Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 365    Танымдылық: Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар   
2 Қыркүйек, 2010 08:43 [Ақпарат өңдеу орталығы, Алматы]

2 қыркүйек


1990 жылы 1989 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы ұсынған балалар құқығы жөніндегі Конвенция күшіне енді. 1834 жылы Сэмюэль Кольт револьверді патенттеді. 1931 жылы адам алғаш рет Хан-Тәңірі шыңын бағындырды. 1932 жылы белгілі кинорежиссер, актер әрі профессор Әзірбайжан Мәмбетов дүниеге келді.

1990 жылы 1989 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы ұсынған балалар құқығы жөніндегі Конвенция күшіне енді. Конвенцияда мемлекет баланы оның игілігі үшін қажетті қамқорлықпен қамтамасыз етіп, қорғауға міндетті. Мемлекет балаларды физикалық, психологиялық күш көрсетуден сақтау үшін қажетті құқықтық, әкімдік, қоғамдық және ағартушылық шараларды қолдануға міндетті. Конвенцияда балалардың құқығын қорғайтын барлық жағдайлар қарастырылған.

1834 жылы Сэмюэль Кольт револьверді патенттеді. Оған дейін мылтық ату өте қиын, әурешілігі көп шаруы болатын. Ол үшін бірінші мылтықтың өзегіне дәрі салып, оны дұрыстап бітеп, содан соң барып оқ салу керек. Егер мылтықты оңтайлы ұстай алмасаң, тіпті атылмай қалуы да ғажап емес. Аңыз бойынша, Сэм мылтық штурвалының қалай айналатынын бақылап, мылтыққа барабанның қажет екендігіне көз жеткізеді. Оның ойлап тапқан қаруы сол уақытта үлкен сұранысқа ие болды. Оны әскерилер отрядтары пайдалана бастады. Қарапайым солдаттарға револьвер қатты ұнады, олар қаруды бір рет оқтап, алты рет ата алатын еді. Бұл қаруды қара халық та, бұзақылар да, құқыққорғаушылар да сатып ала бастады. Бүгінде «Кольт» атыс қаруларын шығаратын бірден-бір компания.

1931 жылы адам алғаш рет Хан-Тәңірі шыңын бағындырды. Оны бағындырған украйндық альпинист Михайл Погребецкий.

1932 жылы белгілі кинорежиссер, актер әрі профессор Әзірбайжан Мәмбетов дүниеге келді. 200 спектакль мен кинотуындылардың авторы Алматы хореография училищесін, кейіннен А. В. Луначарский атындағы Театр өнері мемлекеттік институтын тәмамдады. Ол Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында режиссер, «Мосьфильм» киностудиясында режиссер-стажер, «Қахзақфильм киностудиясының директоры қызметтерін атқарды. Қазір ол Астанадағы Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының жетекшісі қызметін атқарады.


Жол серік файл

Көшірілді : 41
Файлдың көлемі : 5 kb

Көшіру



Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики

08.02 (08:51) 8 ақпан

06.02 (11:22) 6 ақпан

03.02 (08:00) 3 ақпан

30.01 (08:00) 30 қаңтар

27.01 (08:44) 27 қаңтар

26.01 (08:00) 26 қаңтар

24.01 (07:36) 24 қаңтар


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.3744 & 14 Сұрау