|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
Жамбыл облысында мал ұрыларына қарсы жаңа технология қолданысқа енгізілдіЖаңалықтар «ЭРА телеарнасы», 28.07.09 ж, 21:00 /Әлия Ортаева/ Жамбыл облысында мал ұрыларына қарсы жаңа технология қолданысқа енгізілді. Құны 10 АҚШ доллары тұратын шағын «чип» жылқы еті мен терісінің арасына қондырылады. Бұл малдың қай жерде жүргенін анықтауға мүмкіндік бермек. Тәртіп сақшыларының бастамасы ұрлық-қарлықты азайтуға септігін тигізеді деп күтілуде. Компьютер арқылы басқарылатын қондырғы жайлы тілшіміз Әлия Ортаева баяндайды. Алғашқы «чип» мына «Аққасқа» атты сәйгүліктің денесіне шприц арқылы қондырылды. Енді ақалтеке тұқымының қай жақта жүргенін компютер арқылы оңай білуге болады. Оның штирх коды арнайы сканер арқылы оқылады. Ал, «чипті» әр мал иесі өз қаржысына сатып алады. ДӘУРЕН СЫДЫҚОВ, ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕР: «Сканердің көмегінсіз оны таба алмайсыз. Мысалға, чип оны салған адам біледі қай жерге салғанын. И сканермен сол жерді таба аласыз. Ал қолмен ұстап-ұстап, оның денесінен адамның қолымен білінбейді ол». Мамандардың айтуынша, бұл қондырғы терінің астында 30 жыл сақталады. Ал, тәртіп сақшылары осы озық технология ұрыларды құрықтауға үлкен септігін тигізеді деп отыр. Өйткені «чиптерді» басқаратын орталық база осы ішкі істер департаментінде орнатылған. ЖҰМАХАН АНАПИЕВ, ІІД БӨЛІМ БАСТЫҒЫ: «Жоғалып жатқан жағдайда да, спорный жағдайда да барған кезде ана жылқының нақты қай жылқы, кімнің жылқысы екенін, ол қашан қойылғанын - бүкіл мәліметті сол чип арқылы алуға болады». Ине тәрізді шағын чиптің ұзындығы - 8 сантимерт. Жамбыл өңіріне алғаш рет жетіп отырған озық технология жылқының төлқұжаты рөлін де атқарады. ДӘУРЕН СЫДЫҚОВ, ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕР: «Қай жерге бұл жылқы сатылса, шекарадан өтсе, любой таможенный мекемелер ол чипті осындай сканермен оқып, паспортпен сәйкесін анықтайды да электронный базадан қарайды шынымен осы жылқы ма, ол емес па?». Енді Жамбыл облысындағы асыл тұқымды жылқылар осы қондырғы арқылы күзетілмек. Англиядан жеткен тың тәсілді болашақта еліміздің басқа аймақтарына тарату көзделіп отыр. Последние новости рубрики
07.06 (11:47) Үй үстіндегі үйеңкі
14.02 (12:01) Қазылық рекорд 04.02 (16:54) Тәтті бөлме 25.01 (12:28) Құпия шұңқырлар 13.12 (15:23) Адамша сөйлейтін тотықұс 30.11 (16:49) Саммитхан 21.09 (11:07) Әулиенің аса таяғы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||