|
|
Бүгін
05.01 (11:56) Жаңа жыл
10.02 (15:51) Авторлық құқық қалай қорғалады? 10.02 (15:50) Айналымға 5 мың теңгенің жаңа номиналы енді 10.02 (15:45) Тегін Медеу 10.02 (12:35) Авторлық құқық 10.02 (08:45) 10 ақпан |
|
Астанада Ататүрікке ескерткіш қойылдыСтудия: Ж/Ататүрікке ескерткіш-АСТАНА Автор:Еркiн Карин Расчетный хронометраж: 00:00:20 ________________________________________ Астанада Түрік Республикасының тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің құрметіне ескерткіш қойылды. Ашылу салтанаты мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтті. Түрік елінің негізін құраған Ататүрікке арналған ескерткіш Есіл өзенінің жағасына жақын жерге қойылды. Бұл маңда Түрік елшілігінің ғимараты бой көтеруде. Тілші репортажынан7 ________________________________________ Сюжет: С/Ататүрікке ескерткіш-АСТАНА Автор:Еркiн Карин Расчетный хронометраж: 00:00:58 ________________________________________ Текст: Астана қаласында Кемал Ататүрікке ескерткіш орнату идеясы екі жыл бұрын туындаған болатын. Үкімет арнайы қаулы шығарып, міне бүгін елбасы Нұрсұлтан Назарбаев түрік елшісі Атилла Гюнаймен бірге ерекше ескерткішті ашты. Түрік елінің тұңғыш Президенті болып саналатын Ататүрік кезінде барлық түркі халықтарының басын қосуды армандаған. 15 жыл бойы Түрік Республикасын басқарды. Бүгінде Ататүрік аты өшпес тарихқа айналып отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, ол Түрік елінің бірлігін сақтап қалған қайраткер. Снхтитр: Нұрсұлтан Назарбаев -ҚР Президенті Снхтитр: Атилла Гюнай - Түрік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ал Түрік астанасы Анкарада қазақ интелегенциясы Мағжан Жұмабаевқа, Мұхтар Әуезовке, Ұлы ақын Абай Құнанбаевқа ескерткіштер қойылған. Қазақстанда өзге елдің көшбасшысын құрметтеп, ескерткіш қою рәсімі тұңғыш рет қолға алынып отыр.Бұл дәстүр одан арғы жалғасын табатын болар. Снхтитр: Әбіш Кекілбаев -ҚРПСД Өткен жылы Ататүрік ескерткішін құюға Мәдениет министрлігі екі бірдей байқау жариялап, қазақ мүсіншісі Бақытжан Әбішев жеңіп алған болатын. Мүсінші ескерткішті қоладан құйған. Ататүрік ескерткіші тұғырының биіктігі 4 метрді құрайды. Мүсіншінің айтуынша оны құюға 5,5 тоннадай қола жұмсалған. Бұл жобаға республикалық бюджеттен 87 млн 596 мың теңге қаржы бөлінді. ӘӘСО ТДК-42 Астанадан. ________________________________________ Студия: Ж/Мемлекет шығысы-АСТАНА Последние новости рубрики
28.11 (10:51) Партиялық тұғырнама
25.11 (10:45) 2005 жылы тағайындалған сенаторлар жылы орнымен қоштасты 24.11 (11:32) 2012 жылы Қазақстан БСҰ мүше болуы мүмкін 25.10 (11:36) Тони Блэр - Қазақстанның экономикалық мәселелер бойынша кеңесшісі 24.10 (11:30) Кубалық өтініш 13.10 (10:57) Қазақстан ядросыз әлем құруды көздейді 10.10 (09:42) Екі ел арасындағы ынтымақтастық |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||