|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
Балықсыз қалмаудың амалыЖайық-Касспий бассейніне бекіре тұқымдас балығының 7 миллионнан астам шабағы жіберілді Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің «Атырау бекіре өсіру зауыты» РМҚК 038 «Балық ресурстарын молайту» бюджеттік бағдарламасы шеңберіндегі мемлекеттік тапсырысты орындау мақсатында, Жайық-Касспий бассейніне бекіре тұқымдас балығының 7 миллионнан астам шабағы жіберілді. 1998 жылдан пайдалануға берілген осы зауыт Қазақстандағы бекіре тұқымдасын жасанды жағдайда өсіретін жалғыз кәсіпорын болып табылады. Шабақтарды жіберу шарасын жүзеге асыру барысында жыл сайын арнайы комиссия қатысады, оның құрамына балық шаруашылығы ғылымының, облыстық әкімиатының, экология және су биоресурстарын қорғау инспекциясының өкілдері кіреді. Осы жылы облыстық маслихаттың депутаттары және «Нұр-Отан» ХДП өкілдері шақырылды. 2009 жылдың 7 тамызында өткен қорытынды шығарылым кезінде Ресей Федерациясынан келген балық шаруашылығы ғылымының өкілі, халықаралық сарапшы қатысып, «Атырау бекіре өсіру зауыты» РМҚК-нан жіберілген жас шабақтардың сапасы мен санына оң бағасын берді. Мамандардың бағалауы бойынша, Жайық-Каспий бассейінде бекіре тұқымдастарының саны табиғат ресурстарын қарқынды пайдалану барысында күрт төмендеген. Сол себептен көне дәуірден келе жатқан бұл балықтарды жасанды өсіру, Жайық-Касспий басейінінде популяция биоәртүрлігін және санын сақтап қалудың бірден-бір дұрыс шешім екендігін атап өтті. Жайық-Каспий бассейнінің балық шаруашылығында ғана емес тұтастай республика бойынша болашағы бар объектілерінің бірі ескектұмсықты, «Атырау бекіре өсіру зауыты» РМҚК-да тәжірибелі түрде өсіру және молайту жұмыстары құпталған. Последние новости рубрики
30.05 (10:57) Саябақтар шеруі
13.05 (10:27) "Бердинг 2011" 19.01 (16:57) Киік аулауға тыйым салынды 01.12 (12:12) Банан өсіру 25.10 (15:39) Көбелектер әлемі 15.04 (10:28) Жаңа аллея 04.03 (10:44) "Табиғатты қорғау-болашақты ойлау" |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||