастағы әже 80 түйе бағып отыр. Кейуана қолынан шыққан тіл үйірген шұбаттың дәмі өңірдегі тұрғындардың бәріне таныс. Зәру әжейдің мұндай кәсіппен 20 жасынан айналысып келеді. Зәру әжеймен осы облыстағы тілшіміз Ақболат Мұстажапұлы дидарласып қайтты.
Зәру әжейдің жасы 80-ді алқымдаса да әлі тың. Өрістеген малдарын жиі аралап кайтады. Түйелер болса иесін бірден таниды. Жапан далада атын естіген сәтте әжейге қарай беттейді.
«Мал бағу - ата кәсіп. Ерінбеген жанға бұл кәсіп табыстың да, жұмыстың да көзі» дейді Зәру әжей.

ЗӘРУ КЕРУЕНОВА: «Мұны
ЗӘРУ КЕРУЕНОВА: «Мұны баққан кісі әр заттан да құр қалмайды. Адал еңбек ұстайды дұрыстап баққан кісіге. Бақпаған жастар оны күл қылады, жоқ қылады. Бәрі де кетеді. Күні бүгінге дейін осыған тәрбиелеп келе жатырмын».
Үй жануарлары арасында ең көп жасайтыны да түйе малы. Шөлге де шыдамды. Мінсең, жексең көлігің. Еті – азық. Шұбаты – шипа.
ЗӘРУ КЕРУЕНОВА: «Сүтін ішеді. Сүті лекарство. Құртты, анемияны кеседі, бүкіл өкпе ауруды жазады. Өте шипалы сүті».
Мал баққанға бітеді. Ұзақ жылғы бейнет, зейнетін беріп жатыр. Қоралар төлге толды.
ЗӘРУ КЕРУЕНОВА: «Түйе малы деген өте қасиетті мал. Туған әзірде қиын. 10 күнге дейін ботасын аяқтандыру керек. Соскамен сүт беру керек. Сауып беру керек».
Зәру апайдың қорасындағы 100-ге жуық түйенің әрқайсысының өз атауы бар. Осындай жаңа атқа биыл туылған боталар да ие болып жатыр. Мысалы, мына ботаның аты - Боранбай. Биылғы қыстың соңғы боранында өмірге келіпті.
Малды ауылдың күнделікті кешкі тірлігі жалғасып жатыр. Өрістен қайтқан аруаналар боталарымен табысты. Жаман малды бақсаң, аузыңды май етеді. Тек ерінбей еңбек ету керек. Бұл – сексеннің сеңгіріне шыққан Зәру әжейдің өмірлік ұстанымы.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.4177 & 14 Сұрау