Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 953    Танымдылық: Орташа рейтинг : 3.50 Қайдан 4 Дауыстар   
25 Қыркүйек, 2009 08:46 [ТК "Эра", Астана]

120 жастағы кейуана


Әлемдегі ең көп жасаған тұрғынның бірі - оңтүстік қазақстандық Алтынай Сейдазимова. Кейуана биыл 120 жасқа толды. Сарыағаш ауданы, Береке ауылында тұратын оның үлкен ұлы тоқсанды алқымдаған. Алайда, өзінен 417 ұрпақ тараған әжей ең аз зейнетақы алып отыр.

Жаңалықтар «ЖЕТІНШІ АРНА», 24.09.09 ж, 22:30 /Айнұр Ақбаева/
Әлемдегі ең көп жасаған тұрғынның бірі - оңтүстік қазақстандық Алтынай Сейдазимова. Кейуана биыл 120 жасқа толды. Сарыағаш ауданы, Береке ауылында тұратын оның үлкен ұлы тоқсанды алқымдаған. Алайда, өзінен 417 ұрпақ тараған әжей ең аз зейнетақы алып отыр. Үш ғасырдың куәсі болған кейуанамен тілшіміз Айнұр Ақбаева тілдесіп қайтты.
Алтынай әже әлі тың. Аяғын баса алмағаны болмаса, көзі көреді, құлағы естиді. Туған өлкесіне оралғалы бері көңіл-күйі тіпті көтеріңкі. Былтыр Өзбекстаннан қоныс аударыпты. Кейуананың төрт баласынан қазір 88 отбасы түтін түтетіп отыр.
АЛТЫНАЙ СЕЙДАЗИМОВА: «Бір баламның өзінен 5 бала екі қыз. Анаусынан бес қыз екі бала. Көбейіп кеткен. Көөөп. Есептей алмаймын».
Алтынай әженің үлкен ұлы Құдайберген ақсақалдың өзі биыл сексеннің сеңгірінен асқан. Бірақ анасы бар адамдардың қартаймайтыны рас екен. Қария өзін әлі бала секілді сезінеді.
- Әй, балам, әй шәй іш.
- Иә.
- Ауқат же отырып, аш отырма.
Былтыр кейуанаға ресми түрде жаңа төлқұжат тапсырылған. Осылайша қарт ананың жасы 120-да екені нақты дәлелденген.
МҰХАМЕДҚАЛИ ӘШІРБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Бұл апамыз шын мәнінде 120 жасқа келіп отыр. Оны дәлелдейтін барлық құжаттар расталған. Және бір қуанатыны Арыс өңірінде туылған».
Алайда көп ұрпақ тәрбиелеп, соғыс кезінде еңбек еткен ана зейнетақысының аз екенін айтып қынжылады.
АЛТЫНАЙ СЕЙДАЗИМОВА: «Сонша жасап отырмын. 6 мың әшейін аз ғой. Арзымайтын нәрсе ғой. Одан 6 мыңды пенсия бердім демей-ақ қойса болады ғой. Көйлегіме жетпейді».
Ал, облыстық зейнетақы орталығының мамандары кейуананың еңбек өтілін растайтын ешбір құжаты жоқ деп отыр. Яғни, әжей зейнетақы емес жәрдемақы ғана алады.
НАУАТ ТӨРЕБЕКОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ: «Ол кісінің алып отырғаны зеинетақы емес, жәрдемақы. Ол кісі жұмыс істемегін, шалының қамқорлығында болғанын көрсетіп арыз жазған. Егер балаларының құжатын өткізсе, зейнетақы мәселесін қайта қарастыруға болады».
Қазір қарт ана үлкен ұлының қолында тұрады. Тамақ пен киім-кешектен таршылық көріп отырған жоқ. Дегенмен алатын зейнетақысы көрген бейнетіне сай болса деген өтініш бар.


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


Срочно продам квартиру 1 комнатную. Как правильно продать квартиру. | Комплексная регистрация сайта пошаговая инструкция.
©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.4027 & 14 Сұрау