|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
Ресейлік ғарышкерлер аспанға ұшпай-ақ Марсқа барып қайттыЖаңалықтар «ЭРА телеарнасы», 14.07.09 ж, 21:00 /Оңалтай Қуандық/ Ресейлік ғарышкерлер аспанға ұшпай-ақ Марсқа барып қайтты. Бүгін «Марс-500» жобасының аясында құрылған халықаралық экипаж жабық бункерден шықты. Тәжірибелік құрам 105 тәулік бойы қызыл планета жағдайында өмір сүрді. Мәскеуде өткен ғылыми тәжірибеге алты адам қатысты. Енді өзге әлем болмысына бейімделген топ жыл аяғында тәжірибені тағы да қайталайды. Бұл жолы Марста өмір сүру уақыты 520 тәулікке созылмақ. Экипаж құрамында ресейліктермен қатар неміс, француз ұлтының өкілдері де бар. Көлемі 500 текшеметр бункерде қойма, ас ішетін және тұратын бөлме жасалған. Үш жарым ай бойы тіршіліктен тыс осы жабық қуыста өмір сүрген топ мүшелерінің әрқайсысына 15 мың евродан берілетін болды. Ғылыми тәжірибеге тәуекел еткен азаматтар Марс планетасының болмысына жақындатылған дәрігерлік-техникалық кешеннің талаптарын бұлжытпай орындады. АНАТОЛИЙ ПЕРМИНОВ, ФЕДЕРАЛДЫҚ ҒАРЫШ АГЕНТТІГІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: «Топ мүшелері түгел өз еріктерімен келді. Әрине барлығы мұқият іріктеуден өтті. Менің пікірімше, осы 105 тәуліктік тәжірибе Марста әлі анықталмай жатқан элементтерді ашуға септігін тигізеді». Бұл екінші тәжрибе. Алғашқысы екі жыл бұрын өткен. Ал жыл соңында өтетін кезекті тәжірибеге жаңа экипаж іріктеледі. Сөйтіп тәжірибеден әбден сұрыпталған топ шынайы Марсқа аттанбақ. Ресейлік ғалымдардың бұл ұмтылысын қазақ ғарыш саласының сұлтаны Талғат Мұсабаев та өз бағасын берді. ТАЛҒАТ МҰСАБАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҒАРЫШ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: «Білесіздер ме, адам баласы бірнеше ай түгілі бірнеше секундқа тіршілік әлемінен алшақтап қалуға қатты үрейленеді. Ал, тәжірибе үшін басын бәйгеге тігіп, өмірден махрұм, дүлей тыныштықта өмір сүруге жүрегінің түгі бар адам ғана келіседі. Осындай тәуекелге бел байлап отырған Ресей ғалымдарының ісіне сәттілік тілеймін». Ресейлік ғалымдар «Марс-500» жобасы аясында тағы бірқатар тәжірибе жасауды көздеп отыр. Мақсат – адам баласының Марста өмір сүру деңгейін анықтау. Жалпы соңғы уақытта бүкіл әлем Марсқа ден қоя бастады. Әр мемлекет оны өзінше зерттеп, игеруге тырысуда. Кейбір ғалымдар қызыл планетада тірі организм тіршілік ететін аймақтар бар екенін анықтап отыр. Бірақ ол жақта адам баласы өмір сүре ала ма, жоқ па? Бұның сыры әлі құпия күйінде қалып отыр. Последние новости рубрики
07.06 (11:47) Үй үстіндегі үйеңкі
14.02 (12:01) Қазылық рекорд 04.02 (16:54) Тәтті бөлме 25.01 (12:28) Құпия шұңқырлар 13.12 (15:23) Адамша сөйлейтін тотықұс 30.11 (16:49) Саммитхан 21.09 (11:07) Әулиенің аса таяғы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||