|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
18 тамыз18 тамыз Бүгін Қазақстанда шекарашылар күні. 2003 жылы Қазақстан президенті ақпараттық технология жиынтығын құру туралы қаулы шығарды. 1925 жылы КСРО-да алғашқы сөзжұмбақ жарық көрді. 1904 жылы алғашқы косметолог әрі визажист еркек Макс Фактор дүниеге келді. 1900 жылы Перски есімді француз латын мен грек сөздерін қосып, жаңа атау ойлап тапты. Теледидар! Бүгін Қазақстанда шекарашылар күні. Мемлекеттік шекараның жалпы көлемі 14 мың километрді құрайды. Оның 600 километрі Казпий теңізінен өтеді, 7200 километрі Ресей Федерациясы шекарасымен шектеседі, 1740 километрі Қытаймен, 2150 километрі Өзбекстан республикасымен, 1050 километрі Қырғызстанмен және 400 километрі Түркменстанмен шектеседі. Кеңес Одағы тұсында тек Қытаймен шекара ғана күзетілетін. Бұл күні шекарашылардың өмірі жөнінде ақпарат алуға мүмкіндік туады. 2003 жылы Қазақстан президенті ақпараттық технология жиынтығын құру туралы қаулы шығарды. Ол Алматыда орналасатын болады, онда белгілі шетелдік және отандық фирмалар бағдарламамен қамтамасыз ету жұмыстарымен және жоғары технология саласы мамандарын дайындаумен, т.б айналысады. 1925 жылы КСРО-да алғашқы сөзжұмбақ жарық көрді. Ол ленинградтық «Новая вечерная газетасында» басылды. 1929 жылдың мамыр айында «Огонек» журналы үнемі сөзжұмбақ жариялап отыратын айдар ашты. Бәрінің сөзжұмбаққа деген көзқарасы әртүрлі болды, сөзжұмбақты шешуді сонымен қатар, құруды да ұнататындар бар. Сөзжұмбақты өмірінде бір де бір рет шешуге талпынбаған қазақстандық жоқ шығар, сірә. 1904 жылы алғашқы косметолог әрі визажист еркек Макс Фактор дүниеге келді. Ол киноға түсуші әртіс әйелдердің өңін ұмытылмастай сұлуландырып, өзгертіп жіберетін. Макс Фактордың әкесі де Ресейдегі император театрында грим жасаушы болып жұмыс істейтін. Кейіннен ол Америкаға көшіп кетті де, Голливудта грим жасаушы ретінде көтерілді. Олар бірігіп опа, далап секілді түрлі сән бояуларын ойлап тапты. ХХ ғасырда косметика тек қана театр, кинр әртістері үшін керек деп саналатын, алайда Макс Фактор халыққа «Зайырлы макияж» атты косметикалық тізбесін ұсынды. Оны белгілі әртістер жарнамалайтын, кейіннен ол әйелдер арасында үлкен сұранысқа еніп, күнделікті өмірде қолданылатын жағдайға жетті. 1900 жылы Перски есімді француз латын мен грек сөздерін қосы жаңа атау ойлап тапты. Ол қандай сөз? Теледидар! 1743 жылы Джек Бротон боксшылар жекпе-жегінің ережесін қалыпқа келтірді. Бротон Англияның ауыр салмақтағы үшінші чемпионы, кейінірек бокс қолғабын ойлап тапты. Последние новости рубрики |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||