|
|
Бүгін
30.07 (10:34) Футбол. "Ақтөбе" - "Хапоэль" 1:0
30.07 (10:30) Бала денсаулығын нығайту 30.07 (10:28) Жабайы базар 30.07 (10:26) Орал қалалық жұқпалы аурулар емханасына түсуші қалалықтар қатары көбеюде 30.07 (10:24) Аптап ыстықтың салдары 30.07 (10:23) Отандық авиация білікті мамандарға зәру |
|
Мектепке «Дін негіздері» сабағы енгізілмекЖаңалықтар «ЭРА телеарнасы», 25.08.09 ж, 23:00 /Индира Жылқайдарова/ Білім министрлігінің ұйғарымымен биылғы оқу жылынан бастап жаппай барлық мектептерде «Дін негіздері» сабағы өткізілетін болды. Дін ілімдерін жоғары сынып оқушылары меңгермек. Оқулық жайы, діни тәлім беретін арнайы мамандар бар ма? Бұл туралы тілшіміз Индира Жылқайдарова тарқатып берсін. Оқу бағдарламамына дін негіздері пәнін енгізу туралы мемлекет басшысы осыдан жеті жыл бұрын ұсыныс жасады. Содан бері сынып сағаттарында оқушыларға дін ілімдері жайлы азды-көпті мағлұмат беріліп келді. Енді биыл білім министрлігінің ұйғарымымен арнайы факультативті сабақ беріледі. ӘЛИЯ СЕКСЕНОВА, РАЙЫМБЕК БАТЫР АТЫНДАҒЫ № 50 ҒАРЫШ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: «Оның мәні өте үлкен. Себебі қазіргі уақытта дәстүрлі діндер мен дәстүрлі емес діндерді ажырата білмейді біздің балалар». Баланың жайы бөлек, талай ересектердің де діндарсымақтардың жетегінде кетіп, түрлі секталардың шырмауында қалып, өмірін ойрандағандары белгілі. Бейресми деректер бойынша, жарты миллион қазақ сектаға кіріп кеткен. Халықты сондай мысықтілеу миссионерлерден қору үшін дін туралы дұрыс түсінік керек. АБАТ КЕНЖЕҒАЛИ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘДЕНИЕТ ҚАЙРАТКЕРІ: «Біздің елімізде миссионер көп. Мамандар жағына келгенде байқау керек. Діни білімі туралы мектеп директорларына айтыңқырап,кадр жоқ кезде кіріп кетіп, басқа дінді айтып, балаларды басқа жолға бұрып жібермесін деген қауіп жоқ емес. Сондықтан мұқият болу керек». ӘЛИЯ СЕКСЕНОВА, РАЙЫМБЕК БАТЫР АТЫНДАҒЫ № 50 ҒАРЫШ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: «Осыны білмегендіктен осы жолға түсіп кетеді. Экстремизмге қарсы тәрбие беру керек». Діни ілім сабағы аптасына бір рет өтеді. Балалар жылына 34 сағат дін туралы оқып-тоқиды. Әзірге арнаулы мамандар жоқ, дәріс оқу міндеті тарихшы не мәдениеттанушы пәндерінің мұғалімдеріне жүктеледі. Оқулық ретінде «Дінтану» кітабы ұсынылып отыр. СЕРІК ЫРСАЛИЕВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: «Әзірге бұл кітаптың баламасы болмай тұр. Келесі жылы басқа да оқулықтар, оқу әдістемелік кітапшалар шығарылуы тиіс. Бұған бюджеттен арнайы қаражат бөлінеді». ҒАРИФОЛЛА ЕСІМ, ОҚУЛЫҚ АВТОРЫ: «Материалдар ескірді. Бүгінгі күннің сұранысына жауап бере алмайды. Мен мұны автор ретінде айтамын. Сондықтан қайта шығару керек». Теріскейдегі көршіміз – Ресей де дін туралы сабақты 2010 жылдың соңғы тоқсанынан бастап оқытатын болды. «Рухани өнегелі тәрбие» сабағында әр ата-ана баласының қай дін туралы білім алатынын өздері таңдамақшы. Әзірге дінтану пәнінің мұғалімдері мұнда да жоқ. Қалай болған күннің өзінде мұндай бастаманың мақсаты - елдің қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін, ұрпақтың санасын улайтын діни ұйымдардан сақтану екені хақ. Қазақстан халқының 11 пайызы дәстүрлі емес діндердің құдайын мадақтап жүргені діни сауатсыздықтың салдары. Биыл елімізде міндетті сабақта 9 сынып оқушылары ғана діни сауат ашады. Ал 10-11 сыныптағылар үшін оқулықтың жоқтығы қолбайлау. Жаңалықтар «ЭРА телеарнасы», 25.08.09 ж, 23:00 Последние новости рубрики
28.07 (16:43) Шалқар көлін жүзіп өткен жүзгіш
18.03 (10:19) Жүз жасаған ана 17.03 (14:33) "Қара жорғаны" құбылтқан қария 21.01 (13:09) Кітап сыйлау күні 19.01 (11:00) "Магнит"-адам 15.01 (09:28) Қазақстанға математика пәнінен 1,5 мың ұстаз қажет 25.12 (10:29) Инспектор-гинеколог |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||