|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
3 қыркүйек1935 жылы аэронавттар Зыков пен Тропин 2200 куб метр көлемді әуе шарымен Мәскеуден Ақтөбе облысына дейін ұшып, рекорд жасады. Олар 91 сағат 15 минут ұшқан. 1812 жылы Англияда тарихта алғаш рет өнеркәсіпті жолмен консерві банкасы дайындалды. Алайда бұған дейін де түрлі халықтың керегінен артық мөлшерде тамақ дайындау әдісі болды. Мысалы үндістер оны «пеммикан» деп атайды. Таспен ұрып, үгітілген, күнге қақталған етті бал, жеміс-жидек және басқа да дәмдеуіштер қосып, қаттап сақтаған. Жалпы консервілеу сөзі – латын тілінен аударғанда сақтау деген мағына береді. Консервілеу техникасы 1795 жылы ойлап табылды. Ол уақытта Францияда тағамдарды дұрыс сақтауға байланысты Байқау жарияланды. Париждік аспаз Николь Франсуа Аппер жеңімпаз атанды. Ол үшін оны алтын медальмен және қаржылай сыйлықтармен марапаттап, «Адамзат жарылқаушысы» атағын берді. 1932 жылы Павлик Морозов өлтірілді. 70 жылдан аса уақыт бұрын орал тайгасынан алыс емес Геросимовка ауылында Павлик атты жасөспірім өлтірілді. Кеңестік насихат оған батыр пионерлер қатарында алдыңғы орынды алып берді. Ол туралы кинолар түсіріліп, ән шығарылды. Оның атымен пионерлер жасақтары аталды, 30-шы жылдары оның атағы шарықтау шегіне жетті. Бүгінде Павлик Морозов жайында үш түрлі нұсқа бар. Біріншісінде ол құлдықта өмір сүрген, кейін ағасымен бірге өлтірілген жасөспірім. Екінші нұсқада ұжымдастыру кезінде бай-құлақтарға қарсы күрескен мифтік тұлға. Ал үшіншісі әкесін сатқаны үшін туысқандары айуандықпен өлтірген мифтік тұлға. Павлик Морозовты бүкіл ел осы соңғы нұсқа арқылы таниды. Аталмыш нұсқа бойынша, әкесін сатқаннан кейін Павлик бір жарым жылдан соң өлген. Ал одан бұрын Морозовтар отбасында келіспеушіліктер орын алған. Соның нәтижесінде отағасы, яғни Трофим Морозов басқа әйелге кетіп қалады. Павлик пионер болды ма? Ол пионер жасында болғанмен, ешқашан пионер болмаған. Бұл уақытта елде пионер ұйымдарын құру туралы бұйрық беріліп жатқан. Алайда Геросимовка деген жер түбіндегі ауылға бұл бұйрық жетпеген де болатын. Алайда Павликтің «пионер болғаны» біреуге қажет болғандықтан, ол тек қағаз жүзінде ғана пионер атанған. ОГПУ дан келген тергеуші Павлик Морозов пионер болғаны үшін өз ағаларының қолынан өлді деп жасанды құжат толтырған. Ауылдағылар кімге сенерін білмеді, оның үстіне ауылда бірде бір пионер болмаған еді. Тіпті «Павлик Морозовтың ерлігі» деген кітап жазбақ болып келген журналист «Тарихи шындыққа сүйенсек, Павлик Морозов пионер галстугын тақпақ түгіл көрмеген де» деп жазған. 1730 жылы Райымбек Батыр дүниеге келді. Райымбек Хангелдіұлы белгілі қолбасшы, Абылай ханның замандасы, жоңғар басқыншыларына қарсы күрескен. Оның есімі аңызға айналды. Батыр Жетісу жағалауын басқыншылардан тазартуға, Тарбағатай түбіндегі шайқасқа қатысып, ерен ерлік көрсетті. Последние новости рубрики |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||