|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
03.02 (14:14) Заңсыз діни ағым 03.02 (14:09) Жеті ай тергеліп, үш ай қаралған сот отырысына нүкте қойылды 03.02 (14:04) Жер саудасы 03.02 (08:00) 3 ақпан 30.01 (08:00) 30 қаңтар |
|
Франция президенті ресми сапармен Қазақстанға келдіЖаңалықтар «ЖЕТІНШІ АРНА», 06.10.09 ж, 22:30 /Хасен Молдабаев/ Бүгін Астанаға Франция президенті тұңғыш рет ресми сапармен келді. Николя Саркози Қазақстанды Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуге қолдау көрсетті. Сондай-ақ әлемдегі кейбір мәселелерді шешу үшін Нұрсұлтан Назарбаевтан көмек сұрады. Құрметті мейманның Ақ ордадағы Хасен Молдабаев бақылады. Франция басшысы өзін еркін сезінді. Жүрісі ширақ. Қазақстан президентімен келіссөз жүргізген құрметті мейманның жүзі жадырай түсті. Отырыста Нұрсұлтан Назарбаевты қостап отырды. НИКОЛЯ САРКОЗИ, ФРАНЦИЯ ПРЕЗИДЕНТІ: «Мен Қазақстанды Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуін қолдаймын. Себебі Қазақстан ОБСЕ-нің барлық талаптарын орындауға тырысып жатыр. Бұл - менің шешімім». Алайда баспасөз мәслихатында француз журналисі Саркозидің не себепті осындай шешім қабылдағанын сұрады. «Лэ Монд» тілшісі «Қазақстандағы соңғы сайлау қорытындысы туралы Францияда бәріне қанық» деді. Нұрсұлтан Назарбаев кідірместен жауап қатты. «Біз сынды дұрыс қабылдаймыз. Біздің мемлекетіміз де, демократиямыз да жас. Алайда дұрыс қадам жасап келеміз. Мақсатымыз - тәуелсіздігімізді сақтап, оны нығайтып, экономиканы көтеру. Өркениетті елдер қатарына біртіндеп жақындаймыз». Николя Саркози Қазақстанды әлемдегі кейбір шиеленістерді шешуге атсалысуға шақырды. НИКОЛЯ САРКОЗИ, ФРАНЦИЯ ПРЕЗИДЕНТІ: «Қазақстан этнос аралық қақтығыстарды шешуге атсалыса алады. Мысалы, Таулы Карабах немесе Осетия мен Абхазиядағы келіспеушіліктер. Қазақстан осы аймақта тұрақтылық орнату үшін басты рөл атқаруы мүмкін». Франция басшысы Қазақстан президентіне қарағанда ұзағырақ сөйледі. Ауғанстан мәселесі де отырыстан тыс қалмады. НИКОЛЯ САРКОЗИ, ФРАНЦИЯ ПРЕЗИДЕНТІ: «Хамид Карзай мен Ахмадинежад Қазақстан сияқты ядролық қарудан бас тартса, біз бақытты болар едік. Бұл бір мәселе. Бізге Ауғанстан проблемасын шешу үшін Қазақстанның көмегі қажет». НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ: «Біз Ауғанстан жөнінде арнайы конференция құру туралы Францияның ұсынысын қолдаймыз. Бүгінгі келіссөз қорытындысы бойынша, Ауғанстанға Қазақстан арқылы әскери қызметкерлерді тасымалдауға байланысты келісімге қол қойдық». Кездесу нәтижесінде 24 құжатқа қол қойылды. Шампанмен қағысқандары отырыстың жемісті өткенідігінің белгісі. Мұнан соң Николя Саркози «Алтын Қыран» орденімен марапатталды. Мәртебелі қонақ Қазақстанға келесі жылы тағы келуге уәде берді. 2010 жылы Астанада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшыларының саммиті өтеді. Последние новости рубрики
28.11 (10:51) Партиялық тұғырнама
25.11 (10:45) 2005 жылы тағайындалған сенаторлар жылы орнымен қоштасты 24.11 (11:32) 2012 жылы Қазақстан БСҰ мүше болуы мүмкін 25.10 (11:36) Тони Блэр - Қазақстанның экономикалық мәселелер бойынша кеңесшісі 24.10 (11:30) Кубалық өтініш 13.10 (10:57) Қазақстан ядросыз әлем құруды көздейді 10.10 (09:42) Екі ел арасындағы ынтымақтастық |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||