|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
Шатырдағы қазынаЖаңалықтар «ЭРА телеарнасы», 27.07.09 ж, 21:00 Семей қаласының тұрғыны өз үйінің шатырынан патша дәуірінен қалған ақша тауып алды. Ескі үйдің орнына жаңа баспана салу үшін оны бұзуға кіріскен қала тұрғыны Александр Вилков күтпеген жерден осындай олжаға кенелді. Үйдің төбесін бұзу кезінде оған шатырдан шаң басқан қап кездескен. Оның ішінен 100 және 250 сомдық рубль шыққан. Арасында 50 тиындық банкноттар да бар. Ақша сыртында Александр-3, Николай-1 және Екартерина патшайымның суреттері бейнеленген. Бір ғажабы, ескі банкноттар сапасын жоғалтпаған. Купюролар 1898 және 1917 жылдар аралығында шығарылған. Ақша осыдан бір ғасырға жуық уақыт бұрын жасырылуы мүмкін деген болжамдар бар. Бағы заманда бір табын сиыр сатып алуға болатын мол қаржыны тауып алған қала тұрғыны енді бұл құндылықтарды мұражайға тапсырмақ. АЛЕКСАНДР ВИЛКОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Таңқалысымды айтып жеткізу қиын. Бастапқыда ат басындай алтын таптым ба деп ойладым. Сосын ақшаларды көргенде қызығушылығым тіптен арта түсті. Бұл деген көне жәдігер ғой!». Последние новости рубрики
07.06 (11:47) Үй үстіндегі үйеңкі
14.02 (12:01) Қазылық рекорд 04.02 (16:54) Тәтті бөлме 25.01 (12:28) Құпия шұңқырлар 13.12 (15:23) Адамша сөйлейтін тотықұс 30.11 (16:49) Саммитхан 21.09 (11:07) Әулиенің аса таяғы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||