Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 510    Танымдылық: Орташа рейтинг : 7.00 Қайдан 3 Дауыстар   
19 Тамыз, 2010 08:30 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы]

19 тамыз


1960 жылы кеңестік ғарыш кемесі – «Восток» спутнигімен Белка және Стрелка есімді иттер бір тәулік бойы ұшып, Жерге қайта оралды. 1991 жылы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитет құрылды. 1856 жылы американдық Гейл Борден қоюланған сүт жасауға болатындығын патенттеді. 1860 жылы белгілі қазақ композиторы Үкілі Ыбырай дүниеге келді.

19 тамыз

1960 жылы кеңестік ғарыш кемесі – «Восток» спутнигімен Белка және Стрелка есімді иттер бір тәулік бойы ұшып, Жерге қайта оралды. 1991 жылы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитет құрылды. 1856 жылы американдық Гейл Борден қоюланған сүт жасауға болатындығын патенттеді. 1860 жылы белгілі қазақ композиторы Үкілі Ыбырай дүниеге келді.

1960 жылы кеңестік ғарыш кемесі – «Восток» спутнигімен Белка және Стрелка есімді иттер бір тәулік бойы ұшып, Жерге қайта оралды. Бұл ғарышты меңгеру тарихында үлкен орын алатын оқиға. Орыстың екі иті сап-сау қайта оралды. Бұл ғарышқа адам да ұшуға болады деген белгі болатын. Бұл туралы газеттерде: «Иттер барлық сынақтан өтті. Олар ұзақ уақыт бойы кабинада қозғалмастан отыра алады, артық салмаққа, теңселіске шыдайды. Бұл жануарлар зор дауыстан үрікпейді, өздеріне тәжірибе үшін арналған әбзелдерде жүрек қағысын, бұлшық ет, ми, артериалық қысым, тыныс алуды бақылауға мүмкіндік береді». Бірнеше күннен соң теледидар арқылы Белка мен Стрелканың ғарышқа ұшқан кадрлерін көрсетті. Екеуінің үстінде қызыл, жасыл кастюм, салмақсыздықтан ауада қалықтап жүрді. Белка мен Стрелканы халық қатты жақсы көріп кетті. Екеуін балабақшаларға, мектептерге, балалар үйіне апарды. Баспасөз мәслихатында журналистер сипап, ұстап көріп жатты. Кейін Стрелка дүниеге ұрпақ әкелді. Күшіктері есепке алынды. Олардың бірін Никита Сергеевич Хрущев сұратып алды. Ол оны АҚШ президентінің әйелі Жаклин Кеннедиге сыйға берді. Сондықтан Стрелканың ұрпақтары Америкада жүрсе, таңқалмаңыз. Екі ит те ұзақ өмір сүріп, қартайып көз жұмды. Олардың өлімінен соң, тұлыптары комонавтиктер мұражайында әлі күнге дейін сақталып тұр.

1991 жылы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитет құрылды.

1856 жылы американдық Гейл Борден қоюланған сүт жасауға болатындығын патенттеді. Консервіленген тағам ойлап табу оның өмір бойғы арманы болатын. Ол сүтті пайдалану арқылы жаңа тағам ойлап таппақ болып, ұзақ әуреленді. Қазанға сүт құйып, оны ұзақ уақыт бойы қайнатқанда, сүт күйіп, қазанның жан-жағына жабысып қалды. Оның миына қазанның жан-жағын майлап қою келді, есесіне сүт күймей, тамаша дәмі бар тағамға айналды. Гейл кейіннен сүтке қант қосса тез қоюланып, дәмі жақсы кіретінін анықтады. Бұл таңғажайып тағам ұзақ уақыт сақталады. Ол Еуропадан Ресейге келіп, оны өндіретін арнайы зауыттар салынды. Соның бірі 1881 жылы салынған Орынбордағы сүт өнімдерін дайындайтын зауыт.

1860 жылы белгілі қазақ композиторы Үкілі Ыбырай дүниеге келді. Оның әкесі Қарағанды облысында тұратын кедей малшы еді. Ыбырайдың атағы ақындар айтысына қатысып жүргенде, бала кезінен-ақ танылды. Ол 50 шақты өлең жазды, оның ішінде атақты «Аққу» әні де бар. Ыбырай өте таза, сәнді, талғаммен киінетін. Оның бөлек киіз үйінде айналдыра түрлі-түрлі киімдер ілініп тұрады екен. Ол үкі қанаттары тағылған тақия киіп жүретін. Сондықтан да оны халық Үкілі Ыбырай атап кеткен.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики

08.02 (08:51) 8 ақпан

06.02 (11:22) 6 ақпан

03.02 (08:00) 3 ақпан

30.01 (08:00) 30 қаңтар

27.01 (08:44) 27 қаңтар

26.01 (08:00) 26 қаңтар

24.01 (07:36) 24 қаңтар


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.6247 & 14 Сұрау