Технологиялар Қатысушылар Жоба туралы
Пайдаланушының аты    Пароль     
На главную
Қош келдіңіздер! «Жаңалықтар фабрикасы» - бұл Қазақстан БАҚ құралдарының өзара ақпарат алмасу жүйесі. Біз жаңалықтар жасаймыз әрі бір-бірімізден үйренеміз. Көрермен мен оқырманды қызықтырып, қайран қалдырып, көңілін көтереміз.
Бүгін
Ізденіс

Ізденіс (Google)
Салалар
   »  Ақпарат ағыны
   »  Қоғам
   »  Экономика
   »  Саясат
   »  Оқиға
   »  Мәдениет
   »  Спорт
   »  Эксклюзив
   »  Табиғат
Арнайы жобалар
   »  Атаулы күндер
   »  Сұхбат
   »  Подкаст




Rambler's Top100


Қатысушылардың сайттары





Қаралымдар: 359    Танымдылық: Орташа рейтинг : 0 Қайдан 0 Дауыстар   
7 Қазан, 2009 12:54 ["ТДК-42" телеарнасы, Орал]

«Саркози-Назарбаев» комиссиясы


Франция Президенті Николя Саркозидің Қазақстанға бір күндік сапары елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден басталды. Бұл Саркозидің елімізге мемлекеттік сапары. Екі ел басшылары бүгін Ақордада өткен кездесуде «Саркози-Назарбаев» комиссиясын құру туралы келісімге келді.

Студия:Ж/Сарқозының сапары-АСТАНА
Автор: Еркiн Карин Оператор: Ведущий : Хронометраж:00:00:35 Заданный хронометраж: 00:00:35 Расчетный хронометраж: 00:00:35 ID блока: 743036502735664 Номер блока в расписанни выпуска: 2 Блок готов: 1 Блок принят: 1 ID типа блока: 3 комментарй к блоку:
Франция Президенті Николя Саркозидің Қазақстанға бір күндік сапары елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден басталды. Бұл Саркозидің елімізге мемлекеттік сапары. Екі ел басшылары бүгін Ақордада өткен кездесуде «Саркози-Назарбаев» комиссиясын құру туралы келісімге келді. Бұл комиссия бүгінгі сапар барасында қол қойылған 24 келісім шарттың жүзеге асуын бақылайтын болады. Олардың ішінде мұнай-газ, ғарыш секілді салаларға қатысты маңызды 6 құжат та бар. Франция Президенті Николя Саркози 2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалығын қолдайтыны туралы пікірін тағы бір рет нақтылады. Тілші репортажынан.
Флаги блока:

Носители:
________________________________________
Сюжет:С/Сарқозының сапары-АСТАНА
Автор: Оператор: Ведущий : Хронометраж:00:02:00 Заданный хронометраж: 00:02:00 Расчетный хронометраж: 00:02:50 ID блока: 417422994241539 Номер блока в расписанни выпуска: 3 Блок готов: 1 Блок принят: 1 ID типа блока: 1 комментарй к блоку:
Текст: Қазақстанға тұңғыш рет келіп отырған қадірлі қонаққа дәстүрлі қонақжайлық көрсетіліп, екі елдің әнұраны ойналды. Қазақстан мен Франция Үкіметінің мүшелері екі ел басшыларымен танысып, табысқаннан соң, Президенттер екеуара кездесуге бет алды. Мұнан кейін кеңейтілген отырыс өтіп, онда Қазақстан мен Францияны байланыстырып отырған маңызды мәселер талқыланды. Тараптар Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2008 жылғы маусымдағы Парижге сапары барысында қол жеткен уағдаластықтарды бекітті. Бүгін қол қоюға 24 келісім дайындалды. Қазақстан мен Франция президенттері Каспий теңізінен Баку мен Еуропаға дейінгі магистральдық мұнай құбырын тартуға атсалысуы жөнінде уағдаласты. Енді, француз компаниялары отандық мұнайды еуропаға тасымалдайтын Ескене-Құрық құбырын салуға көмектесетін болды. Сондай-ақ франциялық компаниялар еліміздегі уран өндіруді кеңейту мен уран қорын дайындау бойынша да жобаларға қатысатын болады. Бұл жөнінде еліміздің Қазатомөнідіріс компаниясы францияның AREVA/COGEMA арева мекемесі құжатқа қол қойды. Сондай-ақ тараптар ғарыш саласында еліміздің жерлеріне спутниктен бақылау жүргізу, ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта қолдану секілді де құжаттарды бекітті. Ал, бұл айтылғандардың орындалуын енді Саркози-Назарбаев комиссиясы бақылауда ұстайды.
Екі жақты кездесуден соң ел басшылары журналситердің сұрақтарына ажупа берді. Француздық әріптесімізді ТМД елдері арасынына Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етпекші болып отырғаны таң қалдырды. Бұл орайда Президент Назарбаев Еуропалық алып ұйымға төрағалық ете отырып, Батысқа өңірді кеңінен таныту көзделіп отырғанын және батыс елдері орталық азия елдерінің ұстанымынан толық хабардар болуы үшін қажет екенін айтты.
((Снхтитр: Нұрұслтан Назарбаев -ҚР Президенті
Ал Франция басшысы Николя Саркози Қазақстанның бұл ұстанамын қолдайтынын тағы бір рет нақтылады.))
((Снхтитр: Николя Саркози -Франция басшысы))
Франция басшысы ретінде Қазақстанды бұл тұста қолдау керек деп шештім. Себебі Қазақстан ОБСЕ -ның барлық стандартарын жүзеге асыруға ұмтылып жатыр. сондықтан мен осындай таңдау жасадым. Бұл менің шешімін оны әрі қорғайтын боламын.Мен таудау жасай отырып, өз таңдауымды қорғаймын.
Бүгінгі кездесуде екі ел басшыларының пікірлері тек қана өзара ынтымақтастық та ғана емес сыртқы саяси мәселелер бойынша да біржерден тоғысты. Оның ішінде Ауғанстан мен Иран мәселесін талқыланып, Кабулда, немесе Астанада Ауғаныстан бойынша мәслихат шақыру идеясы айтылды. Сондай-ақ,келесі жылы Астанада ЕҚЫҰ-ң саммиті өтетіні туралы ойды Саркози мырза қолдап отырғандығы белгілі болды. Және саммитке Франция президенті келіп қатыспақ.Нұрсұлтан Назарбаев француз әріптестінің жалпы екі ел арасындағы байланысты нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалап, кеудесіне еліміздің жоғары мемлекеттік наградасы «Алтын қыран» орденін тақты.
Ақордада ресми кездесулерден кейін екі ел бизнесмендері арнайы форумға қатысып, Қазақстан-Франция арасындағы өзгеде ынтымақтастықтар бойынша келіссөздер жүргізді. Ал, мәртебелі мейман Николя Саркози Астананың көрікті жерлерін аралап, кешкісін еліне оралады.

ӘӘ СО ТДК-42 Астанадан
Флаги блока:
На монтаж -- 0Смонтирован -- 1
Носители:
________________________________________


Мақалаға баға берсеңіз :

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10
Жарамайды Өте жақсы

Последние новости рубрики


©2005-2010 Internews  |  info:editors@newsfactory.kz  |  О проекте
Қорытылды (сек): 0.4284 & 14 Сұрау