|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
17 тамыз17 тамыз 1920 жылы еліміздің алғашқы жоғарғы оқу орны – Қазақ халық ағарту институты құрылды. 1903 жылы белгілі редактор, газет шығарушы Джозеф Пулитцер Колумбия университетіне журналистика мектебін құру үшін жиған-терген байлығын мұра етіп қалдырды. 1896 жылы Клондайкада «алтын безгек» деген ұғым бастау алды. 1982 жылы Рудольф Гесс өзіне қол жұмсап, көз жұмды. 1920 жылы еліміздің алғашқы жоғарғы оқу орны – Қазақ халық ағарту институты құрылды. Бірақ ол Ташкентте ашылған. Аталмыш институт 1926 жылға дейін жұмыс істеді, кейін оның аты Қазақ педогогикалық институты болып қайта өзгерді. Кеңес үкіметі сол жылдары қазақ жеріне таңсық мұғалім мамандығын дайындауды қолға алған болатын. 1903 жылы белгілі редактор, газет шығарушы Джозеф Пулитцер Колумбия университетіне журналистика мектебін құру үшін жиған-терген байлығын мұра етіп қалдырды. Мектеп 1912 жылы құрылды, ал Пулитцер сый-ақысы 1917 жылдан бері жыл сайын тапсырылады. 1896 жылы Клондайкада «алтын безгек» деген ұғым бастау алды. Алғашқы алтынды Реббит-Крик жерінен Джим Скукум есімді үндіс тауып алды, бірақ ұзақ уақыт бойы алғаш алтын тапқан адам ретінде оның әріптесі Еуропалық Джордж Кармактың есімі аталып жүрді. Өйткені ол бұл оқиғаны заңдастырған екен. 1982 жылы Рудольф Гесс өзіне қол жұмсап, көз жұмды. Ол Гитлердің оң қолы болатын, партияда да оның орынбасары болды. Гесс ағылшындардың қолына 1941 жылы түсіп қалған еді, бірақ ол құпия әңгіме жүргізуге бара жатқан ұшақтан Шотландияның үстіне келгенде қарғып кетті. Гесс аса қауіпті әскери қылмыскерлер отыратын түрмеге мәңгілікке қамалған-ды. Гесстің табынушыларының ойынша, оның өмірден кетуіне британ арнайы қызметі көмектескен. Ол 93 жасында көз жұмды, оның 46 жылын түрмеде өткізді. Последние новости рубрики |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||